Қазақстанда мұғалімдердің күшімен мектепке дейінгі жасқа келген балаларды тіркеу мақсатында жүргізілетін «санақ» жұмыстары тоқтатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Бақытжан Әбірұлы, егер Сіз Әділет, Ішкі істер дәне Денсаулық сақтау министрліктерінің мәліметтер базасын ортақ жүйеге жүктеуге тапсырма берсеңіз, оқытушылардың үй-үйді аралауын бүгін тоқтатуға дайынбыз. Бізде 100 мыңнан астам оқытушы жылына екі мәрте барлық аулаларды аралайды. Мектепке барғалы жатқан балаларды жазып алады. Бұл ақпараттардың барлығы базада болғандықтан, бұл жұмысты жасамауға да болар еді», - деді ол Үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде.
Өз кезегінде, Сағынтаев аталмыш мәселені барлық министрліктер бірге талқылай отырып шешуді тапсырды.
«Бізде КСРО кезеңінен бері қалған бір дәстүр бар, жыл сайын мұғалімдер көшелерді аралап, аудан-ауданды жағалайтын, әрбір пәтерге, әрбір үйге соғатын, санақ жүргізетін. Енді оны жасап керек емес», - деді Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берген Е. Сағадиев.
БҒМ басшысының айтуынша, аталмыш жұмысқа мұғалімдер бір ай уақыттарын сарп ететін.
«Жылына екі рет үй-үйді аралау үшін бір ай уақыттарын жұмсайды. Оларды иттер де қабады, түрлі қауіптер орын алатын. Біз бұл ауыртпалықтан мұғалімдерді босатуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сания
Көктемде, 20 наурыздан бастап тағы да үй аралайтын уақыт басталады. Бізді тағы да мəжбүрлейді. Осы жазылғандарға сүйенсек, көше араламауға хақымыз бар ма енді? Əлде бұл мəселені шешуді күзге қалдыра ма? Немесе осы көктемде "соңғы рет шыға салыңдар!" деп айта ма бастықтарымыз? Осыған жауап жазсаңыздар алғысым шексіз болар еді. Рақмет!