«Болашақ» студенті оқу үлгерімінің нашар болғаны үшін 25 млн. теңге төлейді

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / «Болашақ» студенті оқу үлгерімінің нашар болғаны үшін 25 млн. теңге төлейді

«Болашақ» студенті оқу үлгерімінің нашар болғаны үшін 25 млн. теңге төлейді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Білім, Сот, болашақ, студент — осы тақырыптарға байланысты.

«Болашақ» студенті сабақ үлгерімінің нашар болуына байланысты 25 млн теңге төлейді, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

«2009 жылы Республикалық кадрларды шетелде даярлау комиссиясының шешіміне сәйкес, С.есімді азамат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританияда «Құрылыс және архитектура» мамандығы бойынша білім алу туралы қаулы шықты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен студент арасында білім беруді ұйымдастыру туралы келісім жасалды. Келісімге сәйкес, жауапкердің академиялық үлгерімі «жақсыдан» төмен болмауы керек еді», - делінген хабарламада.

Сотта белгілі болғандай, жауапкер үлгерімі туралы бөлімдегі талаптарды орындамай, келісімді бұзған. Ол «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айырылып, шетелде білім алуға жұмсаған шығындарды қайтаруға міндеттелді.

Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен С. есімді азамат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның пайдасына 25 675 842 теңге ақша төлейді.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

«Болашақ» студенті оқу үлгерімінің нашар болғаны үшін 25 млн. теңге төлейді деген не?

Бұл бетте «Болашақ» студенті оқу үлгерімінің нашар болғаны үшін 25 млн. теңге төлейді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

«Болашақ» студенті оқу үлгерімінің нашар болғаны үшін 25 млн. теңге төлейді материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Білім тақырыбындағы материалдар Сот тақырыбындағы материалдар болашақ тақырыбындағы материалдар студент тақырыбындағы материалдар