Өлең, жыр, ақындар

Ақтөбенің Қарғалы ауданында бірде бір қазақ мектебі жоқ

Ақтөбенің Қарғалы ауданында 17 мыңнан астам адам тұрады. Олардың 32 пайызы өзге ұлт өкілі. Аудандағы 17 мектептің үшеуі орыс тілінде, өзгесі аралас тілде білім береді.

Ақтөбенің Ресеймен шекарас аудандарында қазақ тілінің жағдайы мәз емес. Тұрғындарының 32 пайызы өзге ұлт өкілі саналатын Қарғалы ауданында әлі күнге дейін бірде бір қазақ мектебі жоқ.

«Аудандағы үш мектеп орыс тілінде, өзгесі аралас. Қарғалының орталығы Бадамша ауылында бір мектеп орыс тілінде, біреуі аралас болып тұр. Аралас мектеп төрт жылдан кейін түгелдей қазақ тіліне ауыстырылады. Оған дейін бұрын мектепке қабылданған балалардың бәрі бітіріп шығады. Бала саны аз болған соң аудан орталығындағы аралас тілде сабақ беретін бір мектептің өзін толтыра алмай отырмыз»,- деді аудан әкімі Рахат Сыдықов. Оның айтуынша, алдағы 2-3 жылда аудан мектептерінің 60 пайызы қазақ тілінде білім береді деген жоспар бар.

Айта кетейік, Ақтөбенің Қарғалы ауданында 17 мыңнан астам адам тұрады. Оның 9 мыңнан астамы экономикалық белсенді топқа кіреді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айдар

Қазақ халқы сорлы халық болды ғой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар