Жаңаөзенде дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Жаңаөзенде дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді

Жаңаөзенде дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Білім, Медицина, Маңғыстау облысы — осы тақырыптарға байланысты.

Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов Маңғыстау облысының әкімімен кездесу барысында хабарлады, деп жазады tumba.kz.

Елубай Әбілов Өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында 2015-2017 жылдары моноқалаларды дамытудың кешенді жоспары мен 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу жоспары сәтті іске асырылып жатқанын атап өтті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, мектепке дейінгі 3-6 жастағы балаларды  оқытып, тәрбиелеуді қамту 72,23%-ды құрады,  облыс бойынша орташа көрсеткіш  -  83,5%. 

«Жаңаөзен қаласында №18 мектепте балалар үш ауысымда оқыса, №19, 21 мектептерде қауіп байқалатынын хабарлады. Биыл Нұрлы жол бағдарламасы бойынша 320 орындық 3 орта мектепті салу басталды. Құрылыс Рауан, Рахат және Арай аудандарында жүріп жатыр. Яғни, 2018-2019 оқу жылында 3 ауысымдық оқыту болмайды. Бұған республикалық бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлінді», - деп хабарлады қала әкімі Е. Әбілов.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов үш мектеп құрылысын 2018 жылы наурызда аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, қала мектептерінде педагогикалық, медициналық мамандар тапшылығы мәселесі көтерілді. Қала бойынша физика, математика, орыс тілі, биология пәндері бойынша 45 мұғалім және 60 дәрігер жетіспейді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңаөзенде дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді деген не?

Бұл бетте Жаңаөзенде дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жаңаөзенде дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Білім тақырыбындағы материалдар Медицина тақырыбындағы материалдар Маңғыстау облысы тақырыбындағы материалдар