Өлең, жыр, ақындар

Delphi программалау ортасында мәліметтер қорына рұқсат алудың механизмдері

Delphi7 бағдарламалау ортасында бірнеше мәліметтер қорына қатынау механизмдері бар: InterBase, Informix, IB Server, BDE, ODBC және де ADO технологиясы. Солардың ішінен біразына тоқталып өтейік.

Delphi көмегімен құрылған және файл-серверлік мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар арнайы BDE (Borland Database Engine – Borland корпорациясының мәліметтер қорының машинасы) бағдарламалар кітапханасына негізделеді. BDE әр түрлі форматтағы төмен деңгейлі DLL кітапханасының жиынтығын ұсынады. BDE Delphi-ді орнатып жатқан кезде автоматты түрде орнатылады және Windows-тің 32-разрядты нұсқамасында тіркеледі. BDE МҚБЖ-ның көптеген кестелерімен жұмыс атқара алады, мәселен, файл-серверлік (dBase, Paradox, FoxPro, Clipper), сондай-ақ клиент-серверлік (Inter Base, Microsoft SQL Server, Oracle және т.б). BDE механизмінде SQL тілінің өзінің интерпретаторы бар, яғни соның арқасында тек мәліметтер қорының серверіне ғана емес, сонымен бірге, файл-сервер кестелеріне де сұраныс құра алады.

Компьютерде BDE орнатылмаса және тіркелмесе Delphi-де жасалған және BDE механизмін қолданатын бірде бір мәліметтер қоры жұмысын жалғастыра алмайды. Бұл жағдай бағдарламаны таратуды қиындата түседі, себебі бағдарламамен бірге BDE кітапханасының жиынтығын да бірге жіберу керек болады.

BDE механизміне ұқсас ODBC (Open Data Base Connection – мәліметтер қорымен ашық байланысу) драйверлер жүйесі де қолданылады. ODBC драйверлері де BDE механизмінің функцияларын, яғни төмен деңгейлі мәліметтер қорына қатынас құрады және бағдарламамен бірге таратылады.

Microsoft фирмасының өңдеуімен жасалынған МҚБЖ мүмкіндіктерінің өзара байланысы болып табылады. Ол қолданып отырған МҚБЖ мен деңгей қосымшаларының арасындағы байланысты орнатады. ODBC қызметі - қосымшалардан таңдалып алынған ақпарат бойынша сұраныстар қабылдау және оларды мәліметтер қоры ядросының тіліне аудару .

ODBC механизмінің негізгі тағайындалуы: қосымшаларды абстрогирлейді, яғни сол арқылы серверлік мәліметтер қоры кез келген клиенттік қосымшаларға ашық, қол жеткізімді бола алады.

ODBC механизмінің артықшылығы болып оның қосымшаларды өңдеудегі қарапайымдылығы және МҚБЖ-ның кез келген қорына қатынау мүмкіндігінің болуы табылады.

Негізгі МҚБЖ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып, клиент-серверлік қосымша, ал SQL Server-дің мүмкіндіктерін пайдаланып, сервер бөлігін тағайындауға болады.

Негізгі кемшілігі мәліметтер қорына қатынау жылдамдығын баяулататын сұраныстар трансляциясы болып табылады. Клиент-сервер жүйесінде бұл олқылық сұранысты клиент-компьютерінен сервер компьютеріне ауыстыру арқылы жойылады.

Delphi7-де BDE мен ODBC- ден басқа кеңірек қарастырылып отырған ADO  механизмі қолданылады.

ADО механизмі. Delphi-де  мәліметтер қорына қатынаудың Borland Database Engine және ODBC сияқты дәстүрлі құралдары сияқты Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясын да қолдануға болады, яғни бұл технология СОМ мүмкіндіктеріне, соның ішінде OLE DB интерфейсіне негізделген.

ADO технологиясы әмбебаптылығының арқасында өңдеушілер арасында танымалдылыққа ие болды. Енді OLE DB интерфейсінің базалық жинақтамасы Microsoft операциялық жүйесінің барлығында бар десек те болады. Сондықтан да  осы жолмен мәліметтерге қатынау үшін тек ADO байланыс провайдерін көрсетіп, қажет мәліметтер қоры мен ADO орнатылған кез келген компьютерге бағдарламаны тасымалдай аламыз.

Delphi компоненттерінің палитрасында мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын, мәліметтер қорының толық қосымшасын жасай алатын компоненттер жиынтығынан тұратын ADO парағы бар.

Microsoft ActiveX Data Objects (ADO)  МҚ қосымшаларынан мәліметтерге әмбебап қатынауды қамтамасыз етеді. ADO технологиясы мен OLE DB интерфейсі қосымшаға әр типті мәліметтер негізіне бірегей қатынау әдісін қамтамасыз етеді.

Мысалы, ADO-ны қолданатын қосымша корпоративті SQL серверде сақталатын мәліметтерге де, электронды кестелерге де, жергілікті МҚБЖ-ға да бірдей қиындықты операцияларды қолдана береді. ADO арқылы кез келген мәліметке жіберілген SQL сұраныс орындалады.

Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: бұл сұранысты деректер көзі қалай атқара алады?

МҚ серверлерін көп ойлап қажеті жоқ, SQL сұраныстарын өңдеу – олардың басты міндеті. Файлдық тізбек, электронды кесте, электронды почта және т.б. үшін ADO механизмі мен OLE DB интерфейсі шақырылады. OLE DB мәліметтерді өңдеудің стандартты функцияларын инкасулирлейтін арнайы СОМ объектілер жиынтығы мен объектілер арасында деректер алмасуды қамтамасыз етіп отыратын арнайы деректер көзінің функциялары мен интерфейстерді ұсынады.

ADO технологиясына сәйкес кез келген дерек көзі (мәліметтер қоры, электронды кесте, файл), мәліметтер провайдерінің көмегімен қосымшаға қатынасатын мәліметтер қоймасы деп аталады. Қосымшадағы минимальді компоненттер құрамына байланыс объектісі, деректер тобының объектісі, сұраныстар процессорының объектілері кіреді.

Жалпы, ADO технологиясы тек өзіне OLE DB объектілерін ғана емес, қосымша мен деректер объектілерінің өзара қатынасын реттейтін механизмдерді де енгізеді.

Мұндай архитектура объектілер жиынтығы мен интерфейсті ашып әрі кеңейтеді. Объектілер жиынтығы мен сәйкес провайдер кез келген деректер қоймасына ағымдағы ADO құрылымын өзгертпей-ақ құрылуы мүмкін.

Осы кезде–ақ мәліметтер ұғымы кеңейе түседі, яғни дәстүрлі емес кестелік деректерге объектілер жиынтығы мен интерфейсті өңдеп шығуға болады.

ADO технологиясы Windows-тің жүйелік механизмі болып табылатын СОМ стандартты интерфейстеріне негізделгендіктен бағдарламалық кодтың көлемін азайтып, МҚ қосымшаларын қосымша бағдарламалар мен кітапханалардың көмегінсіз таратуға мүмкіндік береді.

OLE DB спецификациясы объектілерді келесі типтерге бөледі:

-    Тізімдеуші (Enumenator) дректер көзін немесе басқа да тізімдеуіштерді іздестіреді. ADO провайдерлерінің функционерленуін қамтамасыз етіп отырады;
-     Деректер көзі объектісі (Data Source Object) деректер қоймасын ұсынады;
-    Сессия(Session) бір деректер қоймасына жүгінетін объектілер жиынтығын біріктіреді;
-    Транзакция (Trasaction) транзакцияны орындау механизмдерін инкапсулирлейді;
-    Команда (Command) өзінің бұйрық мәтініне ие және оның орындалуын қадағалайды. Команда ретінде SQL сұранысы, мқ кестелік ұсынысы және т.б. болуы мүмкін;
-    Қатарлар жиыны (Rowset) - ADO бұйрығының орындалу нәтижесі болатын деректер жолының жиынтығы;
-    Объект қатесі (Error) ерекше жағдай жайлы ақпаратты қамтиды.

«Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
арнайы пәндер оқытушысы
Жакипова Қаракөз Турганалиевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер