ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жаңа оқу жылының алдында балаларға мектеп формасы мен сөмкені қалай дұрыс таңдауға болатындығына қатысты кеңес берді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мектеп портфелінің ауыр салмағы бала денсаулығына кері әсерін тигізеді. Ранецті дұрыс таңдай білу сколиоз, остеохондроз және жарық ауруы сияқты бірқатар сырқаттардың алдын алуға септігін тигізеді.
Арқа қоржынын таңдау кезінде келесі мәселелерге назар аударған жөн:
- арнайы қаңқасы бар, омыртқаға түсетін салмақ пен қысымды бірдей бөлетін және омыртқаны қисайтпай, баланың арқасын түзу ұстауға арналған ортопедиялық ранецті таңдау;
- иықбаулары ауыр салмақтан баланың иығын қиып кетпейтіндей ыңғайлы материалдан жасалған, жалпақ болуы тиіс. Тұтқалары ұзындығы бойынша реттелетін болуы керек, бала оны арқасында тек екі иықбауымен асынуы тиіс, бұл ретте баланың белі мен мойнын қыспауы қажет;
- ранецтің өлшемі мен салмағы баланың бойына және жасына сәйкес келуі тиіс. Ішіндегі заттарсыз мектеп рюкзагы 1 келіден аспауы тиіс. Ал ішінде заттары бар сөмкенің салмағы баланың жас мөлшеріне сәйкес келуі қажет, мысалы:
1-2 сыныптар - 1,5 кг дейін
3-4 сыныптар - 2 кг дейін
5-6 сыныптар - 2,5 кг дейін
7-8 сыныптар - 3,5 кг дейін
9-11 сыныптар - 4кг дейін.
- сонымен қатар жарық шағылыстыратын бөлшектердің болғаны абзал, бұл жолдан өту кезінде қауіпсіздік үшін қажет. Жүргізушілер тәуліктің қараңғы кезінде немесе нашар жарықтандырылған жерлерде жолдан өтіп бара жатқан баланы дереу байқай алады.
Ал мектеп формасын сатып алу кезінде баланың осы киімде 5-6, тіпті одан да көп сағат жүретінін есте сақтау маңызды. Киім өлшемін дұрыс таңдау керек және балаға ол киімде отырғанда да, жүргенде де ыңғайлы екеніне көз жеткізу қажет. Киім баланың қозғалысына кедергі болмауы тиіс, өте тар болмауы керек, себебі тар белдемше немесе шалбар іштің ауыруына әкеледі, ал тар көйлек пен сарафан тыныс алуды бұзуы мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте мектеп формасы баланың денсаулығын және қозғалыс белсенділігін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Білім беру мекемесінде ұзақ уақыт болатын баланың киімі техникалық регламенттерге сәйкес биологиялық және химиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін табиғи материалдардан тігілуі тиіс. Баланың терісі демалып, аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін гигиеналық жақсы қасиеттері бар табиғи талшықтан (жүн, мақта, зығыр, жібек) және вискозадан жасалған матаны таңдау ұсынылады.
Матаның құрамы:
- киімнің үстіңгі қабаты кемінде 35 % табиғи талшықтан немесе вискозадан;
- екінші қабаты ретінде астары 100 % табиғи талшықтан немесе вискозадан;
- блузка мен көйлек кемінде 65 % табиғи талшықтан немесе вискозадан болуы тиіс.
Сондай-ақ мектеп формасының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін мынадай критерийлер бар: ауа өткізгіштігі, электростатикалық өріс кернеулігі және бояуының тұрақтылығы.
Түс гаммасын таңдаған кезде балаңыз оқитын мектептің жалпы ережелерін басшылыққа алу керек. Сонымен бірге гигиеналық қағидаларды сақтау мақсатында бір апта ішінде ауыстырып отыру үшін мектеп киімінің бірнеше заттарын таңдап алу қажет.
Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен бастауыш сынып оқушыларының қоржыны ауыр болуы мәселесі талқыланғаннан кейін, Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп және гигиена мамандарының ұсынымдары бойынша мектептерге әр оқушыға оқулықтарды, ауыстыратын аяқ киімді және спорт керек-жарақтарды сақтауға арналған жеке шкафтар қою шешілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі