Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.
«Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Камила
Сонымен қайсысы болатын болды? Соңғысы анау сызықтарымен ба? Топастарай!
Адай
Қазақ тілі мен алықтың жаулары! Митинг ұйымдастыру керек! Бұлар халықпен санаспайды ма?
Досбол
Тырнақша нұсқадан қазіргісі дұрыс!!
Қайрат
Қалай бұны қабылдаған? Халықтың ойына құлақ асамыз деді емес пе? Ал халықтың көбі қарсы болды, логика қайда? Сонда халықтың ойы бір тиын болды ма? Менің тілімнен сасық қолдарыңды тартыңдар, жаулар!!
Анар
Неліктен ертен бұл дүниеден кететіндер біздің тағдырымызды шешу керек? Олар бүгін болмаса ертең кетеді, біз жастар қалып осы құсық әліпбиді қолданамыз ба? Біз қолданатын әріптерді біз таңдауымыз керек, бұл мәселені біз шешуіміз керек!!!
Абылай Мұрат
Апострофты нұсқа қабылданса қазақ тілді сайттар кері кетеді, бұл қазақ тіліне қиянат! Google мен Яндекс - ті қолдану үшін тек орыс тілін пайдаланатын боламыз. Өзбек тіліндегі проблема алдымызға шығады. Болмаса интеренет сол баяғы кирилде қалады да, осы нұсқаны қабылдауға шешім жасағандар халықтың және келер ұрпақтың алдында бақи мазақ болады.
Ерболат
Қарсымын!!!
Мурат Абенов
Мен мүлдем карсымын
Лаура Казбек
"қоғам қолдап отыр"??? барлық әлеуметтік желілерде де, жұмыста да, көшеде де, туыстардың арасында да қолдап отқан адам көрмедім! Қай қоғамды айтып отыр?
Алмасбек
Біздің дамымай артта қалып отқанымыздың себебін енді түсіндім, біздің жоғарыда отқандар өңшең ақымақ, жаулар екен
А. Досболов
Қаным қайнап жатыр!!! Билікті жек көріп кеттім!
Тоқтар
Бітті! Балаларды ағылшын мектептеріне ауыстырам!
Арман
Нағыз КО'ТОСТРОФА!
Әділхан
Оян, қазақ! Ойланатын уақыт болды!
Ахметтің төте жазуында дәйекше сөздің басында тұрып, бір жұмыс істейтін - сөзді жіңішкертетін еді. Ал бұнда (үтір), с-ның қасында тұрып, с-дан ш, н-ның қасында - ң, г-нің қасында - ғ, а-ның қасында - ә, о-ның қасында - ө, ұ-ның қасында ү, і - нің қасында - й, ы-ның қасында - у жасап тұрады. Ал бұл дәйекше дауыссыздарды жіңішкертеді, г-ні жуандатады, с-ны ышылдатады, н-ды пысылдатады, дауыстыдан даауыссыз істейді. Фокусник. Й мен У дыбыстары дауыстылардан кейін жазылады. Сөйтіп бұл жобада екі дауысты да, жуан дауысты мен жіңішке дауысты да қатар келе береді. Қазақ тілінің бұрынғы заңдары әдіре қалады. Сингармонизм (қазақ тіліне тән үндестік заңы) деген өтірік болып шығады. Жұрт түсініксіз дәйекшені (үтірлерді) қоюдан шаршайды да дәйекшешіз-ақ жазып, түсіне бастайды. Сөйтіп ш, ң, ә, ө, ү дыбыстары қолдыныстан шығып қалады.
"Қазақты орыс қылам",- деп жүргендердің құдайы береді. Бәріміз орыс боламыз. 26-қазаннан бастап қазаққа орыс болудың даңғыл жолы ашылды! Жүріп көр қайда барар екенсің! Немесе бәрібір болса, ұйықтай бер! Немесе көтер басыңды, аралас тіліңе қандай ойранның келе жатқанын барлап көр. Түсін. Балаңмен бірге талда. Түбіріне жет. Ең болмаса "Бұлар неге шырылдайды",- деп оқып қара, мүмкін басыңа бір дұрыс ой келер.
Каюпов Табылды парақшасынан
Мұрат
Сауатсыз нұсқа! Өз халқына жау болған билік қана халық пен ғалымдарды тыңдамай осындай әліпбиді қабылдауы мүмкін! Бұны жасап отырғандар - халқымыздың жауы деп білемін!
Мемлекеттің арналардан халыққа жалған айтудан басқа нәрсе жоқ! Халықты тек жау ғана алдайды, ал нағыз халықтың қамын ойлағандар, ақиқатты, дұрысты айтып халықтың көзін ашып, ақты – ақ, қараны – қара деулері керек!
Әр адам, өзінің құнын өзі белгілейді! Мағынасыз дәреже, құнсыз лауазым, 2-3 адамның бас сипауына бола, бүкіл халықты сатып кету – ар-ұжданға, адамгершілікке жат дүние. Құндылықтарымыз құлдырап, тіпті ауысып кеткен! Ойлану керек, ояну керек!
Qairat
A'n'gu'dikter: aldyng'y a'lipbi'den qanag'attandyrylmag'andyqtaryn'yzdan osy nusqany qabyl alyn'dar, - дегендей болды ғой )))
Жарқын
Апострофты нұсқаны қолдаушыларға ерінбей екі-үш бет жазып, оқып көріңіздер деген кеңесім бар. Сонда белгілі болады нені қолдап отырғандарыңыз. QWERTY таза ағылшын тіліне лайықталған әріп орналастыру жобасы, ешбір ел, арасында франсуз бен керман да бар, өз әліпбиін оған бейімдеп жасаған жоқ. Солардың бәрі дорақ екен де, біздің "Ғасыр ғұламасы" птушник бастаған топ данышпан екен!
Дарига
Қарақалпақ, ноғайдан, ресейдегі қазақтан алыс болатын болдық