Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды

Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Шығыс Қазақстан облысы, Білім, Сыбайлас жемқорлықпен күрес, Сот — осы тақырыптарға байланысты.

Семей қаласының №2 сотында тұрақты тіркеусіз баланы білім ордасына қабылдағаны үшін пара алмақ болған мектеп директорына қатысты үкім шықты, Семей қаласының №2 сотын баспасөз қызметі деп хабарлайды .

Директорға қатысты сот ісі бүгін соңына жетті. Сот материалдарына сәйкес, қаладағы №7 орта мектептің директорына семейлік тұрғын өтініш білдіріп, өзінің танысының балалаларын тұрақты тіркеусіз мектепке қабылдауды сұраған. Білім ордасының басшысы оқушыларды қабылдайтынын, алайда бұл қызметтің тегін болмайтынын ескерткен.  Өтініш білдірушілерден алдымен көліктің дөңгелегін сұраған. Алайда аз уақыт өткеннен кейін директор құны 63 500 теңгелік видеотіркеуіш сатып алып беруді бұйырған. Нақты қылмыс барысында, яғни параны алу кезінде мектеп басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері қолға түсірді.

Мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-бөлігі бойынша жауап беруіне тура келді. Сот үкімі бойынша, 63 500 теңгелік «сыйлық» елу еселеніп, директорға 3 миллион 170 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге, сотталушының мүлкі тәркіленіп, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды деген не?

Бұл бетте Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Шығыс Қазақстан облысы тақырыбындағы материалдар Білім тақырыбындағы материалдар Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбындағы материалдар Сот тақырыбындағы материалдар