Тікенек сымды америкалық өнертапқыш Иллинойстен шыққан фермер Джозеф Глидден ойлап тапқан. Ол 1874 жылы тікенекті сымға сәйкес патентті алған.
Сол кезде Солтүстік Америкада жекелеген фермерлік аумақтарды қоршау үшін ағаш немесе тастар өте тапшы болатын. Сондықтан да бұл өнертабыстық мүлік жергілікті жерге аса қажет болғандықтан, тікенекті сымды дайындап шығаратын түрлі үлгідегі машиналар пайда болды. Кей жылдары аталған солтүстік құрлықта сым қоршаулар миллион километрге дейін созылып жатты.
Дж. Глидденнің патенті, 1874 жыл.
XIX ғасырдың соңында фермерлер өздерінің сол заманның озық жетістіктерінің бірі болып есептелген телефонның қажеттілігін қатты сезінді. Бұл көршілермен аралас-құралас болуға, соңғы жаңалықтарды біліп отыруға, күнделікті мәселелерде кеңес алуға немесе жай ғана әңгіме айтуға таптырмас құралдардың бірі еді.
Кімнің ойына келгені белгісіз, сосын фермерлер телефон аппараттарын тікенек сымға қосып көре бастады. Өйткені ол кездегі телефон аппараттарында тұрақты ток желілерінің қоректеріне арналған ішкі батереялармен жұмыс жасап тұрды. Телефон қоңырауларын жасау үшін динамка тетігін айналдыру қажет еді. Бұл туралы тарихи фильмдерден көруге болады.
Шведтік «Эрикссон» фирмасының телефоны, 1896 жыл.
ХХ ғасырдың басында тікенекті сыммен жұмыс жасайтын телефон желісі солтүстіктегі Миссуриден Канада шекарасына дейінгі аумақты қамтыды. Кейін келе елдің оңтүстігі Техас пен Нью-Мексико жеріне дейін жетті. 1907 жылы мұндай сымды телефонды пайдаланушылар саны үш миллионға дейін жетті. Сол кездегі телефон монополисі «Белл» фирмасы болды.
Ауылды жерлерде пайдаланылған телефонның қалалық желіден айырмашылығы оның пультпен қосылатын орталық станциясының болмауы. Сондықтан да абоненттер коммуналдық пәтердегі тұрғындар сияқты алдын ала келісіп алып тұрды. Соғылған телефон қоңыраулары әдеттегідей барлық фермаға естілетін. Алайда аппаратқа тік қоңырау шалушы адам келетін. Бірнеше әңгімелесушімен телефон конференциялары жасалатын. Онда астық еттің соңғы бағасы, өрт немесе жақындап келе жатқан дауыл туралы маызды жаңалықтар ғана айтылатын
Ауыл тұрғындарының телефонмен сөйлесу мәдениеті қаламен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылықта болды. Ол қазіргі біздің интернетке ұқсайтын еді. Неге олай дейсіз бе? Қалада телефонмен сөйлескен уақытыңыз үшін компаниялар ақша алатын болғандықтан, қоңыраулар барынша қысқа болды. Ал тікенекті сыммен жұмыс жасайтын телефон қоңыраулары тегін. Сондықтан да адамдардар бірнеше сағат бойы, қазіргі итнетнет сияқты арқылы телефон сөйлесетін еді. Телефон арқылы музыкалық кеш өткізілетін, бәзбіреулер ән айтып, оны қалғандар тыңдайды. Қаладан енді келіп, газет алып келгендер болса соңғы жаңалықтарды көршілеріне оқып береді. Ал егер көршілердің біреуіне жедел хабарласу керек болса, ол телефон тұтқасын алып, «концерт» тыңдаушылардан бір минут күте тұруларын өтінетін.
Қолдан жасалған жүйе өзінің ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Жоғары кернеулі батарея мен көмір микрафон сол кездің мобильниктерімен салыстырғанда, барынша анық және жақсы шығатын дауысты қамтамасыз ете алды. Ал қалың сымдар жіңішке қос есулі сымдарға қарағанда сигналдарды жақсы беретін. Алайда сигнал күші бірден көп абонентке қосылған кезде нашарлайтын. Көпшілік жағдайлардатікенек сымға жалғанған байланыс құралына ауа райы өзінің кері әсерін қатты тигізетін. Сымдарды тартып тұратын ағаш діңгектер токты жерге тартатын. Сондықтан да сымдарды изолояторарға бекітуге тура келетін. Сол кездері қолданылған фарфорлы электр изоляторлары өте қымбат болғандықтан фермерлер оның да бір әдісін тапты. Олар құрғақ жүгері ұнтақтарын, сиыр тұяғы мен терісін аталған мақсатта сәтті пайдалана біледі..
Алайда бұл құралдың мүмкіндіктері шектеулі болды. 1920 жылдарға қарай қазіргі заманға лайықталған телефон желісі дамып, көптеген фермерлік аумақты қамтыды. Сөйтіп кезінде көптеген адамдардың хабар алмасудың таптырмас құралына айналған тікенекті сымға жалғанған телефон тарихқа айналды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі