Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
№16 колледж МКҚК
Орындаған: Қ-46 топ студенті Серікбай Бағдаулет Серікбайұлы
Жетекшісі: Парманкулов Канат Жаксымбекович
МАЗМҰНЫ
1. Мақсаты мен міндеті
2. Көрнекіліктер
3. Сабақтың түрі
4. Сабақтың барысы
4.1 Кіріспе
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
1. МАҚСАТЫ
Білім алушылардың салауаттарын кеңейту, дене жеке бас гигенасты өмір туралы ұғымын сақтау және жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
2. КӨРНЕКІЛІГІ
Білім алушылардың салған суреттері, кітап көрмесі, ұлы адамдардың қанатты сөздері жазылған плакаттар.
3. САБАҚТЫҢ ТҮРІ Пікір алмасу
4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
4.1 Кіріспе сөз
Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.
Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата-арабтың «Фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі»,-дейді.Яғни,бата-фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.
Батаның түрлері
Ақ бата Теріс (қарғыс) бата Серттесу батасы
Ақ бата-шын жүректен шыққан ізгі тілек ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама, Аллаһ Тағаладан мейірім шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты- ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке-бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешкте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата мынадай жағдайларда беріледі: Жаңа туған нәрстеге, бесікке салғанда, жас отауға, алысжолға шығушыларға, үлен бір ісіті қолға алушыларға, мал сойылғанда, қоныс, мүшел тойларда, ұлыстың ұлы күнінде, қаралы шақтарда, ас қайырғанда, аруақтарға арналған асқа, тасаттықта, садақа, құрбандыққа, ораза ұстағандарға беріледі.
Бауыржан дүниеге келгенде әкесі Момыш Әулиеатада еді.Әулиеатадан қатып келегнде ағайын жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен.
- О, Момыш, балаңның бауы берік болсын!
- Ақментей бабасындай батыр болсын!
- Ақмолда батыр бабасындай мәрт болсын!
- Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!
- Домалақ анамыз жар болсын!
Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған екен.
Имаш ақсақал: Міне ақ түйенің қарны жарылып, дүниеге ізіңді жалғар ұл перзент келіп отыр. Осы немереме ақ баталарыңызды беріңіздер.
- «Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөнінде өзіңдікі»,- депті ақсақалдар.
- Ал, ондай болса алақандарыңызды жайыңыздар!
Алатаудың қарны мол еді,-
Қырағы болсын, құлыным-
Қойнауы суға мол еді-
Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді-
Шырағы болсын, құлыным.
Ата тілегі оң еді-
Құмары болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді-
Сыңары болсын, құлыным.
Әумин
4.2 Сахналық көрініс. «Бала Бауыржанға берілген бата»
Бауыржан дүниеге келгенде әкесі Момыш Әулиеатада еді.Әулиеатадан қатып келегнде ағайын жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен.
О, Момыш, балаңның бауы берік болсын!
Ақментей бабасындай батыр болсын!
Ақмолда батыр бабасындай мәрт болсын!
Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!
Домалақ анамыз жар болсын!
Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған екен.
Имаш ақсақал: Міне ақ түйенің қарны жарылып, дүниеге ізіңді жалғар ұл перзент келіп отыр. Осы немереме ақ баталарыңызды беріңіздер.
«Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөнінде өзіңдікі»,- депті ақсақалдар.
Ал, ондай болса алақандарыңызды жайыңыздар!
Алатаудың қыраны мол еді,-
Қырағы болсын, құлыным-
Қойнауы суға мол еді-
Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді-
Шырағы болсын, құлыным.
Ата тілегі оң еді-
Құмары болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді-
Сыңары болсын, құлыным.
Әумин
Студенттерге көріністі қалай меңгергенін байқау мақсатында төмендегі сұрақтар қойылды.
1. Балалар бұл көріністе батаның қай түрі берілді?
2. Бата берген кісі Бауыржанға кім болады?
3. Осы бата қабыл болды деп ойлайсыңдар ма?
4. Бауыржан өмірде кім болып өтті?
5. Бауыржанның қандай шығармалары бар?
6. Бауыржанның қандай нақыл сөздерін білесіңдер?
Теріс бата-қарғыстң қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесінің сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірлмес күнә жсаған, баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қлданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып келген. Теріс бата алғандарды халық жек көрген, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Аллаһ Тағаладан теріс батаны өзгертіп сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым»,- деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да теріс бата беруге асықпаған. Теріс бата беруден сақ болған, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойды аулақ ұстағаны абзал. Өйткені «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады».
Мысал ретінде Созақ өңіріндегі Келіншек тау туралы аңызды баяндаймын.
Алдымен білім алушыларға Созақ өңірі жайлы сұоақтар қойылады.
1. Созақ өңірі Қазақстанның қай аймағында орналасқан? Картадан көрсетіңіз.
2. Созақ ауданы жайлы не білесіз?
3. Созақ қандай тарихи ескерткіштер бар?
Ел аузында мынадай аңыз бар.
Сонау ерте заманда Қаратау етегінде өмір сүрген атақты бір байдың Айсұлу есімді өте сұлу жалғыз қызы болыпты. Қыздың сұлулығын жан-жаққа тез тарап, қыз 15 жасқа келгенде айттырушылар тұс-тұстан ағыла бастапты. Перзентін өте жақсы көретін бай қызы қалауы бойынша ғана тұрмысқа шығатынын қатаң ескертіпті.Жігіттерді асықпай таңдаған қыз ақыры біреуіне тоқтап, әкесінен батасын сұрайды. Бай уәдесінде тұрып, Қызына 40 күнгі тойын жасайды. Той өткен соң бай 40 түйеге жасауын артып, қызын жолға шығарады. Айсұлу ауылдан ұзап, Балдысу өзеніне келген екзде көшті тоқтатып, сандықтағы жасауларын тексере бастайды. Барлық бұйымдары таза алтыннан жасалыпты да, тек жалғыз итаяғы ғана ағаштан жасалған екен. БҰған қатты ренжіген Айсұлу әкесіне адам жіберіп, итаяқты да алтыннан жасатуды талап етеді. Қызының мұнысына қатты ашуланған бай: О, жақсылықты түсінбеген қасиетсіз қызым тас бол! деп қарғаса керек. Сол замат Айсұлу да шұбатылған өште түгел тасқа айналып кеткен көрінеді. Сөйтіп, бұл жер «Келіншектау» деп аталып кетіпті.
Серттесу батасы (баталасу)-құдалықта, серт пен уәдеде, елшіліте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол-хан, ақсақалдар, билер алдында, әруақ орнында да жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып, оны бұзу яғни бата бұзу- қарғыспен тең. Қазақ баталасуды елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп тануда.
Серттесу батасын «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қарабай мен Сарыбайдың баталасуынан бейнетаспадан көреміз.
4.3 Батаны кімдер береді?
Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақлдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар. Батаны халық арасында үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен жас болса дабас боларлық жолы жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйелдер бата бермейді.
Бата берілген екзде жиналған жұрт қолдарын жайып, іштерінен «әумин»,-деп айтып, тыныштық сақтауға, бір-бірімен сөйлеспеуге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа да шаруамен айналыспауға тиісті.
Ақбата
1. Ақ батаның мағынасы алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру.
2. Ақ бата көп қолданылады, түрлері де көп.
3. Қадірлі кісілер береді .
4. Алақанын оң қаратып береді.
Теріс бата
1. Бата деп аталғаны болмаса негізінен қарғыс.
2. Өте сирек қолданылады.
3. Әке-шешесі береді.
4. Алақанын теріс қаратып береді.
Ортақ қасиеттер
1. Екеуі де бата
2. Қол жайып айтылатын дұға
ҚОРЫТЫНДЫ
Қариялар батасын береді екен,
Бата деген ақ тілеу керек екен.
Жақсы дістүр, жақсы сөз, игі тілек,
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.
Ниет, ықылас білідіріп
Әр адамға аманат.
Ата-баба дәстүрі-
Батаны біл, жамағат!
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Сыныптан тыс жұмыстар. Кезекті басылымдар
- Денсаулық журналы
- Ұстаз жаршысы газеті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі