Скейтбординг (ағылшынша skatebording) – бұл скейтбордта сырғанап, сонымен бірге әр түрлі трюктар жасалатын экстрималды спорт түрі. Скейтбордингпен айналысатын адамды скейтбордист немесе скейтер деп атайды.
Скейтборд тақтайы дека деп аталады. Оның бүгілген ұштары ноуз (nose) және тэйл (tail) делінеді – сәйкесінше алды мен арты. Дека қатты қысылған және бір-бірімен желімденген үйеңкі қабаттарынан жасалады. Кейбір декалардың астында баспалдақ таянышымен сырғанауға қажетті тағы бір қосымша пластик қабат (слик) болады. Деканың ұзындығы орташа - 80 сантиметр. Оның ені әр түрлі болады – 19-21 см аралығында.
Скейтбординг 1930 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың басында суда толқын болмағанда, сёрфингпен айналыса алмаған калифорниялық сёрферлер ортасында пайда болды. Алғашқы скейттар бекітілген дөңгелектері бар тақтайлар мен жәшіктер болған. Кейін таман жәшіктер, қазіргі кезде қолданылып жүргендерге ұқсайтын престелген ағаш қабаттарынан жасалған тақтайларларға ауыстырылды.
1960 жылдардың басында сёрфингке арналған тақтайларды өндірушілер скейтборды шығара бастайды. Осы кезде Skateboarder Magazine журналының арқасында скейтбордингтің танымалдылығы арта түсті. 1965 жылы бірнеше чемпионаттар өткізілді. Бірақ, 1966 жылы скейтбордингтің танымалдылығы төмендеп, тек 1970 жылдардың басында арта бастады. Алайда, 60 жылдардың ортасы мен 70 жылдардың басында қазіргі таңдағы танымал скейтбордтық фирмалар (Vans, Burton) дами бастады.
Скейтбординг Қазақстандағы ресми спорт түрлерінің арасында жоқ, бірақ, түрлі жарыстарда көзге түсетін балалар, елде скейтбордингтің дамуына ешқандай қолайлы жағдай болмаса да, бұл спорт түрін өз беттерімен меңгеріп алғанын шеберліктерімен дәлелдеп жүр.
Барлық экстрималды спорт түрлерінің арасында скейтбординг ең қиыны болып есептеледі. Ол денсаулық пен өмір үшін асқан тәуекелге тікелей байланысты. Скейтбордингпен айналысқанда жарақат алмау үшін қорғаныс саймандарын ұмытуға немесе елемеуге болмайды. Әсіресе, бұл жаңадан бастаған скейтбордисттерге қатысты.
Білезік қорғанысы — скейтбордистке қажетті сайман. Бұл зат тек алақанның нәзік терісін ғана емес, сүйектерді де қорғайды. Көбіне асфальтқа құлағанда интуитивті түрде қолымызбен жерді тіреп, тоқтауға тырысамыз. Сондықтан жаралау, созып алу, шығарып алу қаупі бар білекті қорғау қажет.
Тізеқап пен шынтаққап — бұл жерде тізе мен шынтақ үшін ең жақсы қорғаныс спорт мен медицинада пайдаланылатын фиксатор тектес эластикті-шұлық бекіту нұсқасы. Әдеттегі «жабыстырмаларға» келетін болсақ, оларға сенуге болмайды. Себебі, олардың әлсіз құрылысы бір-екі қатты қозғалыстан кейін тұрған орнынан жылжып кетеді. Бекіту элементтерінен бөлек тізеқап пен шықтаққаптың сыртынды жарты шар түріндегі ароматизатор-қалқандары бар, ал ішкі жағында жұмсақ астары бар. Қалқандардың міндеті тек соққыны жұмасарту ғана емес, сонымен бірге құлаған дененің жылдамдығы өшпегенше асфальтпен сырғанау.
Шлем — бұл қорғаныс элементі суперпластмассадан жасалынады. Кейде скейт денеден алдыға сырғып кететін жағдайлар болады. Сол кезде құлаудың ең қауіпті түрі – артқа құлау болады. Егер топталып үлгерілмесе, соққы желкеге түседі. Егер баста шлем болса, ол барлық соққының күшін өзіне қабылдайды.
Қорғаныс қажет, әрі маңызды! Ең алдымен бұл туралы жаңадан бастаушы скейтбордистке саймандардың қымбаттылығы мен артық шығындар туралы ұмытып, ойлану керек. Денсаулық қымбатырақ!
Қауіпсіздік шараларын сақтап, ұдайы скейтбордпен айналысу, адамға келесі пайдаларды береді:
— Қорқынышты жеңуді үйретеді, сонымен бірге әдістерді (трюктерді) үйрену үшін ынта мен шыдамдылықты дамытады. Бұл есейген шақта қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар мақсатқа жетуде дербестік пен жігерлілікті дамытады.
— Скейтбординг дененің баланс сезімін шыңдауға, координация мен икемділікті жақсартуға көмектеседі. Бұл машықтар қозғалыстағы тар тақтайдың үстінде үнемі тепе-теңдікті сақтау қажеттілігінен дамиды.
— Дамыған қашықтық сезімі, көзбен шамалау қабілеті скейтбордисттерге тән. Бұл машық жақын мезгілде барлық скейтбордистте пайда болады. Себебі, бұл спорт түрінде көз бен басқа да сезім мүшелеріне қарап, үнемі тақтай габаритін, көздеген жерге дейінгі қашықтықты және басқа да детальдарды бағалауға тура келеді. Олар трюкті дұрыс және дәл орындау үшін қажет.
— Ағзаның төзімділігі артады. Ол трюктің бір элементін шыңдау үшін бір текті қимылдарды қайталай беруден туатын дене және ой шаршауын жеңудің есесіне пайда болады. Сонымен бірге тамырлар нығайып және әлденеді.
— Ойды жинақтау мен қайрат болмаса, сенімді сырғанауды үйрену мүмкін емес. Бұл қабілеттер скейтте сырғанайтындарда үнемі жаттықтырылады.
— Ұдайы жаттығулар бұлшық еттердің дамуына ықпал етеді. Күнделікті қозғалыста болатын негізгі бұлшық еттер ғана емес, сонымен қатар ең майда және әдеттегі адамның күнделікті өмірінде сирек пайдаланылатын бұлшық еттері де дамиды. Бұл адам баланс сақтау үшін әр түрлі күш салу және әр түрлі бұлшық еттер тобын іске қосу арқылы өз денесіне түрлі күйлерді қабылдауды мәжбүрлейді. Бұл дененің ортақ сергектілігін ұстауға жақсы ықпал етеді.
Әрине, бұл қабілеттердің көпшілігі басқа да спорт түрлеі арқылы дамиды. Алайда, скейтбордингте басқа спортсмендерде әлсіз дамыған болуы мүмкін, өзінің ерекше машықтар жиынтығы бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі