Өлең, жыр, ақындар

Бір маман иесі болу

Бір маман иесі болу өте жауапты қиын іс. Мамандығын дұрыс таңдаған адам ғана бір маман иесі болатыны бәрімізге аян. Мамандық-ол сенің қаламың, ал өмір — сенің парағың. Ол парағыңа қалам арқылы не жазсаңда дұрыс жазылуы керек. Себебі уақыт кетіп жатыр, алтын уақытыңды артқа қайтара алмайсың. Мына өмірге адам болып келген соң, саналы түрде қимыл-іс жасауың керек. Сол таңдаған мамандығыңның жемісін көріп қана қоймай, мамандығыңды, айналаңды дамыту керек. Мамандығыңды өзіңе пайдалы жарат. Бұл өмірде екі нәрсені дұрыс таңдау қажет. Ең бірінші мамандығыңды, екінші өмірлік серігіңді. Осы екі дүние саған өз өміріңді құруға көмектеседі. Иә білемін, екеуі де өте жауапты істер, екеуінен де қате жібермеу керекпіз. Алайда қандай бағытпен, қандай жолмен жүрсеңде адаспай алға қойған мақсатыңды көкжиек қылып алқа қарай ұмтыл. Мамандық таңдаған кезде сен мамандықты ғана емес, өзіңе ортаны да таңдайсың. Ол ортамен сен араласасың. Сол ортада ғана сен өзіңді қолайлы, еркін ұстайсың. Сенің қоршаған ортаң, сенің айналаңдағы адамдар саған дұрыс әсер етулері керек, сенде оларды дұрыс қабылдай білуің керек. Мамандықты дұрыс таңдау ол табысты өмірдің кілті, себебі қалайынша сен мамандықты дұрыс таңдайсың, солайынша сен табысты боласың. Сен ол мамандықты сүйіп қана таңдауың керек, егерде сен таңдаған мамандыққа көңілің аумаса, егерде жүрегің ол мамандықты қаламаса онда ол сенің мамандығың емес. Мамандық таңдау өте күрделі іс, өз ісіңді таңдар алдында асығыс шешім қабылдамай, ең алдымен барлық мамандықтарды танып, саралап, ол мамандық неушін керек екендігін білуің қажет. Менің ойымша сенің мамандығың саған қандайда бір белгі береді, сен оны дұрыс қабылда. Сенің сүйікті ісің не? Сен нені қалайсың? 

Мамандық таңдау — өмірге бір кірпіш қалаумен тең. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, саясатпен шұғылдан әйтпесе саясат семен шұғылданады! Бір маман иесі бол және сол мамандығыңның жемісін көр, алға қарай ұмтыл себебі сен мықтысың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз