Шизофрения — бұл кең тараған психикалық ауру. Дегенмен көпшілік бұл ауруды дұрыс емдеген жағдайда адамның еңбекке қабілеттілігін сақтап қалуға болатынын біле бермейді.
Жастық шақта пайда болатын созылмалы психикалық эндогенді прогредиентті, этиологиясы жағынан айқындалмаған ауру.
Шизофрения науқасқа байқалмай және ақырын дамуы мүмкін. Шизофренияның алғашқы белгілері әдетте қоғамнан оқшаулану, әлеуметтік оқшаулану, эмоционалды салқындық, жақындарына және өзінің сыртқы келбетіне немқұрайлы қарау, бұрын өзін елеңдеткен заттар мен оқиғаларға деген қызығушылықтың жоғалуы. Ұйқы бұзылуы мүмкін. Жасөспірімдерде аурудың алғашқы белгілері мен өтпелі кезеңдегі мәселелерді шатастырып алу мүмкін. Баланың сабаққа үлгерімі нашарлап, достарына қызығушылығы азаяды, жабырқау немесе ашушаң болады, ұйқысы бөлінуі мүмкін.
Шизофренияның белгілерін негізгі 3 топқа бөліп қарастырады.
Психотикалық (позитивті) — бұл елестеушілік (шизофрениямен ауыратындар жиі «дауыс естиді), сандырақ (жалған көрініс, ол науқасқа өте қиын, мүмкін болса науқасты сендіру). Бұл топта шизофрения белгілері аңғару бұзылысына қатысты, өз ойын жүйелей алмайды (науқастар сөз ортасында тоқтап қалуы, мүлде жоқ сөзді ойлап табуы, сөздері ретсіз болуы мүмкін, оны түсіну қиындайды) және әдеттегіден бөлек іс-қимылдар (бір істі қайта-қайта жасайды, біртүрлі позада бір жерде қатып қалады). Шизофренияның негативті симптомдары: науқасқа әдеттегі эмоциямен әсерету қиын, олар қуана алмайды, ашушаң түрде шындықтан қашады, басқа адамдармен аз араласады. Шизофренияның когнитивті, яғни ойлау процесінің бұзылысы белгілері: науқас қазір ғана алған ақпаратын қолдана алмайды, шешім қабылдай алмайды, есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Шизофренияны анықтауға арналған бірыңғай тест жоқ. Науқаста шизофрения бар-жоғын анықтауда психиатр көмек береді. Маман тексеру жүргізіп, шизофренияны басқа белгілері ұқсас аурулардан ажырататын әдіс қолданады. Шизофренияны лажы барынша ертерек анықтап, ертерек ем бастаса, соғұрлым жеңіске жетуге мүмкіндік мол.
Америка психиатрлар ассоциациясы шизофренияны кататонды, параноидті және шырық бұзатын деп бөлудің қажет еместігін, ол емдеу түрін таңдауға, оның қаншалықты пайдалы болатынын білуге көмектеспейтінін айтты.
Дегенмен Психикалық аурулар жөніндегі диагностика және статистика басшылығы шизофренияны екіге бөліп қарастырған.
Кататонды шизофренияда науқас бірде ешкіммен сөйлеспей және бірнеше сағат, бірнеше күн бір қалыпта қатып қалса, бірде керісінше мақсатсыз белсенділік танытады, айналып жүреді, қолын қайта-қайта бұлғайды, қатты дауыстар шығарады, басқа адамдардың қылығы мен сөздерін қайталайды. Науқас оның тұрыс қалпын өзгертуге қарсылық танытып, өтінішіңді елемейді.
Келесі бір түрі шырықты бұзатын шизофренияда науқас шындықпен байланысын жоғалтады. Оның ойлары мен сөздері араласып кеткен. Киіне алмау, жуына алмау, тамақ жасай алмау, мақсатсыз сөз таластыру, көңілсіз эмоцияның пайда болуы осы түріне тән қимылдар. Кейде науқастар мүлде сай келмейтін эмоция танытады. Мысалы, салмақты әңгіме үстінде қарқылдап күлуі мүмкін.
Параноидті шизофрения — бұл сандырақ және елестеушілік, дауысты ажырата алмау. Бұл кезде науқаста мазасыздық, ызалану, сөз таластыру, зорлық әрекеттері, өзіне-өзі қол жұмсау және біреудің науқастың өзіне немесе жақындарына жамандық жасағысы келіп жүр деген ойдың болуы байқалады.
Сараланбаған шизофрения жайлы егер психотикалық сипмтомдар (сандырақ, елестеушілік) болса, бірақ көрініс толығымен кататонды, параноидті шизофренияға келеді дейді.
Шизофрения бойында аурудың асқынуы, психотикалық белгілер (сандырақ, елестеу) барынша күшті, ауру бетінің қайтуы (бұл белгілердің азаюы немесе мүлде жоғалуы) кезеңдері болады. Кейде тұрақтану кезеңін — асқыну мен беті қайту арасындағы кезді бөліп көрсетеді.
Шизофренияны емдеуге болады, бірақ толығымен емдеу мүмкін емес. Қолда бар әдістер шизофрения ауруының асқынуынан сақтайды және ауру деңгейін төмендетеді. Бүгінде бұл ауру түрімен ауыратын көптеген пациенттер әдеттегі өмір салтын ұстанып, жұмыс тауып, отбасын құрып отыр. Бірақ олар үнемі дәрігердің нұсқаулығы бойынша антипсихотикалық дәрілерді қабылдауы қажет. Кейде науқас өзіне сай келетін дәріні таңдап алғанға дейін бірнеше түрін қабылдауы мүмкін. Шизофренияны емдеуге арналған препараттар көру қабілетінің нашарлауы, мазасыздық, ұйқышылдық, бас айналу, безеу шығу секілді теріс әсер көрсету мүмкін. Науқас салмақ қосуы мүмкін. Бірақ дәрілік препараттан бірден бас тартуға болмайды, барлық әсері жайлы дәрігерге айтса, ол басқа препарат ұсынады. Шизофренияны емдеуде сонымен бірге, психотерапия, топтық терапия, сауықтыру және білім беруге арналған ем түрлері қолданылады.
Шизофренияны емдеуге арналған дәрілер антипсихотикалық дәрілер тобына кіреді. Олар асқынуларды, сандырақты, елестеушілікті жоюға немесе төмендетуге көмектеседі. Антипсихикалық заттар ішу арқылы және егу арқылы (медициналық иненің көмегімен) қабылданады. Бүгінгі уақытта екі аптада немесе айын бір рет қабылдауға болатын ұзақ уақыт бойы әсер ететін препараттар бар. Шизофренияны емдеуге арналған препараттар көру қабілетінің нашарлауы, мазасыздық, ұйқышылдық, бас айналу, безеу шығу секілді теріс әсер көрсету мүмкін. Науқас салмақ қосуы мүмкін. Бірақ дәріні тек дәрігер ауыстыра алады.
Шизофрения мүгедектіктің көрсеткіші болуы мүмкін, бірақ ол шешімді медико-әлеуметтік экперт саласының мамандарынан құралған комиссия қабылдайды. Зерттеулердің нәтижесі АҚШ-та шизофрениядан зардап шегетін 70% науқас жалпы ережелер негізінде жұмысқа тұрғысы келетінін көрсетті. Бірақ олардың 15% ғана жұмысқа тұра алады. Жұмыс істеп ақша табу арқылы шизофрениямен ауыратын науқастар өздерінің қоғамға керек екенін сезінеді. Одан бөлек, ұжымда жұмыс істеу әлеуметтік дағдыларын жақсартады. Жұмыс істейтін науқастар күйзеліс пен стрестен, шаршап қалудан сақ болғаны жөн. Ұлыбританияда олар қысқартылған немесе босатылған жұмыс тәртібімен жұмыс істейді. Егер науқас жұмыс істемесе, оған қаржылық көмек тағайындалады.
Орындағандар: (рх-16-01)
Алибай Алтынай
Әбибуллаева Әлия
Жамит Акмаржан
Исимова Мерует
Жетекшісі: биология ғылымдарының доценті Чунетова Жанар Жумабеккызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі