«Сәрсенкүл апай». Бұл Құрсай ауылының үлкені де, кішісіне де жақсы таныс алтын есім. Өйткені, Сәрсенкүл Жұмақова осындағы «Құрсай» сегізжылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Өзінің тынбай ізденуімен, жұмысты бар ынта-жігермен атқаруымен оқушылардың да, әріптес мұғалімдердің де ілтипатына бөленген құрметті ұстаз.
Сәрсенкүл әжеміздің ұстаздық еткеніне 33 жыл болды. Ол жылдарда оның қолынан қаншалықты жас түлеп ұшып, еселі еңбегімен, ғылымдағы табыстарымен елге танылған азамат шықты. Олардың арасында Сәрсенкүл апайларының жолын қуып, ұстаз болғандары қаншама. Тіпті апайларына еліктеп физика ғылымының соңына түскендері, бұл жолда едәуір табыстарды еншілеп отырғандары да бар.
— Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында, дейді байырғы ұстаз, — физика ғылымының алдында қойылып отырған талаптар ауқымды да күрделі. Сондықтан ол күн санап қарышты қадаммен өсуде. Оның табыстарынан, ғылымда болып жатқан жаңалықтардан қол үзіп қалдың-ақ жұмысыңнан мән бермей мән кетті дей бер. Өйткені, кешегі білгенің бүгінге өлшем емес. Оқушыларды тек мектеп бағдарламасымен ғана шек қоймай, оларға бұл өскелең де өресі биік ғылымның қазіргісі, келешегі жайлы кең мағлұмат беріп отыру керек. Сонда ғана оқушылар сенің сабағыңа зейін қойып, қызыға ізденетін болады.
Иә, бұл Сәрсенкұл Жұмақова әжеміздің сонау ұстаздықты мұрат тұтқан алғашқы жылдрадан-ақ берік ұстанған дәстүрі. Осы дәстүрге берік ол отыз үш жылдың ішінде өзі оқытқан балалардың санасына блім нәрін құюдан еш жалыққан емес. Оған тән қасиеттердіңең бастысы — еңбексүйгіштік. Сәрсенкүл әжеміз сонау студент кезінің өзінде ізденіштігімен, еңбексүйгіштігімен көзге түскен болатын. Ол Шымкент педагогика институтында оқып жүрген кезінде талай ғылыми баяндамалар жасап, құрбыларының көзіне түсті. Ауыл шаруашылығы жұмыстарында белсенді жұмыс істегені үшін Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен наградталды, ССР Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесінің медальін алды.
Ол ұстаз болып еңбек еткен жылдарда да талай наградаларға ие болды. Оның жасаған баяндамалары сан рет ауданадық, облыстық педагогикалық оқуларда жоғары баға алды. Бұл үшін ол аудандық, облыстық оқу бөлімдерінің грамоталарымен бірнеше рет наградталды.
Өз мамандығына байланысты талмай ізденімен бірге Сәрсенкүл апай қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Отыз жылдан бері КПСС мүшесі Сәрсенкүл Жұмақова сол жылдарда бәріне нағыз коммунистке тән қасиетпен партия саясатын насихаттауға үлесін қосып келді. Насихатшы ретінде ол атқарған жұмыстар, бұл орайда оның осы күнге дейін қол жеткізген табыстары өз алдыңа әңгіме етуге тұрарлық.
Әсел Рысбекова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі