Өлең, жыр, ақындар

Мен кіммін?

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының lll курс студенті Саргубенова Шолпан

Дүниедегі жер басып жүрген әрбір пендені осы фәниде бір рет болсын "Мен кіммін?" деген сұрақ мазалайды. Руxани жағынан алып қарағанда, біз бір Алланың құлымыз,соған құлшылық етуші және жәрдем сұраушымыз. Ал, табиғи жағынан  алып қарадыңыз ба? Не үшін өмір сүріп жүрмін? Не істеп жүрмін?! Артымнан қандай із қалдырып бара жатырмын? Осы ой мені күнде мазалап тұрады. Әрбір атқан таң үшін өзіңізге жоспар құрып, жатар алдында есеп беру адам баласына таптырмас дүние. Кейде жаңа күніміз басталған кезде "бүгін менің күнім, бүгін өмірімді жаңа парақпен бастаймын" деп өзімізді жұбатып немесе алдап-сулап қоятынымыз бар... Егерде жер бетіндегі адамдар өзінің не үшін өмір сүріп жатқанын анық, дұрыс білсе, титтей де болсын өзін бақытты сезінер еді...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз