Профессордан тағы бір стресс сабағы — Мотивациялық мақалалар тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Үлкен өмірге қадам басып, өмірдің ыстық-суығын шынайы сезініп, мансап баспалдақтары мен тіршілік атты ағында ілгерілеп келе жатқан бір топ түлек өздері бітіріп шыққан Университеттің оқытушысы, әрі профессор ағайларына қонаққа келеді. Жағдай сұрасу барысында түлектердің бірнешеуі өмірдің қырбалаңы мен стресті сәттерін айтып ұстазына мұңын шаға бастайды. Келген қонақтарға кофе ұсынбақ болған профессор асбөлмеге кіріп, үлкен термосқа кофе демдеп, шыны, қыш, фарфор секілді арзанынан бастап қымбатына дейінгі әртүрлі ыдыстарды қонақтардың алдына алып келеді. Шәкірттер бір-бір ыдыстан алған соң, бәріне термостағы кофені құйып шығады. Өзі де отырып жайғасқаннан кейін шәкірттеріне қарап былай дейді:
— Байқаған болсаңдар бүкіл бағалы ыдыстар алынып, арзан көріністегі стакандар орнында қалып қойды. Өзің үшін ең жақсысын қалауларың қалыпты нәрсе, дегенмен сендердің «стрес» деп айтып отырған келеңсіздіктеріңнің негізгі себебі де осы. Стаканның құр өзі кофенің сапасына ешнәрсе қоспайды. Бар болғаны аса бағалы және қызметі ішкеніңді сақтаумен ғана шектеледі. Негізінде бәріңнің талабың кофе болатын, стакан емес еді. Бірақ саналы түрде ең жақсы стакандарға қарай ұмтылдыңдар және кім қандай стакан алғанын көру үшін бір-біріңнің қолыңдағы стакандарға көз жүгірте бастадыңдар... Ойланып қарасаңдар, өміріміз осы кофе іспетті. Ал жұмыс, ақша, қоғамдағы жай-күйіміз — стакан. Бұлар өмірді ұстап тұру үшін қажетті құрал және таңдайтын стаканымыз өмірдің сапасын белгімейтініндей, оны өзгертпейді де. Кейде тек стаканға шоғырланып, Жаратқанның сый қылып берген кофесін, яғни өмірдің дәмін сезінуді ұмытып қоямыз. Сендерге айтар ақылым — кофенің дәмін сезініңдер! Басқалардың қолындағы стаканға қарауды доғарыңдар!..
Жұмыстың астында езіліп қалмау керек
Айдан
Мағыналы тәмсіл екен
Айша
Керемет пайдалы
Айша
Өте пайдалы
Дастан
Профессордың бұл мысалы нағыз өмір сабағы. Кофе мен ыдыс арқылы түсіндірген стресс және өмірдегі маңызды нәрсені дұрыс бағалау идеясы өте түсінікті әрі терең ой салады. Әсіресе, қазіргі шапшаң, қобалжулы өмірде әр адам өз «ыдысын» толтырудың орнына, өмірдің дәмін сезіне білу керектігін ұғынады. Мақала тек мотивациялық емес, сонымен қатар практикалық кеңестер береді: стрессті дұрыс басқару, қазіргі сәтті бағалау және кішкентай қуаныштарды байқап өмір сүру. Мұндай мақалалар әр оқушы, студент немесе кәсіби маман үшін нағыз шабыт көзі. Профессордың қарапайым мысал арқылы түсіндіру қабілеті мен мақаланың жеңіл тілде жазылуы оны қазақша мотивациялық әдебиетте ерекше етеді.
Жазира
Бұл мақала – нағыз өмірлік сабақ! Профессордың түлектерге айтқан кофе мен ыдыс туралы әдемі мысалы арқылы стресс, өмірдің мәні, қазіргі заманның қысымы туралы терең ой түйінделген.
Өмір – кофе сияқты, дәмді сезіну керек. Ал стресс көбіне «ең жақсы ыдыс» үшін күресте, салыстыруда, басқалардың қолындағыны қызғануда пайда болады екен. Қарапайым, бірақ жүрекке жететін ой! Қазіргі шапшаң өмірде, әлеуметтік желідегі «көрсету» заманында бұл мысал өте өзекті.
Стрессті басқару, бақытты болу үшін қарапайым нәрселерді бағалау, өз өміріңе шоғырлану – міне, профессордың басты кеңесі.
Жұмыста шаршағандарға, өмірдің қысымын сезінгендерге, әсіресе жас мамандарға, студенттерге міндетті түрде оқуды ұсынамын. Бір оқып шықсаңыз, көңіліңіз жеңілдеп, ойыңыз өзгереді. Керемет әңгіме! ❤️