Америкалық құндылықтар институты тарапынан жарияланған «Fatherless America» (әкесіз Америка) атты еңбекте, кітаптың авторы Дэвид Бланкенхорн [David Blankenhorn] былай дейді: «Батыстықтар күн өткен сайын әкесіз қоғамға айналып барады. Бүгін Америкалық балалардың 40 пайызы әкелерінен бөлек өмір сүруде. Отыз жыл алдын бұл көрсеткіш 20 пайыз болатын. Бұл елде балалардың жартысынан көбі балалық шақтарын әкеден жырақ өткізуде. Қоғамда «бақытты баланың» азаюының ең басты себебі осы». Батыстық ғалымдар әлеуметтік келеңсіздіктердің негізгі себебін келесі буынды құрайтын балалардың үйлесімді отбасылық ортада өспеуінде деп болжауда. Басқаша айтқанда келеңсіздіктердің негізгі себебі: батыста әке статусының, әке беделінің құлдырауында деп тапшылайды. 1960 жылдары Америкалық отбасылардың 75 пайызы дерлік әке, ана, баладан тұратын. Бүгінгі статистика бойынша бұл көрсеткіш үштен біріне төмендеген. Бүгін 100 әйелден 30-ы әкесіз, яғни некесіз бала табуда. Зерттеу жүргізген жазушы Бланкенхорнның айтуынша бүкіл келеңсіздіктердің негізгі себебі бала өмірінен әкенің алшақтауы. Бала психологиясы тақырыбында зерттеу жүргізген Доктор Бенджамин Спок былай дейді: «XIX ғасырда және XX ғасырдың басында батыста әке-шеше, ата-әжеге құрмет, үлкендердің жасына, тәжірибелеріне құрмет ұстанымы отбасыға үйлесімділік беретін. Әке отбасының басшысы саналатын, әке осы міндетін салмақтылықпен атқаратын. Балалар үйдегі үлкендерді құрметтейтін. Ал бүгін тек анадан тұратын немесе тек әкеден тұратын отбасы тіршілігінде келеңсіздіктер көп. Қарттар құрмет көру былай тұрсын, олар адам құрлы саналуды үміт етеді. Қазір әкелер дастархан басында немесе өзара сұхбаттарда жетекшілік ететіндей әсерде емес. Комедиялық киноларда әкелер көбінесе алаңғасар әрекет ететін, масқара тұлға ретінде көрсетілуде. Бұрындары тамақтану уақытында бүкіл отбасы бірге жиналуы маңызды әдет еді. Бүгінде бұл маңызы жоғалды. Тіпті кей жерлерде отбасы болып дастархан басына бірге отыру үрдісі мүлдем жоқ».
Батыстың дабыл қағып жатқан осындай келеңсіздіктер батысқа еліктегіш келетін біздің қоғамда да көрініп жатқаны жасырын емес. Мұның алдын алуға, ал алдын алу үшін дәстүрлі отбасылық құндылықтарымызға бекем болуға талпынуымыз керек. Ұл баланы жастайынан ер мінезді етіп тәрбиелеу керек.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Дана халқымыз «Әке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ» деп, отбасыдағы әркімнің орнын әдемі сипаттаған. Әке — асқар тау, үйдің отағасы (басшысы), асыраушысы, қамқоршысы. Отбасының күн көрісі, напақасы, тәлім-тәрбиесі әке мойнындағы маңызды міндет. Ананың да қызметі айрықша. Ана — отбасының ұйытқысы, бақ-берекенің, мейірімнің бұлағы. Аналарымыз «әкеңнің рұқсатын ал», «әкеңнің батасын ал» деген сияқты сөздермен әке мерейінің үстемдігін, қадірінің асқақтығын білдіріп отырған. Отбасыда әкенің де, ананың да балаға берері мол. Сондықтан қоғамның салауаттылығы үшін отбасыда әкенің де, ананың да бар болуы, сондай-ақ әкенің бас болуы, яғни әулет басшысы болуы маңызды. Отағасы, яғни әкелік беделі (үстемдігі) жоқ үйде береке болмайды. Әке — отбасының тірегі. Тірексіз отбасы әлсін тербелісте-ақ құлдырайды.
Бала тәрбиесіндегі негізгі факторлар
Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік
Рухани мықты балаларды тәрбиелеуге арналған 8 ойын
Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым..."
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі