Өркөкіректікте басқа кемшіліктердің жақсы қасиеті жоқ - ол жасырын бола алмайды.
Біздің қай бұлаққа жататынымызды ойлануға итермелейтін қысқа тәмсіл:
Бес-алты жасар бала орманда ата-анасымен серуендеп жүріп таза бұлақты көріп қалады. Ол таза суды ішіп алған соң, қызық үшін, қолына бұтақ алып, бұлақты лайлауға кіріседі. Бұлақтың түбі жер болғандықтан, бетіне лай, құлаған жапырақтар мен түрлі қоқыс шыға бастайды. Бір кездері мөлдір болған су ішуге жарамай қалады. Балақайға бұлақтың кір суына қарау ұнамай қалады. Ол бұтағын суға тастап, анасына қарай жүгіре кетеді.
Ал тау басында тағы бір бала тау бұлағымен ойнайды. Ол да суды бұтақпен лайламақ болады. Бірақ бұлақ түбі тасты болады, ол бұл ісінен түк шықпағандықтан бұтақты сындырып, әрі қарай жүгіре кетеді. Ағынды су бұрынғыдай тап-таза күйінде тұрады.
Кейбір адамдар таза бұлақ сияқты сыртынан мейірімді, елгезек көрінеді. Бірақ абайсызда оны ренжітіп алсаң, жанының түбінен менмендік, ұсақтық, өркөкіректік пен ескі реніштері орман бұлағындағы балдырлар мен қоқыстар сияқты бетіне қалқып шығатынын көруге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі