30 жасқа құттықтау
Артта қап балдырған шақ, балауса күн,
Отызың құшақ ашты – алау шағың.
Алатау аясында жүйрік мініп,
Жүйткіген күндеріңді көп аңсадың.
Туған күн,
Өткен дәурен түседі еске,
Бәрі айналғандай түс-елеске.
Өрлесең өркен жайып қия, шыңға,
Ардақты әкеміздің күші емес пе!
Қаумалап айналаңды қызың, ұлың,
Балынан таттық тірлік қызығының.
Құлыны орда бұзар жасқа жетіп,
Анаңның жайнай түсті жүзі бүгін.
Өмірдің мәні алға ұмтылуда,
Талпындың мақсат – тауға бір шығуға.
Бақыттың кілтін бәлкім таппас па едің,
Кезінде кездеспесең бір сұлуға.
Өзіңді жүреміз біз арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет,
Жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық!
*** *** *** ***
Басқа да жазбалар
-
Туған күнге 100+ тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
-
Туған күнге тілек – әйелге, ер адамға, балаға арналған 200+ әдемі тілектер
-
Наурыз мейрамы тақпақтары – 22 наурызға арналған ең әдемі өлеңдер
-
Туған күнге арналған ең әдемі тілектер – Шын жүректен құттықтаулар
-
Туған күнге арналған ең әдемі құттықтаулар – мағыналы, ұзақ, дайын мәтіндер
-
Туған күнге құттықтаулар – 20 бірегей тілектер
-
2026 Жаңа жыл құттықтау тілектері – ең әдемі, қысқа және ресми тілектер
-
16 желтоқсан құттықтау тілектері – Тәуелсіздік күніне арналған ең үздік сөздер
-
Қазақша туған күнге арналған 100 қысқа құттықтау
-
Әкеге арнау
-
Туған күнге арналған ең әдемі құттықтау тілектер (қазақша, шын жүректен)
-
Туған күнге арналған жүрекжарды тілектер – қысқа да, әсерлі 20 құттықтау
-
Ұл балаға берілетін бата
-
Балаларға, жастарға бата
-
Ақ бата
Улжалгас
оте керемет олен жолдары