Өлең, жыр, ақындар

Ана 70 жас туған күнің құтты болсын!

Тойға тарту жыр

Анамыздың 70 жасына толған мерейтойымен құттықтаймыз!
 
Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,
Анадан қуат алған жарты ғалам.
Құны мен қасиеті тозбайтұғын
Біз үшін Ана деген алтын адам.

Анажан, көп көрдіңіз қасіретті,
Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті.
Орнында бар оңалар дегендейін,
Жаратқан шапағатын шашып өтті.

Әкеміз ....... бірақ көре алмады,
Ішінде кетіп еді көп арманы.
Аруағы оның Сізге ырза шығар,
Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы.

Ырыс боп ....... ата әулетіне,
Келесіз бақ боп дарып дәулетіне.
Біздерді жеткізем деп жан салдыңыз,
Ананың бала деген бауыр еті де.

Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,
Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.
Мың жасап үрім-бұтақ ортасында
Мәңгілік үстем болсын мерейіңіз!

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

70 жасқа құттықтау

Мама туған күнімен құттықтау, тілек

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Әбіләз

Баршаға жақылық тіледім

Бейсек

Рахмет, пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз