1917 жылдың ұмытпасам, март айы. Ол кезде қожайындар жер үстіне шығарылған көмірден жұмысшылардың көмір алып жағуына рұқсат етпейтін. Әркім өзі шахта ішінен арқалап алып шығуы керек. Сондықтан шахта астында жұмыс істемейтін жұмысшылар қырдағы көмірден ұрлап жағады.
Аты есіме түспей отыр, бір ұста бар еді. Көктайша деген ұстамен бірге жұмыс істейтін. Күлдібай ма екен? Әйтеуір әлеуметті жігіт еді.
Сол бір күні жағайын десе үйінде отыны жоқ. Шахта басына барады да, көмірдің бір үлкен кесегін иығына қондырып алып келе жатады ғой. Алдынан қожайынның итаршыларының біреуі шыға келеді де, оны көріп қалады. Байқаусыз өтіп бара жатқан кісінің тізесінен әлгі сұм таяқпен беріп жібереді. Өзінің арқалап әкеле жатқан көмірі аяғына түсіп, содан әлгі жігіт ақсақ болды. Жерге түскен көмірі екі жарылып түскен екен.
Ертеңінде әлеуетті жігіттер әлгі көмірдің сынығының өзін орнынан қозғалта алмады. Жұрттың айтуына қарағанда, әлгі көмірдің ауырлығы 9 пұттай еді дейді. Не деген күш десейші! Бір жарым центнерді арқалап жүрген.
Сол жылы Қарағандыда жұмысшылар советі құрылды. Бастығы Никитин деген орыс болды. Жігіт-ақ еді. Никитин бастық болғаннан кейін бастығы Күлдібайды аяғынан ұрып құлатып жүрген Қара Иван дейтін орыстан құнын әперді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі