Қожағұл деген момын кедей ертеде Түркістан қаласына келіп, өзінің Талжан деген таныс делдалының үйіне қонып отырады. Талжан әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келген Қожағұлға қаладағы саудагерлердің бірін мақтап, бірін даттап әңгімесін соза беріпті.
Шыдамы таусылған Қожағұл:
— Талеке, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлерің өзі тамақ іше ме екен?! — депті. Көп сөйлеп кеткенін сезген Талжан сонда барып:
— Бәйбіше, тамағыңды әкел, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі