Пошта таратып Буыршынға көп баратын Қоштай мәнтісін аса қымбатқа сататын бір аспаздың сараңдығына сұғын қадап жүреді. Ол жұмысын орналастырып қойып, көше бойлап келе жатып, есік алдында:
— Өзі ыстық мәнті, тіл үйіретін бал мәнті, жегендер жеп қалды, жемесеңдер құр қалды, — деп аузы-аузына тимей тұрған аспазды көреді. Осының кереметін бір көрмеймін бе деп ойлап, азандап тұрған аспаздың қасына барып:
— Әй, мәнтіңді жегісі келген адамдардың бәріне бересің бе? — деп сұрайды.
— Ақымақ-ау, адам жесін деп пісірмегенде, ит жесін деп пісіреді ғой дейсің бе? — деп шытынайды аспаз.
— Онда маған беретініңді бер, — дейді Қоштай.
Аспаз оны ас үйіне бастап кіреді де, табақ мәнтіні алдына қояды. Қоштайдың мәнтісінің денін жеп бола бергенде:
— Екеуіміз баяғыдан тамырмыз, — деп аспазды арқаға қағып қояды. Сөз нарқына әбден түсінбесе де аспаз:
— Солай, солай, — деп изектейді.
Мәнтіні тауысқан соң Қоштай рахметін айтып, жүрмекші болады. Аспаз оның жолын тосып:
— Ақшасын сал! — дейді.
— Ақша өзіңде, менің немді аласың, — деп Қоштай бұлқынып кетпек болады. Дес бермесін көрген аспаз жағаласып Қоштайды сақшыға апарады. Мән-жайды ұғысқан сақшы адамдары:
— Мәнтісін жепсің, ақшасын неге бермейсің, — дейді. Сонда Қоштай:
— Баяғыда осы өңдес саудагер біздікіне барып қонғанда, семіз серкешімді сойып берген едім. Бүгін қасынан өте бергенімде «жақсы мәнті даярладым, жемей кетсең, өкінесің» деп айғай салды. Баяғыда өзім серкеш сойып берген саудагерім осы екен ғой, мені таныған соң жақсылыққа жақсылық істеп тамағын дайындап әдейі шақырған екен ғой деп ойладым да, үйіне барып мәнтісін жедім, менің сондағы жақсылығымды білер ме екен деп «екеуіміз баяғыдан тамырмыз, а, саудагерім» деп едім, «солай», «солай» деп шұлғи кетті. Мынау мен серкеш сойып берген саудагердің дәл өзі. Бұған бір семіз серкештің етін сатпай берсем, табақтағы домалақ бірдемесін маған неге сатып береді деп Қоштай да аспазға тептеп ежірейіпті. «Ақша бермей, құтылып кете ме» деп қауіптенген аспаз да өндіршектеп болмапты.
— Менде соқыр жармақ жоқ, — дейді Қоштай сақшыларға, — сондықтан мынаның үйіне барып, жата тұрайын. Жеменейдегі үйімнен мынаның аласы ақшасын алғызып беріңдер. Бұл сөзді есіткен саудагер Қоштайға қарамай зытып беріпті. Қоштай өз жайына кетіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі