Өлең, жыр, ақындар

Маргарет Тэтчер

Маргарет Хильда Тэтчер (ағылш. Margaret Hilda Thatcher; 13 қазан 1925, Грэнтем — 8 сәуір 2013, Лондон) — 1979—1990 жылдары аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі, баронесса (1992 жылдан бастап). Бұл лауазымда болған алғашқы және әзірше жалғыз әйел адам. Сонымен қатыр, еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі. Тэтчердің премьерлігі XX ғасырда ең ұзақ саналады. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны, әрі «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен.


Нақыл сөздері

Үйді басқарудағы туған мәселелерді түсінетін әйел ел басқарудағы мәселелерді де түсінеді.

Ілмектер: әйел, басқару, ел Маргарет Тэтчер

Менің қол астымдағы министрлердің көп сөйлегені маңызды емес. Бастысы, менің айтқанымды бұлжытпай орындасын.

Ілмектер: сөз, сөйлеу Маргарет Тэтчер

Барлық еркектер әлсіз, әсіресе, джентельмендер осал болады.

Ілмектер: еркек, джентельмен, әлсіз Маргарет Тэтчер

Істі талқылағыңыз келсе – ер адамға, жүзеге асырғыңыз келсе – әйел адамға барыңыз.

Ілмектер: еркек, әйел Маргарет Тэтчер

Әрқайсысын жеке-жеке тыңдап шықпасаң, бәрін түсіну мүмкін емес.

Ілмектер: түсіну, тыңдау Маргарет Тэтчер

Еуропа тарихпен құрылды. Америка философиямен құрылды.

Ілмектер: Еуропа, тарих, философия, Америка Маргарет Тэтчер

Әңгімелесушімен тіл табысу үшін оған бас шұлғи беруге міндетті емессіз.

Ілмектер: әңгімелесуші Маргарет Тэтчер

Экономикалық бостандық болмай өзге бостандық та болмайды.

Ілмектер: бостандық, экономика Маргарет Тэтчер

Әркім Эверестке өзі үшін шығады, бірақ шыңға елінің туын тігеді.

Ілмектер: ел, ту, Эверест Маргарет Тэтчер

Тегін ірімшік тек қақпанда болады.

Ілмектер: тегін, қақпан Маргарет Тэтчер

Егер пойызбен жүрмейтін болсаңыз, оның жылдам не баяу жүруіне бас қатырмайсыз.

Ілмектер: бас қатыру, ойлау, пойыз Маргарет Тэтчер

Жауыңды жақсылап танып алсаң, кейін оның досына айналасың.

Ілмектер: жау, дос Маргарет Тэтчер

Мен өте шыдамдымын, бәрібір ең соңында менікі дұрыс болады.

Ілмектер: шыдамдылық Маргарет Тэтчер

Пікірлесіңізді құптай беру – онымен жақсы тіл табысудың жалғыз жолы емес.

Ілмектер: тіл табысу, пікірлес Маргарет Тэтчер

Мен аргументті жақсы көремін, айтысқанды да, бірақ мен отырып алып, менімен келісе бергенді күтпеймін, Сізге жалақы келіскеніңіз үшін төленбейді

Ілмектер: аргумент, келісу, айтысу, жалақы Маргарет Тэтчер

Қарап көріңіз