Өлең, жыр, ақындар

Теодор Драйзер

Теодор Драйзер (Theodore Herman Albert Dreiser, 1871 жылы 27 тамызда Терре-Хот (Индиана штаты) дүние келіп, 1945 жылы 28 желтоқсанда Голливудта қайтыс болған) — америкалық жазушы, қоғамдық қайраткер.


Нақыл сөздері

Адам іші — алақұйын.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Өнер — жанның табан ет, маңдай термен сығып алған шырыны.

Ілмектер: өнер, маңдай тер, жан, шырын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Алтын креслода отырып күйіп кетуге кім келіспесін?

Ілмектер: алтын, кресло, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана.

Ілмектер: сөз, көлеңке, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Жоқ, жан шошырлық жағдайға тап болмай тұрғанда, ақшаның бәрін көйлекке жұмсап үлгеру керек!

Ілмектер: ақша, көйлек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Сіз ағашқа қарап тұрып оның алыптығы мен күшіне қайран қаласыз, ал кішкентай гүлді қош иістен басқа берері жоқ деп сөге көрмеңіз.

Ілмектер: ағаш, гүл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алып, күш, кішкентай, қош иіс Теодор Драйзер

Төменге кететін жолда аялдама аз болады.

Ілмектер: төмен, жол, аялдама, аз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Қысқасы, өмірдегі басты нәрсе — сол өмірдің өзі.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Үлкен ақыл иелерінің өмірін де сұрқай бояулар бүркейтін сәттер болады.

Ілмектер: сәт, ақыл, үлкен, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Бай адам қоңыраулы мысық секілді: тышқандар оның қайда, не істеп жүргенін біліп отырады.

Ілмектер: бай, байлық, мысық, қоңырау, тышқан, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Тірі жан атаулыда әйел тек әйелден ғана қорқады, қорыққанда да ақылдысы мен сұлуынан.

Ілмектер: әйел, қорқу, қорқыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл, сұлулық Теодор Драйзер

Біздің заманымызда сөз қылар ештеңесі жоқ адам ғана өсекке ілінбейді.

Ілмектер: заман, өсек, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Қарап көріңіз