Өлең, жыр, ақындар

Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955).


Туындылары Нақыл сөздері

Мәдениеттің мәйегі - кітап.

Ілмектер: мәдениет, кітап, афоризм, нақыл Шерхан Мұртаза

Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.

Ілмектер: шындық, афоризм, нақыл Шерхан Мұртаза

Ақиқат - адал айтыстан туады.

Ілмектер: ақиқат, афоризм, нақыл Шерхан Мұртаза

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

Ілмектер: ана тілі, тіл, ұлт, тарих, халық Шерхан Мұртаза

Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.

Ілмектер: заң, мемлекет Шерхан Мұртаза

Көркем әдебиет - ауыр артиллерия болса, публицистика - жеңіл кавалерия.

Ілмектер: әдебиет, публицистика Шерхан Мұртаза

Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.

Ілмектер: ер, ерлік, жас Шерхан Мұртаза

Әр адам — бір-бір жұмбақ.

Ілмектер: адам, жұмбақ Шерхан Мұртаза

Баласыз адам — бақытсыз адам.

Ілмектер: адам, бала, бақыт Шерхан Мұртаза

Орындалған арман - бақыт,
Орындалмаған арман - күйік.

Ілмектер: арман, бақыт, күйік Шерхан Мұртаза

«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.

Ілмектер: тәуелсіздік Шерхан Мұртаза

Көлдің - тақырға айналуы оңай,
Байдың - пақырға айналуы оңай.

Ілмектер: бай, пақыр, кедей Шерхан Мұртаза

Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.

Ілмектер: ұят, қиянат Шерхан Мұртаза

Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.

Ілмектер: Рух, намыс Шерхан Мұртаза

Қарап көріңіз