Өлең, жыр, ақындар

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.


Нақыл сөздері

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!

Ілмектер: сөз, тіл, тіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Тек шындыққа сөз бөбегін бөлесін,
Сол кезде оның пайдасын да көресің...

Ілмектер: шындық, сөз, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қара жерге жасыл көктен келді сөз,
Сөзбен адам ұлы болды, енді сез!

Ілмектер: адам, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ащы айтты деп кінәлама ақынды,
Ащы сөздің түбі балдай татымды.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ащы Жүсіп Баласағұни

Сөз сөйлеген жаңылар һәм адасар,
Есті естісе — түзеп-оңдап, қарасар.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, есті Жүсіп Баласағұни

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді.

Ілмектер: сөз, таяқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Күллі сөзді жина — ақылға сыймайды,
Керек сөзді айтады тіл, тыймайды!

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тіл Жүсіп Баласағұни

Тілді күтіп бақсаң — аман басың да,
Сөзді қысқа қылсаң — ұзақ жасың да!

Ілмектер: тіл, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сөз, өсиет — мұра өліден тіріге,
Мирас тұтса — пайда өзіне, діліне!

Ілмектер: Сөз, өсиет, мирас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пайда, мұра Жүсіп Баласағұни

Біліп айтқан сөз білікті саналар,
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар!

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Тілмен адам өң береді сөзіне,
Жақсы сөзбен нұр береді өңіне!

Ілмектер: тіл, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нұр Жүсіп Баласағұни

Көңіл берді, көз, ақыл, білім берді,
Сөз айтуға жаратты тілімді енді.

Ілмектер: көз, ақыл, білім, көңіл, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Адам — бұл дүниедегi қонақ, оның өмiрi өткiншi, сондықтан ол артына жақсы iсi мен жақсы сөзiн қалдыруы керек.

Ілмектер: адам, дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз Жүсіп Баласағұни

Балдың да уы бар.

Ілмектер: бал, у, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Кісенді кісі қаша алмас, айдаған жаққа жүреді.

Ілмектер: кісен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Елшісі епсіз патшаның бағы жанбайды.

Ілмектер: елші, бақ, патша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сараң бек ел билей алмайды.

Ілмектер: Сараң, бек, ел, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бек деген от: жақын жүрме — күйесің.

Ілмектер: бек, от, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ханның ақысы болса, қараның хақысы бар.

Ілмектер: хан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қылыш қан төксе, иесі ел билейді.

Ілмектер: қылыш, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қарап көріңіз