Өлең, жыр, ақындар

Жан Бодрийяр

Жан Бодрийяр (27.07.1929-2007, Париж) — француз әлеуметтік теоретигі.

Ол тұтынудың "белгілерді белсенді түрде қолдануға", соның нәтижесінде қазіргі қоғамда белгілер мен тауар өндіру Тауар белгісі өндірісіне айналуына алып келетінін семиология тұрғысынан дәлелдеді. Белгілер мен нақтылықтың айырмашылығын жояды, "тұрақты мәннің жойылуына алып келеді". Ол бұны постмодернизмнің сипаттық белгісі ретінде көрсетеді.

Негізгі еңбектері: "Общество потребления", "Имитации".


Нақыл сөздері

Зат болса — оның төңірегінде қалыптасқан əлдебір əдет-ғұрыптар да болады.

Ілмектер: зат, әдет-ғұрып Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Тұтынудың жойылмайтын себебі мынада жатса керек: ол əлдебір жетіспеушіліктерге негізделеді ғой.

Ілмектер: Тұтыну, жетіспеушілік Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Жиһаздың да, басқа да заттардың да негізгі міндеті — адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнына жүріп, олардың өмір сүріп жатқан кеңістігін толтыру.

Ілмектер: Жиһаз, міндет, қарым-қатынас, кеңістік Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Жайлы орындықтың жалғыз мұңы — ешқашан жападан жалғыз қалып қоймау, сол сияқты ешкіммен бетпе-бет те келіп қалмау.

Ілмектер: мұң, жалғыздық Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Зат дегеніміз — ғажайып үй жануары.

Ілмектер: зат, үй жануары, ғажайып Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Коллекционер міндетті түрде «тамаша статуэтка» екен демейді, «тамаша зат» екен дейді.

Ілмектер: Коллекционер, статуэтка, тамаша, зат Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Оған қажет болмай қалған нəрсе — бізге қажет болуы мүмкін.

Ілмектер: қажет Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Тауардың жақсылығына көзім жетіп тұрмаса да, оны жан сала дəріптеген жарнаманың сəттілігіне сенемін.

Ілмектер: тауар, жарнама, жақсылық, сәттілік Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Зат — біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыздың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.

Ілмектер: зат, уақыт, ажал, қорқыныш, тұрмыс, миф Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Əлдебір міндет атқарушы адам — əуел бастан-ақ жалыққан адам.

Ілмектер: міндет, жалыққан адам, атқарушы, адам Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Заттың əлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту — қасірет.

Ілмектер: зат, әлсіздік, ажал, қасірет Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Адам кеңістікті бағындыру арқылы өзінің нарцистік болмысының кескіндемесін жасайды.

Ілмектер: кеңістік, нарцисс, болмыс Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Біз түрдің толық жеңісін тойлауға таяп қалдық.

Ілмектер: жеңіс, түр Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Туристік сапар қашан да жоғалған уақытты іздеумен өтеді.

Ілмектер: Турист, сапар, уақыт Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Тұтынудың шегіне шыға алмайсың.

Ілмектер: тұтыну, шек Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Адамдарды жеңген кеңістіктен гөрі жеңілген кеңістік көбірек бөліп тұрады.

Ілмектер: адам, кеңістік, адам Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Біз мəңгі өз заттарымыздан оза алмай əуреге түсіп жүреміз.

Ілмектер: әуре, озу Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Толық жетілген қалып адамға өз құдірет-күшін сырттан бақылаушы рөлін ғана қалдырады.

Ілмектер: құдірет, күш, адам, бақылаушы Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Зат нақты тəжірибелік қолданыстан шыққан сəтте-ақ мінез-құлық тəжірибесі саласына өтеді.

Ілмектер: зат, тәжірибе, мінез-құлық Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Шыны — сиқырланған қатқан сұйық.

Ілмектер: шыны, сұйық, сиқыр Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз