Өлең, жыр, ақындар

Франсуа де Ларошфуко

Франсуа VI де Ларошфуко (15 қыркүйек 1613, Париж — 17 наурыз 1680, Париж), герцог де Ларошфуко — француз жазушысы, моральдық шығармалардың авторы. Оңтүстік француз тегіне жатады.


Нақыл сөздері

Шынайы махаббат сезімі қаншалықты сирек болса, нағыз достық — одан да сирегірек.

Ілмектер: махаббат, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, достық, сирек Франсуа де Ларошфуко

Жадының нашарлығына бәрі де арыз айтады, ақылы туралы ауыз ашпайды.

Ілмектер: жад, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ойдағымызды орындап шығу үшін бізге қаржыдан көрі қайсарлық жетіспей жатады.

Ілмектер: ой, қаржы, қайсарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ақылдың таяздығы қасарыспалықты туғызады.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Өзіне ешкім ұнамайтын адам, ешкімге ұнамайтын адамнан әлдеқайда бақытсыздау.

Ілмектер: адам, ұнау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ақылды адам ақылынан адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды.

Ілмектер: Ақыл, ғашық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Әдетте оғаш қылық iстегендерге уағыз айтқанда бiзге қайрымдылығымыз емес, өзiмшiлдiгiмiз түрткi болады, бiз оларға түзету үшiн емес, өзiмiздiң қателеспейтiндiгiмiздi көрсету үшiн ақыл айтамыз.

Ілмектер: ақыл, қайрымдылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Басқаларсыз да амалдай аламын деп ойлайтын адам өте қателеседi, бiрақ басқалар өзiнсiз iс тындыра алмайды деп ойлайтын адам одан бетер қателеседi.

Ілмектер: амал, адам, қателесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Бәрi өзiнiң жадына шағымданғанмен, ешкiм өзiнiң ақылына шағымданбайды.

Ілмектер: ақыл, жад, шағымдану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ешкiмдi ұнатпайтын адам ешкiмге ұнамайтын адамға қарағанда әлдеқайда бақытсыз.

Ілмектер: ұнату, ұнатпау, адам, нақыл, афоризм, бақытсыз, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Әрқашан басқалардан ақылдырақ болу тiлегiнен өткен ақымақтық жоқ.

Ілмектер: ақылды, ақыл, тілек, ақымақ, ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Алданып қалудың ең сенiмдi тәсiлi — өзiңдi басқалардан айлакер санау.

Ілмектер: алдану, сенім, тәсіл, айлакер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Өзіне сенбеген адам — өзгеге де сенбейді.

Ілмектер: сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Рахметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық

Ілмектер: рахмет, қызмет, бақытсыздық, оңбаған, алғыс, ризашылық Франсуа де Ларошфуко

Біздің жақсы қасиeттeріміз – көп жағдайда шeбeрлікпeн өңі өзгертілгeн кeмістіктeріміз бoлып табылады.

Ілмектер: қасиет, кемістік Франсуа де Ларошфуко

Ұлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса, ақылы шамалы адамдар, керісінше, көп сөйлеп, ештеңе де айтпау дарынына ие.

Ілмектер: ақыл, дарын, сөз, сөйлеу, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Құлық пен сатқындық ептіліктің олқылығынан ғана хабар береді.

Ілмектер: сатқындық, ептілік, құлық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Егер махаббат жайлы оның әдеттегі көріністеріне қарап пікір айтар болсақ, оның достықтан гөрі дұшпандыққа көп ұқсас екенін көрер едік.

Ілмектер: махаббат, достық, дұшпандық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Күнделікті өмірде кей-кейде біздің жақсы қасиетімізден гөрі жағымсыз қылығымыз тартымдырақ көрінеді.

Ілмектер: қылық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Жүрек үнемі ақылды ақымақ қылады.

Ілмектер: жүрек, ақыл, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Қарап көріңіз