Өлең, жыр, ақындар

Ғабиден Мұстафин

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.


Туындылары Нақыл сөздері

Адам жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен.

Ілмектер: жастық, жастық шақ, қызық, баға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адам, адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?

Ілмектер: адамшылық, адам, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Заманына қарай амалы бар емес пе?

Ілмектер: заман, амал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Дүние шіркін тар екен ғой, көп адам, көп арман қалай сиып тұр?

Ілмектер: дүние, арман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әншейінде ауыз жаппас, керегінде жақ ашпас, жақ ашса дәл баспас сылдыр шешендер бар.

Ілмектер: шешен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Шешендік — көп сөзділікте емес, тапқырлықта.

Ілмектер: Шешендік, тапқырлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді.

Ілмектер: әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көркем, нәзік Ғабиден Мұстафин

Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу.

Ілмектер: Әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие, жан, адам Ғабиден Мұстафин

Ойым нәрлі болсын десең, өмірге аралас, өмірдің, бетінде қалқыма, түбіне сүңгі, асыл оңайда жатпайды, тереңде жатады.

Ілмектер: ой, нәр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Ғабиден Мұстафин

Әдебиет — ойдан, ой — тұрмыстағы соқтығыстардан туады.

Ілмектер: Әдебиет, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тұрмыс, тұрмыс Ғабиден Мұстафин

Ақылды ой ақылды басқа бiр енсе, сүйресең де шықпас, жыртық басқа шынжырмен байласаң да тұрмас.

Ілмектер: ақыл, ой, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ата-ананы ұмытқан жас — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.

Ілмектер: ата-ана, ұмыту, жас, опасыз, рақымсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ата-ананың қадірін білмеген — халық қадірін білмес.

Ілмектер: ата-ана, ана, халық, қадір, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.

Ілмектер: ата-ана, қадір, халық Ғабиден Мұстафин

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.

Ілмектер: дәстүр, ата-ана, сыйлау, нақыл Ғабиден Мұстафин

Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.

Ілмектер: байлық, тіл, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.

Ілмектер: көңіл, сөз, нақыл сөздер Ғабиден Мұстафин

Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да жоқ.

Ілмектер: жастық шақ Ғабиден Мұстафин

Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң, ана сияқты ие береді, ие береді.

Ілмектер: еңбек, ана Ғабиден Мұстафин

Қарап көріңіз