Алматы қаласы № 42 мектептің
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мазаржанова Меруерт Байжумаевна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көсемшенің жасалуы туралы түсінік беру, білімдерін деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық: теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты орындауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылы ққабілеттерін дамытуға ықпал жасау.
Тәрбиелік: жинақы болуға төселдіру, білімді болуға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі парақтар, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың технологиясы: «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны
Сабақты, салт, есімше мен көсемше
Шақ пен рай, етіс те боп жиылдым.
- Балалар, осы бір шумақ арқылы қай сөз табының ерекшелігін көріп тұрмыз?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
- Қазір біз, «Темірқазақ» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасап өтелік. (Темірқазық жұлдызы жайлы аңыз, ертегілер біле ме сұрай кету).
Қазақта Жетіқарақшыға байланысты екі аңыз бар.
Біріншісі: Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жары қжұлдыз – Тәңірдің ақ боз тұлпарлары. Ақбоз ат пен Көкбоз ат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.
Екіншісі: Жетіқарақшы Үркердің (ол да жұлдыз) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарыпалу үшін Үркерліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі жақындағанда таң бозара бастайды.
Тақтадан Темірқазық жұлдызы көрсетіледі. Ондағы сұрақтарды таңдап алып, оқушылар жауап береді.
Сұрақтары:
1. Етістік дегеніміз не? Етістіктің өзіне тән белгілері қандай?
2. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. Етістіктің болымды, болымсыз түрінің ерекшелігі неде? Мыс келтір.
4. Салт, сабақты етістіктің айырмашылығы қандай? Мыс келтір.
5. Етістіктің есімше түріне анықтама бер?
6. Есімшенің жасалу жолдары қандай? Мыс. келтір.
7. Етістің түрлерін ата.
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі.
Көсемшенің жасалуы
Көсемше етістік түрлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
-ып,-іп,-п: бар-ып, кел-іп, қара-п.
-а,-е,-й: бар-а, кел-е, сөйле-й.
-ғалы,-гелі,-қалы,-келі: бар-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі.
Көсемше де етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады (Айқын жолдасына таңдана қарады), жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, баяндауыш болады (Бүгін сыныбымызда ашық сабақ өтіп жатыр).
1-тапсырма. Берілген етістіктерден көсемше жасау (Ауызша сөйлем құрау).
Қалану, даму, отыр, айт, жүр.
Үлгі: қалан-ып, қалан-ғалы, қалан-а.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. (Дәптерге орындайды)
1. Таң----------------------жымыңда+птұр
2. Жұлдыз----------------ағар+ыпатты
3. Ай------------------------жау+ғалытұр
4. Боран-------------------сыңғырла+йсоғылды
5. Қоңырау---------------жарқыра+й+ды
6. Жаңбыр----------------гуілде+йсоқты
257-жаттығу. Көсемшелерді теріп жазыңдар.
Үлгі: Азбайды, тозбайды, қорғайды, сұра, оқып, сөйлеме, тоқып, сөйле, сүрініп, құлайсың, көре, боласың, сөйлей.
ІІ деңгей. Тапсырма. Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау (Алдымен дәптерге сосын тақтаға орындау).
Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы.
Түс-е-ді
Түс- етістік, -е-к өсемше, -ді -жіктік жалғау ІІІ жақ.
Бар-а-ды
Бар- етістік, -а- көсемше, -ды- жіктік жалғау ІІІ жақ.
Сөйле-п-пін
Сөйле- етістік, -п- көсемше, -пін- жіктік жалғауы І жақ.
Бұр-ыл-ғалы
Бұр- етістік, -ыл- ырықсыз етіс, -ғалы- көсемше.
Тарт-ып
Тарт-етістік, -ып-көсемше.
Сал-ын-ғалы
Сал- етістік, -ын- ырықсыз етіс, -ғалы- көсемше.
ІІІ деңгей. Тапсырма (Жұптық жұмыс). Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Тізе қосып, көре алмайды, ауырып отырған, таба білген, барып келейін, шашқалы отыр, тілек тілеп.
Сабақты бекіту: Тест тапсырмалары.
1. Берілген сөздерден көсемше жұрнағы бар сөзді табыңыз.
а) барған б) келіп с) бармақ
2. Есімше қатысқан сөйлемді табыңыз.
а) Асан бүгін сабаққа барған жоқ.
б) Асан бүгін сабаққа барады.
с) Асан бүгін сабаққа барды.
3. Дос … айтады, Дұшпан … айтады. Мақалға керекті сөздерді табыңыз.
а) жылатып, күлдіріп б) айтады, дос, дұшпан с) дос, дұшпан, күлдіріп
4. Ол жүгіріп келе жатыр. Сөйлемдегі көсемше жұрнағын табыңыз.
а) -іп, -е б) -іп, -ыр с) -е, -кел
5. Көсемше жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.
а) ән салдым б) жаяулатып жүр с) ән айтты
Үйге тапсырма: 259-жаттығу.
Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі