Қарағанды обл. Балқаш қаласы
№5 мектеп "Еркетай" шағын орталығы
Тәрбиші: Тойшыбекова Гүлшат Қазыбекқызы
Жаңа – Жыл
Музыка әуенімен балалар залға кіріп, шыршаны айнала тұрады.
Жүргізуші:
Далада аппақ қарлар үлбіреген,
Қуаныш келе берсін күлімдеген,
Сіздерді бақыт тілеп құттықтаймыз,
Алдағы келе жатқан жаңа жылмен.
1-Бала
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңдайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2-Бала
Келді тағы жаңа жыл
Қуантып біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
3-Бала
Тамсана тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
4-Бала
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай сұлу шыршамыз
Ән шырқайық бәріміз.
5- Бала
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған,
Кел балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер!
ӘН:
Жүргізуші:
Балалар қараңдаршы шыршамыз,
Қандай әсем тамаша!. Бүгін қандай мереке? Жаңа жыл!
Қандай мереке ертегісіз өтеді, сендер ертегіні жақсы көресіндерма?
Балалар: иә!
Жүргізуші: Олай болса, «Қызыл телпекті қыз» ертегісін әрі қарай жалғастырайық.
Қызыл телпекі қыз Ақшақардан адасып қалып, жылап отырады.
Қасқыр: Әй! Қызыл телпекті қыз сен неге жылап отырсын?
Қыз: Мен Ақшақардан адасып қалдым (жылайды)
Қасқыр: (Теріс қарап О, жақсы болды ғой, мен оны ұстап алып жеп қояйын)
Қасқыр: Сен жылама! Жүр бірге іздейік. Сен мына жолмен жүр, ал мен анау жолмен жүрейін.
Қыз: Жарайды шыршаны айналып келеді. Әлі келген жоқпа, тағыда жылайды.
Қоян: Эй! Қызыл телпекті қыз сен неге жылап отырсын?
Қыз: Мен Ақшақардан адасып қалдым
Қоян: Мені оны іздеп келейін ақшақар орманда адасып кеткен шығар (кетеді)
Түлкі: Эй! Қызыл телпекті қыз сен неге жылап отырсын?
Қыз: Мен Ақшақардан адасып қалдым
Түлкі: Сен жылама! Мен іздеп келейін (шыршаны айналып кетеді)
Түлкі: Құтқарындар! Құтқарындар! Ақшақарды қасқыр ұстап алыпты
Барлығы: Ақшақарды алып келеді
Ақшақар: Сәлеметсіндерме балалар! Құрметті қонақтар!
Рахмет! сендерге аңдарым, мені құтқарғандарына. Мына жерде менің ұлпақарларым отыр екен ғой, келіндер биге шақырамын.
Би: Ұлпақарлар
Балалар Аяз-ата келген жоқпа?
Балалар: Жоқ!
Ақшақар: Балалар біздің шырша тойымыз Аяз-атасыз қызықсыз.
Аяз-ата неге кешігіп жатыр екен баріміз Аяз-атаны шақырайық.
Балалар: Аяз-ата, Аяз-ата ауууу!
(Осы кезде сайқымазақ кіреді)
Сайқымазақ: Сәлеметсіндерме балалар! Құрметті қонақтар! Сендер неге менсіз жаңа жылды тойлап жатырсындар, неге мені шақырмайсындар. Менің тапсырманды орындамай, Аяз-ата келмейді.
Жүргізуші: Қане тезірек айт! Қандай тапсырма болсада шешпей қоймайды. Балалар тапсырманы орындаймыз ғой.
Балалар: Иә!
Сайқымазақ: Мен бастаймын, сендер аяқтаңдар.
Қарға мүлгіп, дала тұр
Келе жатыр...
Балалар: Жаңа жыл!
Сайқымазақ: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсен атың тез ата
Келеді бізге...
Балалар: Аяз-ата!
Сайқымазақ: Шырша бүгін кәделі
Сендер барін...
Балалар: Әдемі!
Сайқымазақ: Жарайсындар балалар! Ал енді менімен ойын ойнап көріндер, егер мені женсендер Аяз-ата келеді.
Ойын: «Кім бұрын?»
Сайқымазақ: Ойындада жеңдіңдер, енді менің жұмбағымды шешіп көріндер.
Жұмбақтар
Жүргізуші: Сайқымазақ, біз сенің тапсырманды орындадық, ал енді аяз-атаны шақыр.
Сайқымазақ: Кәне балалар! Бәріміз бірге Аяз-атаны шақырайық!
(Көңілді музыка әуенімен залға Аяз-ата кіреді)
Аяз–ата:
Амансыңдарма, ұлдарым,
Амансыздарма қыздарым,
Қандай көркем қырларың,
Қандай әсем жырларың,
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым,
Тойларыңа асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Жүргізуші: Аяз ата біз бәріміз сізді күттік! Шыршамыз өте әдемі, бірақ оттары жарқырамай тұр .
Аяз ата: Қандай әсем шыршамыз. Шырша оттары жарқырасын десек, қане бәріміз бірге айтайық! Бір, екі, үш – Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат. (шырша шамдары жаңады!)
Жүргізуші: міне балалар шыршамыз жарқырады, енді шеңберге тұрып Аяз-атаға арналған әң-жырымызды бастайық
Ән: «Аяз-ата»
Аяз ата: Әңдерін керемет екен, көңілім көтеріліп қалды, енді менімен ойын ойнайсындарма?
Ойын: «Тоңдырамын»
Жүргізуші: Рахмет сізге Аяз-ата! Ал енді отырып демалыныз. Балалардың жаңа жылға арналған тақпақтарын тыңдаңыз.
Би:
Тақпақтар:
Әлде қарлы боранды
Тау басынан түстіме?
Аяз-ата оралды
Ақтон киіп үстіне
Ақ қырауға малынған
Сақалыда мұртыда
Аяз-ата сағынған
Сәлем берді жұртына!
Ақ қырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдім Аяз-атаны
Тақпақтарды жаттадық
Биде үйрендік көрсіндеп
Аяз-ата шаттанып
Бізге риза болсын деп!
Аяз-ата мінекей
Жылда бізге келетін
Бізбен бірге би билеп
Өлең айтып беретін
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер
Аяз-ата келіп тұр
Атайға сәлем беріңдер!
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындық аяз-атаны
Оралама ол енді
Айтар едім өлеңді
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сәлем берсе екен!
Қысқы аязбен жүзі жайнап
Төсін жауып ақ сақалы
Жаңа-жылдың жаршысы боп
Аяз-ата келді тағы!
Қош келдің Аяз-ата
Қарсы аламыз орын беріп
Ән салыңыз бізбен бірге
Би билеңіз бізге еріп
Келді тағы жаңа-жыл
Қуантып біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық
Жаңа-жылды жұп жазбай
Жылда қарсы алайық!
Бар баланың қонағы
Төрлет Ата жоғары
Енді дала алақай
Ақ күміске толады
Жұрттың бәрі атадай
Қашан жомарт болады
Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз-ата келеді
Балаларды сағынып
Аяз-ата ақ сақалды
Ақ таяақты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Алыс-алыс жерден келдің
Отырағой деміңді алып
Өңкей бала төңірегің
Бізбен бірге әнге сал
Келіңдер келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз-атадан
Сыйлық алып көріңдер!
Қандай әсем шартарап,
Шаттық күйге бөлеп тұр,
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр!
БИ:
АЯЗ АТА: РАХМЕТ БАЛАЛАРЫМ, БИДЕ БИЛЕДІҢДЕР, ТАҚПАҚТА АЙТТЫҢДАР! ӘНДІ ДЕ ШЫРҚАДЫҢДАР! АЛ ЕНДІ ОЙЫН ОЙНАЙЫҚ!
Менің жинған қарларым бар еді, ол қайда қалып қойған?
Сайқымазақ: Аяз ата менің қардан жасаған аққалам бар, алып келейін.
Аққала: Сәлеметсіндерме балалар! Мені таныдындарма? Мен кіммін?
Балалар: Аққала!
Аққала: Ал енді балалар менімен ойын ойнағыларын келема?
Балалар: Иә!
Ойын «Қар жинау»
Аяз ата: БӘРІМІЗ БІРГЕ КӨҢІЛДІ ОЙНАДЫҚ, ЕШКІМ РЕНЖІП ҚАЛҒАН ЖОҚ! МІНЕ МЕНІҢ СЕНДЕРГЕ ОРМАННАН АЛЫП КЕЛГЕН СЫЙЛЫҒЫМ! АҚШАҚАРЫМ БАЛАЛАРҒА ТАРАТЫП БЕР!
Ақшақар: Ата сыйлығнызды көрмей тұрмын
Аяз ата: Қап әттеген ай қайда қалып қойды екен
Аңдар: Аяз ата сыйлығыныз міне біз тауып алдық
Аяз ата: Көп рахмет аңдарым. Сендер болмағанда балалар сыйлықсыз қалатын еді.
Аяз ата: Міне біздің мерекемізде аяқталды.Дендерің сау болып, үлкен болып өсіңдер! Бір жылдан кейн тағы келемін!
Ақшақар: Жаңа жылда жаңа табыс, шат күлкі тілеймін!сау болыңдар балалар!
Сайқымазақ: Сауболындар балалар! Күліп жүріндер!
Жүргізуші: Сау болыңыз Аяз ата! Біздің тілегімізді орныдап, көп қуаныш сыйладыңыз! Біз сізге уәде береміз! Үлкен болып өсіп осы шыршаға тағы да қонаққа келеміз!
Би: "Вуги, Вуги!"
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі