Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы
«Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дошманов Динмуханмед Айтбекович
Мақсаты: Оқушыларға жайсөйлем түрлері жөнінде, жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем жайында мағлұмат беру, көпшіліктің ойынан шығу, оқушылардан үй тапсырмасын және сынып жұмысы бойынша нақты, дәл жауап алу, жаттығу толық орындалу, уақытты жеткізу.
Тәрбиелігі: Білім ордасын, ұстаздарын құрметтеуге, білімділікке, біліктілікке, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, назарын, зейінін аудару, арттыру, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ақыл, ой-өрісін дамыту жаттығу жұмыстарын тез, дұрыс орындау шеберлігін дамыту, ережелердің мағынасын ұғынуын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: инновациялық әдіс-тәсілдер, сабақ сұрау, түсіндіру ойын-элементтерін пайдалану, сұрақ-жауап, бекіту.
Сабақ түрі: Аралас, жарыс сабағы.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, спорт, география, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: ереже жазылған плакат, перфокарта, тест сұрақтары, үлестірме қағаздар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
б) Сынып тазалығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жай сөйлемнің түрлері.
Жақты сөйлем.
Айтыс өнері.
Шығармашылық жұмыс тарату.
Берілген тақырыптарға шығарма жазу.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Астана – жас қала.
2. Астана қай жылы, қай күні Алматыдан көшірілді?
1. Тәуелсіздікке 25 жыл.
2. Тәуелсіздік қай жылы, қай күні болып жарияланды?
1. «Менің Отаным – Қазақстан».
2. Қазақстанда қанша облыс бар?
1. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл».
2. Тіл туралы заң қашан қабылданды, қай жылы күшіне енді?
Жаңылтпаш жақты сөйлемді табу, құрылысына талдау.
1) Сыпыра сөктім, сыпыра тіктім,
Сыпыра, сыпыра, сөктім, тіктім.
2) Шілікті шаптым
Жілікті астым
Шілікті жақтым
Жілікті шақтым.
3) Торта қойдым
Орта қойдым
Орта қойдым
Жорта қойдым.
Бастауышты қалай табамыз?
71-жаттығу.
Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің бастауышын, баяндауыш арқылы тауып, жақша ішіне қойып, көшіріп жазыңдар.
Сен жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, сен оны да ойла,
Мен соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мен мыңмен жалғыз алыстым, сен кінә қойма.
Тапсырма.
Мәтіннің соңындағы М. Әуезовтың сұрағына жауап беріңдер.
72-жаттығу.
Көбеев Б. Жақты сөйлем дегеніміз не?
Берілген сөздерді бастауыш етіп, баяндауышын әр түрлі сөз табынан жасап жақты сөйлем құрастырыңдар.
Өткен сабақты пысықтау.
Өміртай М. Жай сөйлем дегеніміз не?
Баяндауыш арқылы қандай сөйлем мүшесін табамыз?
Жаңа сабақ.
Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды. Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Мысалы: Менің айтқаным тура келді.
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді.
1) –қы, -ғы, -кі, гі жұрнақты қалау райлы етістіктен болады. Мысалы: Айнұрдың Астанаға барғысы келген еді.
2) Барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң бол, жара,тура,кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады. Мысалы: Оған шындықты айтуға болмайды.
3) Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек,жөн,мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз де сол жаққа баруымыз керек.
4) –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады. Мысалы: Оған ештеңе айтып болмайды.
5) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар жақсыз сөйлем болады. Мысалы: Көз көріп, құлақ еститін жер.
Идиома – гректің сөзі, «өзгешелік» дегенді білдіреді.
Идиоманы құрайтын сыңарларының мағыналары ертеде-ақ тілдің даму барысында өзгеріп кеткен. Идиома сөйлеу кезінде жасалмайды, олар дайын күйінде қолданылады. Бір бүтін тілдік бірлік болғандықтан, өз ішінде сөйлем мүшелеріне бөлінбейді. Қанша сөзден тұрса да, бір бүтін болып, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Идиома қатысқан сөйлемде бастауыш болмайды, сондықтан ол жақсыз сөйлем болады.
73-жаттығу.
Көшіріп жазып, жақсыз сөйлемдердің қандай жолдармен жасалып тұрғанына талдау жасаңдар.
Жанашырдың жоқ болғаны ғой.
Жанашыр деген сөз қамыңды ойлап, жаны ашып жүретін адам.
74-жаттығу.
Көшіріп жазып, мәтіндегі сөйлемдердің жақты я жақсыз екендігін ажыратыңдар.
... Көз ашқаннан бастап, үш ғасыр бойы, осындай қиындықтың шырмауында жүрді.
Көз ашқаннан бастап – туылғаннан бастап деген мағынаны білдіреді.
Шырмауында жүрді – қиындықтың жолында, байлауында жүрді.
Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
Теңге алу және мәреге жету ойындарын қолдану.
Эверест шыңына жету.
Үйге тапсырма.
Жақсыз сөйлем, жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарыноқу.
75-жаттығу.
М.Әуезов. Көксерек.
Көз ашып көргеннен бастап, Көксерек Құрмаштың қасында болды.
76-жаттығу.
Дала суық болғандықтан, қалаға барғым келмеді.
Қорытынды.
Оқушылардың білімін бағалау.
Махатова Динара.
Дінəш ағай мен сіздің шəкіртіңізбін жоспарыңыз керемет рахмет .