Өлең, жыр, ақындар

Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
«Гаршин орта мектебі» КММ
Рамазанова Сайран Әмірғазықызы
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін жан–жақты талқылау.
Дамытушылық: «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік
талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.
Тәрбиелік: Педагог – жазушының халыққа берген бағыт–бағдарын оқушылар бойына дарыту, үлгі ету, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу, жаман әдеттен сақтандыру.
Сабақтың айдары: Аз жұмысты қиынсыңсаң,
                                Көп жұмысқа тап боларсың;
                                Азға қанағат ете білмесең,
                                Көптен құр қаларсың.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, топтық жұмыс, баяндау.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портреті, сабақтың эпиграфы жазылған плакат, тірек сызба, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныппен сұхбат.
3. Сабаққа кіріспе.
Лексикалық жаттығу.
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой
1.  ... жұрттың тілін біл,
... түрлі білім біл. ( 7)
2. Жылқы иесі ( Қамбар ата).
3. Ақ тілеудің белгісі ( бата ).
4. Сөздің көркі ( мақал ).
5. ... – сөз  өнері ( әдебиет ).
II. Үй тапсырмасын сұрап өту.
1. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы не?
2. Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері кімдер?
3. Қай кейіпкер (Алдар, Қожанасыр, Жиренше) ұнады?
III. Жаңа сабаққа кіріспе.
Әр қатарға мәтіндер беріледі, осы мәтіндер бойынша қорытынды жасау керек: мәтінде суреттелген балалар қандай екен?
1. Алмас шөптің жанып жатқанын көріп, өртті футболкасымен өшірді. Ол ағашты аман алып қалды.
- Алмас қандай бала? (тәрбиелі, батыл).
2. Үйдегі сандықтың ішінде кәмпит бар. Ал сандықтың аузында қара құлып тұрады. Жақан сандықты шегемен ашты. Апасы: «ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер» ,- деді.
- Жақан қандай бала? ( ақылсыз, ұры бала).
- Балалар, осы сөздер қандай тақырыпқа жатады?
- Әдептілік деген не? (әр оқушы өз пікірлерін айтады).
Біз бүгін  балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің осындай әңгімелерінің бірімен танысамыз. Ең алдымен өткен сыныптарда алған білімдерімізді қорыта отырып, жазушының өмір жолын кластар арқылы пысықтап өтейік.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақырыпты ашпас бұрын мына екі суретке назар аударамыз:

Суретте: бәйтерек, жапырақ. Тапсырма: осы суреттер нені білдіреді?
Әке – бәйтерек, бала – жапырақ. (дәптерге жазу)
а).Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:
1. Әкесі жолда не көрді?
2. Әкесі баласына не айтты?
3. Баласы не деді?
4. Әкесі тағаны не істеді?
5. Әкесі үш тиынға не сатып алды?
6. Жерге түскен шиені баласы не істеді?
7. Баласына шиені беріп тұрып әкесі не деді?
ә). Рөлге бөліп оқу.
V. Топтық тапсырма: Терминдерден болжам жасау.
Әке – үй иесі, отбасы тірегі, ақылшы.
Бала – ұрпақ, мұрагер.
Таға – жылқының тағасы, қазақ халқы бұл бұйымды қасиетті санаған. Тіл – көзден сақтасын, соқпағы мол өмірде сүріндірмесін деген ниетпен есіктің жоғары жағына іліп қойған.
Шие- жидек, түсі – қызыл, дәмі – қышқыл, түрі – домалақ.
VI. Сөздік жұмысы. Оқу, аудару, сөз тіркестерін құрастыру.
VII. Әкесі мен баласына мінездеме беріп, дәптерге жазу.

Әке: Еңбекқор, мейірімді, сыншы, баласына ақыл айтты.
Бала: Жалқау, еріншек, нашар, жұмысты қиынсынды.
VIII. Әңгіменің идеясына орай мақал–мәтел жарысы.
1.    Ер дәулеті – еңбек.
2.    Еңбексіз өмір жок, ауырсыз жеңіл жоқ.
3.    Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
4.    Еңбек қылмай – ер оңбас,бірлік қылмай – ел оңбас.
5.    Ерінбеген етікші болады.
6.    Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
7.    Ер тынысы  - еңбек, ез тынысы – ермек.
8.    Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.
9.    Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.
10.    Бір тал кессең ,он тал ек.
IX. Сабақты қорытындылау.
-  Ыбырай Алтынсарин кім?
-  Әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде тұр?
(Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,
Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың).
- Бұл әңгіме сендерді неге үйретеді деп ойлайсыңдар?
X. Оқушылардың білімдерін бағалау.
XI. Үйге тапсырма: «Әке мен бала» мәтінін мазмұндау.

2 сөзге морфологиялық талдау жасау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз