Өлең, жыр, ақындар

Алтыннан шашу шашқан, алтын күз

"Көкарал" жалпы орта мектеп жанынан ашылған
"Балбөбек " шағын орталығының
тәрбиешісі: Ерназарова Сапура Маратқызы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін ұғындыру.

Күзгі өнімдермен таныстыру олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Шығармашылық ой қиялдарының дамуына қарым-қатынас қалыптастыру.

Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын күз.

 Мол өнімді ісімен. Таңдандырып халқын күз.

Бүгінгі берекеліде ырысты алтын күз құрметіне арналған

Мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

«Әнұран» Балалар әнұранды орындайды.

Ендеше балалар барлығымыз көзді жұмып, күзді елестетейікші.

Тыныштық сәті: Күз мезгілі. Дала салқын. Таза ауа. Айналаға қарасаң, ағаштардың жапырақтары сап-сары болып жерге төгіліп жатыр. Бір кезде аспан бұлттанып жаңбыр сіркірей бастайды. Ал балалар көзімізді ашайық. Қанша күз суық болса да, әр мезгілдің  бір жылылық кереметі, ерекшелігі болады.

Хор:   

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан–алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ.

Қазір жылдың қай мезгілі?  (Күз)

Күзде көкеністермен жемістерді неге жинап аламыз? (Піскеннен кейін жинап аламыз)

Күз мезгілінен соң қай мезгіл келеді? (Қыс)

Ал енді балалар күзге байланысты тақпақтарды айтайық.

Перизат:

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
 

Ардақ:     

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көк егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жасмин:

Жер берді жемісті
Күз келді келісті
Күз - байлық береке
Алтын күз - мереке.

Ислам:   

Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық–ау.

Жания:

Сап-сары маңай
Сап-сары тоғай
Күзгі әнін айтып
Құс кетіп қайтып.

Балауса: 

Сары ала тонын жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп әр түрлі.

Нұржан: 

Мен өрікпін өрікпін
Бау бақшаға көрікпін.

Інжу:  

Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

Сол кезде саңырауқұлақ келеді.       

- Сәлеметсіздерме балалар мен сіздерді құтықтауға келдім.                          

Алтын күз әсем айналам
Еліне береке сыйлаған

Саңырауқұлақ: Алтын күз қайда?                

Мен мұндамын. Сәлеметсіздерме!
Береке бақыт дамыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен болам.

Мен сендерге көп ойыншықтар алып келдім.

Ал енді балалар күзге байланысты жұмбақтар жасырамыз.

Сендер шешіңдер.

Жиып- теріп болатын
Қанбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгілде болатын?  (Күз)

Ағайынды бәрі
Шықса жасыл түссе сары. (Жапырақ)

Гуілдейді құлаққа
Оны ешкім көрмейді. (Жел)

Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім. (Жаңбыр)

Аспай піскен
Қайнамай түскен. (Жеміс)

Бақшада піседі
Көп өнім береді. (Көкөніс)

Сергіту сәті:

Жел тұрды
Аспан бұлттанды
Жаңбыр жауды
Күн шықты
Жер басылды.

Тәрбиеші: Ал балалар біз бүгін қонақтарға шалқан ертегісін сақналап берейік.

«Шалқан» ертегісін сахналайды.

Ой керемет балалар, сендер ертегіні жақсы сахналадыңдар.

Мен сендерге дәмін тап ойынын ойнатқым келіп тұр.

Ойынды ойнайды.

Енді балалардың өнеріне кезек берейік.

Би: Шөжелерім.

Ән:  Топ-топ балақан

Осымен Алтын күз мерекесі аяқталды. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін балалардың, ұжымның атынан алғысымызды білдіреміз.

Келесі кездескенше сау болыңыздар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер