Алматы облысы, Алакөл ауданы
Байзерек негізгі орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Даркембаева Жанар Сериккалиевна
Сабақ тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас туралы түсінік алады; түрлі әдістерді пайдалана отырып, ойлау қабілеттерін, зейіндерін дамытады; тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырады.
Сабақтың әдіс-тәсілі: «INSERT немесе Түртіп алу стратегиясы», «Зымыран сұрақтар» әдісі, «Ойлан, топтас, талқыла!», шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, бағалау парағы, маркерлер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Шаттық шеңберін құрып, кезекпен сұрақтарға жауап береді
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсылықты көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беріп, жақсылық жасау үшін.
- Құлақ не үшін керек?
- Ақыл- кеңес, жақсыны тыңдау үшін.
- Ті мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты, жақсыны айту үшін.
- Ал аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
«Алақан жылуы» арқылы оқушылар бір-біріне жақсылық тілейді.
Топқа бөлу
«Жұбыңды тап!» тәсілі арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылардың қолдарында сұрақ және жауап парақшалары таратылады. Өз жұбын білу үшін сұрақ парақшасы бар оқушы сұрақтың жауабын өзге оқушылардан іздеп табады. Өз сыңарларын тапқаннан кейін оқушылар олармен бір партаға отырады. Шағын топ құрамдары осылайша қалыптасады.
Үй тапсырмасын тексеру «Зымыран сұрақтар» әдісін пайдалану
1. Құрмалас сөйлем деген не?
2. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің атқаратын қызметі қандай?
3. Екеуінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
4. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?
5. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.
6. Баяндауышы тиянақты болып келетін құрмаластың түрі.
7. Баяндауышы тиянақсыз, келесі сөйлемге бағына байланысатын құрмаластың түрі.
8. Аралас құрмалас қалай байланысады?
Жаңа сабақ
«Жіңішке сұрақтар» тәсілі арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Сұрақтар ауызша оқылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр жауаптың бірінші әрпін жазып отырып, сабақтың тақырыбын шығарады.
1. Сөз анасы не?
2. «Қазақтың бас ақыны» мақаласының авторы.
3. «Кір» сөзінің синонимі.
4. Ұлттық спорт ойынының бір түрі.
5. Ешкінің төлі.
6. Отбасындағы қымбат жан.
7. «Ұстамды» сөзінің синонимі.
Сабаққа мақсат қою
Әр оқушы мақсатқа өз идеяларын қосады, ойларын айтады. Мақсатқа жету үшін оқушылар ат салысып, белсенді жұмыс жасауларына сәттілік тілеймін.
... түсінік аламыз, ... ... ажыратып үйренеміз,... жұмыс жасау дағдыларымызды дамытамыз.
INSERT немесе «Түртіп алу» стратегиясы
V |
+ |
- |
? |
«Бұрыннан білемін» |
«Жаңа ақпарат» |
«Білмеймін» |
«Білгім келеді, сұрағым бар» |
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады:
1) Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар: да, де, та, те, әрі, мен, және, әрі.
2) Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар: бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал.
Мысалы: Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.
3) Себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар: өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз. Мысалы: Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
4) Талғау мәнді жалғаулық шылаулар: не, немесе, не болмаса, я, яки, я болмаса,әлде.Мысалы: Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.
5) Кезектес мәнді жалғаулық шылаулар: кейде, бірде, біресе.
«Ойлан, топтас, талқыла!» тәсілі
І топ: Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын сәйкестендіріңдер
1. Не, немесе, не болмаса, я, яки, я болмаса, әлде. 2. Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал. 3. Сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі, неге десеңіз 4. Да, бе, та, те, әрі, мен, және. 5. Кейде, бірде, біресе. |
1. Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар.
2. Кезектес мәнді жалғаулық шылаулар. 3. Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар. 4. Талғау мәнді жалғаулық шылаулар. 5. Себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар. |
ІІ топ: Сөйлемдердің бірінші сыңарына сәйкес келетін сөйлемдерді екінші қатардан тауып, мағынасына қарай құрастырыңдар
Студенттер дәрісті жақсы тыңдады, |
әрі денсаулығы да мықты емес. |
Қадырдың киімі жұқа |
я көзінде жаңа бір үрей тұрды. |
Мектеп бітіруімізге бірталай уақыт бар, |
себебі бүгінгі тақырып өте қызықты болды. |
Я алқымда булығып ашу тұрды, |
бірде толқып, жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды. |
Баяу ескен жел бірде басылады, |
сонда да әрқайсымыздың неге икем екеніміз байқалып қалған-ды. |
Алған ақпаратты пайдалана отырып, оқулықтағы жаттығу тапсырмаларымен жұмыс істеу
220-жаттығу 145-бет. Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмаластың түрлерін жасаңдар.
Сабақты бекіту: «Бес саусақ» тәсілі
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегін қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым?Ортан терек – ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық.Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Бағалау: «БЛОБ» ағашының суреті таратылады, ағашты бояу арқылы оқушылар қай деңгейде жұмыс жасағандарын көрсетіп, түсіндіріп өтеді.
Үйге тапсырма: 217-жаттығу 144-бет
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі