Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің
Химия пәні мұғалімі, директордың ғылыми-істер жөніндегі орынбасары
Жексенбаева Гилым Куановна
Пәні: химия |
Мұғалімі Жексенбаева Гилым Куановна |
|||||||||||||
Тақырыбы |
Химиялық реакция типтері |
|||||||||||||
Мақсаты: |
Химиялық реакция типтеріне тоқтала отырып, оқушылардың реакция теңдеулерін жазып, теңестіріп, оны айтып беру дағдысын дамыту. |
|||||||||||||
Жалпы мақсат |
Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу реакциялары туралы жалпы тусінік беру. Оқу үрдісінде химиялық реакцияның типтерін химиялық теңдеулері бойынша ажырата білуге, талдауға, салыстыруға үйрету |
|||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар химиялық реакция типтерін біледі. Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінетіндігін түсініп үйренеді, есеп шығаруда рекция теңдеулерін пайдаланып, қолдана алады. |
|||||||||||||
Түйінді идеялар |
Химиялық теңдеу, реагент, өнім, коэффициент, химиялық реакция типтері: қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу |
|||||||||||||
Қолданылатын әдіс тәсілдер |
Миға шабуыл, Сәйкестендір, Бос орынды толтыр, «Джигсо әдісі» |
|||||||||||||
Қолданылатын ресурстар |
Нұсқаулық карточкалар, А-3-4 қағаздар, маркерлер, стикерлер. |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
|||||||||||
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта психологиялық ахуал орнату.
Топқа бөлу.
5 ережесін еске түсіру |
Оқушылар сабаққа дайынбыз ба?
«Атом», «Молекула» әдісімен топқа бөледі. І топ «Атом» 2 топ «Молекула 3 топ «Реакция» 4 топ «Элемент»
5 ережесін еске түсіреді, ережені орындау. |
Бәрі хормен: «Дайынбыз, біз ұйымшылмыз, біз ұқыптымыз, біз - ынталымыз, біз - жақсы оқимыз, біз - оған қол жеткізе аламыз» деп жауап береді. Оқушылар орындарынан тұрып, әрі бері жүреді, атом дегенде 1-ден жүре береді, молекула дегенде 2-ден бірігеді, келесі молекула дегенде 4ден бірігіп, сол біріккен оқушылар топ құрады. Оқушылар: тәртіп, тазалық, тыныштық, талап, татулық. |
Смайликтер арқылы |
|||||||||||
ІІ. «Қайталау-оқу айнасы» өткен сабақты еске түсіру. |
«Қауырсын» әдісі арқылы интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға мұғалім ұсынған қауырсынды алып, жауап береді. |
Оқушылар берілген сұрақтарға кезектесіп жауап береді, сұрақтар бойынша секе түсіріп, жауаптарды талдайды. |
«Басбармақ» арқылы |
|||||||||||
«Жұппен жұмыс» «Тапқыр болсаң тауып көр» бос орынды толтырып, теңестір. |
Топтарға берілген карточка бойынша берілген реакция теңдеулеріндегі қалдырылған бос орындарды толтыру. Мысалы: ...+Н2 = Cu+H2O Na+…= Na2O |
Оқушылар 2-ден бірігіп, реакция теңдеулерін толықтыру, коэффициенттерін қояды. |
«Бағдаршам» арқылы |
|||||||||||
ІІІ.Мағынаны ашу» «Джигсо әдісі» арқылы |
Оқушылар «Джигсо әдісі» арқылы жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерімен оқулықпен жұмыс жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату. 1 топ Қосылу реакциясы 2 топ Айырылу реакциясы 3 топ Орын басу реакциясы 4 топ Алмасу реакциясы |
Оқушылар мәтінді оқып шығып, топпен талқылып,бір біріне түсіндіреді, бір оқушы шығып, постер қорғайды. |
«Басбармақ» арқылы |
|||||||||||
Сергіту сәті «Қағып ал» ойыны |
«Қағып ал» ойыны. Мұғалім допты 1 әріпті айтып, оқушыға лақтырады, оқушы сол әріптен басталатын химиялық элемент атауын айтып, метал, бейметал екенін айтады. Мысалы: м-мыс, метал, к-күкірт, бейметал, и-иод, бейметал, с-сынап, метал.т б |
|
||||||||||||
Қолдану «Сәйкестікті тап» |
Берілген химиялық реакция теңдеуін аяқтап, реакция типтерін анықтап, сәйкестендір.
|
Кестедегі сәйкестікті тауып, нәтижесін тақтаға шығып жазып көрсетеді. |
||||||||||||
Жинақтау. Шығармашылық жұмыс. |
1. Қабылдауы төмен оқушымен жұмыс. Берілген формуланы оқы. Формуланың сандық сапалық құрамын сипатта. MnO2 Al2O3 Na2SO4 SO3 2. Дарынды оқушымен жұмыс. Салыстырмалы атомдық массасы 65-ке тең элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасын тап. |
Оқушылар берілген тапсырмаларды тақтаға орындайды. |
||||||||||||
Талдау. Тірек сөздер арқылы |
Оқушыларға мәтін бойынша бір тірек сөз жазу тапсырылады. |
Әр оқушы тақырып бойынша тірек сөздер жазады, соған оқулықты пайдаланып, өз дәлелін қосып, түсінік береді. |
Қол шапалақтау. |
|||||||||||
Рефлексия: «3:2:1» әдісі |
«3:2:1» әдісі - сабақта есіңде қалған 3 негізгі ұғым - сабақта болған сен үшін қызықты 2 жағдай. - жаңа сабақ бойынша 1 сұрақ |
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін айтады. |
|
|||||||||||
Мұғалім сыйы. |
Видеокөрсетілім: «Қызықты химиялық реакциялар» |
|
|
|||||||||||
Үйге тапсырма: |
§15 В-5,6 С1 (3,4) |
Үй тапсырмасын жазып алады. |
|
|||||||||||
Бағалау. |
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. |
|
Жиынтық бағалау. |
Балжан
тест жақсы құрастырылған екен.
Ақжан
Өте жаксы құрастырылған