Өлең, жыр, ақындар

Қысқаша көбейту формулаларын қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларын қайталау» 
Сабақтың мақсаттары
Оқытушылық: 1. 
1. Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру.
2. Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдана білу.
3. Қысқаша көбейту формулалары бойынша бақылау жұмысына дайындық.
Тәрбиелік: шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу. 
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорыта білуге үйрету.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
• Білімді жеткізу: көрнекіліктерді қолдану арқылы
• Практикалық (жаттығу жұмыстарын орындату)
• Ішінара ізденушілік
• Оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану.
Сабақтың түрі:
Жалпылау сабағы. Бақылау жұмысына дайындық.
Қайталау 
Көпмүшелер және бірмүшелер, қысқаша көбейту формулалары.
Оқушылардың білім деңгейін бақылауға араналған жұмыс түрлері: 
Графикалық диктант, тест, өздік жұмысы.
САБАҚ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі
 Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
 Рефлексия. Оқушылардың сабақтың басындағы көңіл-күйін қадағалау.
2. Өткенді қайталау.
Графикалық диктант. 
Тұжырым дұрыс болса ^ белгісін, дұрыс болмаса _ белгісін қою керек. 
1. Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды (жоқ)
2. Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана болатын бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды (ия)
3. Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (жоқ)
4. Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады (ия)
5. Көпмүшені көпмүшеге көбейткенде көпмүше шығады (ия)
6. Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін оның әрбір мүшесін бірмүшеге көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз (жоқ)
7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін біріншісінің әрбір мүшесін екіншісінің әрбір мүшесіне көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз (ия)
8. Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі бірмүшенің коэффициенті деп аталады (жоқ) 
9. Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (ия)
(Графикалық диктанттың жауабы: _^_^^_^_^)

Тақтадағы өрнектердегі бос орындарды теңдік дұрыс болатындай етіп толтыру.
5 а + Ө = 5а + 3 b – 8
b2 – b c - Ө = b2 – b c - 7 b + 5
Ө + (2 a2 + 4ab – b2 ) = 3 a2 + 4 ab
Ө • (a – b) = 4ac – 4bc
(12a3 – 4a2) : Ө = 3a – 1
Ө • (2 a – b) = 10a2 – 5ab
4. Тестік жұмыс.
1. Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?
А. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
В. Бірінші өрнектің квадраты - екі еселенген бірінші өрнек пен екінші 
өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
С. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
D. Бірінші өрнектің кубы + үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі + екінші өрнектің кубына тең.
E. Бірінші өрнектің кубы - үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі - екінші өрнектің кубына тең.
Дұрыс жауабы: С
2. Екі өрнектің айырымының квадраты неге тең?

Дұрыс жауабы: В
3. Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?

Дұрыс жауабы: А
4. Екі өрнектің айырымының кубы неге тең?
А. Екі өрнектің айырымын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
В. Бірінші өрнектің кубы + үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі + екінші өрнектің кубына тең.
С. Бірінші өрнектің кубы - үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі - екінші өрнектің кубына тең.
D. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
E. Екі өрнектің қосындысын олардың айырымының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
Дұрыс жауабы: С
5. Екі өрнектің қосындысының кубы неге тең?

6. Екі өрнектің кубтарының қосындысы неге тең?
А. Бірінші өрнектің кубы - үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі - екінші өрнектің кубына тең.
В. Бірінші өрнектің кубы + үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі + екінші өрнектің кубына тең.
С. Екі өрнектің айырымын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
D. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
E. Екі өрнектің қосындысын олардың айырымының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
Дұрыс жауабы: Е
7. Екі өрнектің кубтарының айырмасы неге тең?

5. Тарихи деректер.
 Блез Паскаль туралы фильм
 Паскаль үшбұрышы туралы мәлімет.
6. Шығармашылық тапсырма.
Екімүшенің 4 дәрежесінің коффициенттерін табу және осы коэффициенттер бойынша формула құру.
Жауабы: 1 4 6 4 1 
(a+b)4=a4+4a3b+6a2b2+4ab3+b4
7. Тақтада жұмыс.
Ереже бойынша өрнектерді түрлендіру
8,Үйге тапсырма
Өткенді қайталау. Бақылау жұмысына дайындық.
9,Сабақтың қорытындысы
Рефлексия. Оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл-күйін қадағалау.
Сұрақ жауап: Сабақ ұнады ма? Неліктен?
Сабақтан өзіңе қандай жаңалық алдың?

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Қарап көріңіз