Өлең, жыр, ақындар

«Химиядағы жетілік» атты интеллектуалдық ойын

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
С.Мауленов атындағы орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі: Нүрекина Орынкүл Ахметовна

Оқушыларды пәнге қызықтырудың және логикалық ой-өрісін дамытуға, ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, шапшаңдыққа,  тапқырлыққа үйретуде сыныптан тыс шаралардың маңызы зор.

Сайыстың бағдарламасы:

(Бұл сайысқа 7-оқушы қатысады. Әр кезең сайын бір оқушыдан шығып отырады. Соңғы кезеңге қалған оқушы жеңімпаз аталады.)

«Кім жылдам?» кезеңі

1. Коррозияға бейім металл? (Темір)
2. Адам алақанында балқитын металл? (Цезий)
3. Ең жеңіл металл? (Литий)
4. Пышақпен кесуге болатын металл? (Натрий)
5. Ерте туған металл? Алюминий)
6. Ең қиын балқитын металл? (Вольфрам)
7. Ең қатты металл? (Хром)

«Шарадалық жұмбақтар» кезеңі

1. Алғашқы буыным таcқын су, екінші буыным мал құлағына салынатын белгі. Мен қандай элементпін? (Селен)
2. Өзім химиялық элементпін, егер -ан жұрнағын жалғасаң қыстың қаһарлы күнінің біріне айналамын. Бұл қандай элемент? (Бор)
3. Алғашқы буыным бастауыштың сұрағы, екінші буыным сан есім,  мен қандай элементпін? (Неон)
4. Бірінші бөлігі «алда кел» бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, ойлаңдаршы бұл қандай газ? (Озон)
5. Өзі химиялық элемент, бас әріпін алып тастасаң шаруашылық  құралының  біріне айналады. Бұл қандай элемент? (Фтор)
6. Химиялық элемент бір әріпін өзгертсең, мысыққа қарсы айтылатын сөзбін. Бұл қандай элемент? (Мырыш)
7. Жазылуы бойынша оқысаң химиялық элементпін, керісінше оқысаң өткізгіш. Ойлаңдаршы бұл не? (Мыс)    

«Ойлан тап» кезеңі

1. Тоңазытқышқа немесе тартпаға көмір кесектерін уақытша адсорбент есебінде салады. Неге? (Ауаны тазарту, сіңіру үшін)
2. Тамақ өнеркәсібінде суды газдандыруға пайдаланады, «құрғақ мұз» деген атауы бар. Бұл не? (Көмір қышқыл газы)
3. Жазылмай жүрген жарақатқа қант себеді. Неге? (Себебі, ауадағы және микроағзадағы суды тез тартып алады)
4. Терезе әйнегінің аралығына күкірт қышқылын қояды. Неге? (Ылғал тартқыш қасиетіне байланысты әйнекке мұз қатырмайды)
5. Ауыр жұмыс істегенде адам тез шаршайды. Неліктен? (Қандағы глюкоза тотығып, бұлшық еттерде сүт қышқылы жинақталады)
6. Сұйық сабынның қатты сабыннан айырмашылығы бар. Неге? (Сұйық сабында калий, қатты сабында натрий элементі бар)
7. Француз химигі Б.Куртуаның иығында отырған мысығы қарғып түсіп, күкірт қышқылы бар шөлмекті қағып кетіпті, ол төгіліп балдырдың  күліне қосылған, сол кезде будақтаған күлгін түсті бу пайда болады. Осы күлгін бу арқылы жаңа элемент пайда болады. Ол қандай элемент? (Йод элементі, грек тілінде йод – «күлгін түс» деген мағына береді)          

«Кім шапшаң?» кезеңі

1. Қай ғалымның әкесінің аты,  үш әріпі «е» болып келетін бес әріптен тұрады? (Шееле)
2. Қай ғалымның әкесінің атындағы екі әріпі ұқсас, бес әріптен тұрады? (Зинин)
3. Қай ғалымның әкесінің атындағы әріптердің төртеуі «о» болып келетін тоғыз әріптен тұрады? (Ломоносов)
4. Қандай көмірсутектің аты бес әріптен, оның үшеуі «н» әріпі?(Нонан)
5. Қандай алты әріптен тұратын элемент, онда төрт «и» әріпі бар?(Иридий)
6. Қандай химиялық элемент төрт әріптен тұрады, оның екеуі «н» болып келеді? (Неон)
7. Қандай элемент бес әріптен тұрады, оның үшеуі «и» әріпі болып келеді? (Индий)

«Әріптер сөйлейді» кезеңі

(Берілген әріптерден басталатын химияға қатысты 7-сөз айту керек.)

«А» - (Атом, алтын, адсорбция, анион, амфотерлі, алкан, ацетилен)
«С» - (су, сабын, сахароза, силикат, сульфат, сілті, сутек)
«К»- (катион, күшті, карбонат, крахмал, карбонил, кетон, күл)
«М»- (Метан, май, металл, магний, магнит, моль, молекула)
«Т»- (Таразы, тас, тұнба, тұз, тотығу, топша, темір)
«Г»- (Гидролиз, глюкоза, грамм, гексан, газ, графит, газойль)
«Б»- (Бензол, болат, бутан, байланыс, бром, бейтарап, бор)

«Тіл - шешендік» кезеңі

(Әр элементті қазақ, орыс және латын тілінде айту)

Ag - күміс, серебро, аргентум; Au - алтын, золото, аурум; Hg - сынап, ртуть, гидраргирум; Cu - мыс, мед, купрум; Fe – темір, железо, феррум; Si - кремний, силициум; Pb -  қорғасын, свинец, плюмбум;

«Сандар сыры» кезеңі

(Әр санға қатысты оқиғаларды мәлімдейді)

1869 ж – Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің ашылған жыл.
2007 ж - Павлодарда алюминий зауыты ашылған жыл.
1865 -  Н.Н.Бекетовтің металдардың кернеу қатарын жасаған жыл.
22,5 -  Қ.ж. газдың бір молінің көлемі.
1776 ж - Сутегінің ашылған жылы.
6,02*1023 - Авагадро саны.
1834 ж - Д.И.Менделеевтің туған жылы.

«Тізбекпен шығып қалма» кезеңі

(Химияға қатысты сөзді бастап соңғы әріпі арқылы жалғастыру)

Мысалы: Зинин-неон-неодим-мышьяк-күміс-сода-алмас-селен-нейтрон....


Пікірлер (2)

Айнур

Ұнады маған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз