Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»

Тақырыбы:  Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»

 Ақтөбе облысы, Хромтау  ауданы, Ақжар орта мектебі

  Мерзімі: 12.12.2016      

 Мұғалім: Наранбаева РовшонТайировна

 Сыныбы: 7 «А»                              

 Қатысқан оқушы:

Қатыспағандар:

 

Мақсаты

Тақырыпты топ арқылы талдайды, өлеңнің мағанасын  түсініп оқиды, тапсырмалар орындауға жағдай жасайды, бір-біріне ортақ шешім қабылдауға үйренеді

Жалпы мақсат

Оқушыларға Жамбыл ақынның  өмірінен деректер келтіре  отырып,  тақырыбы мен  ойын ашу,  оқушылардың  өзіндік  пікірін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар  Жамбыл ақын  туралы танып біледі. Арнау және оның түрлері туралы танып біледі. Ақын жайлы пікірі, ақын өмірінен деректер алады. Отансүйгіштікке үйренеді.  Туған-туыс, ата-ана , Отан, туған елге деген сүйіспеншілігі артады. Ақын өлеңінің  мағынасын түсіне отырып, сыни тұрғыдан өзіндік ойын дамытады.

Негізгі идеялар

Өлеңмен таныса отырып, бата өлеңінің не екенін таниды.  Ақын өлеңін тани келе ақын шығармашылығын бағалай білу керектігі жайлы идеялары қалыптасады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сиқырлы конверт, түртіп алу, ой толғаныс, бес жолды өлең, ыстық картоп ойыны.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук. Жамбыл кім? (постер), Түртіп алу  стратегиясы, ой шақыру топтық жұмыс топтастыру, диалогтік оқыту, Қазақ әдебиеті жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

  1. Амандасу;
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу;
  3. Сынып оқушыларын топқа бөлу. Шаңырақ астында бір-біріне тілек айтып, Топқа бөлу – әртүрлі суреттер таратады, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық  жұмыс жасайтындарын айтады

Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Оқушылар ұқсас фигуралар мен бірігіп  4 топ құрайды, топ ережесін сақтайды,Топтар бөлінеді.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білім

 

Қызығушылықтарын  ояту

   І топ.   Зерттеушілер.
   ІІ топ.   Тарихшылар.
   ІІІ топ.  Әдебиетшілер.

   ІV топ Дәлелдеушілер.

Әр топтан 2 оқушы шығып «Аттандыру» өлеңінің келген жерінен жалғастырып мәнерлеп жатқа оқиды.

«Сиқырлы конверт» ойыны арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындату  арқылы диалогқа түсіру. 

«Сиқырлы конверт» ойыны арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындау.

«Сиқырлы конверт» ойыны бойынша оқушылар өткен тапсырма жайында өз қортындыларын жасайды

Түсіну

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін  жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату.

І топ.   Зерттеушілер өмірін зерттеуші
ІІ топ   Тарихшылар Жамбыл ақынның өміріндегі тарихи кездер
ІІІ топ  Әдебиетшілер  өлең , жырлары, дастандары туралы.

ІV топ Дәлелдеушілер айтыстары туралы деректер жинау

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін  топпен талқылап ортаға  топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, диалогқа түсіп, тақырыпты  жинақтайды

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін  жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Қолдану

 Жамбыл өз жайлы «Жамбыл- менің жай атым, халық- менің шын атым»-деп айтқан ұлы тұлға. Көзі тірісінде гомер атанған ақын.

 «Жамбыл-жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті»-деп С.Мұқанов айтқан.

  Шапыраштыдан шыққан тұлғалар слайд  арқылы көрсетіледі.

Оқушыларға  тақырып төңірегінде  тапсырма таратылады,тапсырманы топ ішінде отырғызып топпен

 Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы.

Сергіту сәті

Ой толғаныс. Өлең  құрлысына  талдау.

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

Домбыраға  «бес  жолды  өлең  жапсыру.

Оқушыларға мәтінді топ ішінде әр қайсысына оқытқызып топпен талқылату. Топ ішінен бір сарапшыны тағайындап басқа топтарға түсіндіреді, қайтадан өз топтарына барып түсінгендерін түсіндіреді.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы.

Жинақтау

« Ыстық  картоп»  ойыны

 арқылы  сабақты  жинақтайды.  Тест  орындайды.

Тесті  орындап  топтар  бір-бірін  тексереді.

Топтар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағалау  парағы  арқылы

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпн бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Екі жұлдыз  бір тілек

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

 

«Сиқырлы конверт» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұрау.

1.Жамбыл Жетісудың қай атақты ақынынан бата алған ? (Сүйінбай Аронұлынан)
2. Ақын туралы не білесің? ( Ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы Бала кезінен өлең - жырға үйір болған)

3.  Бата-дегеніміз не? (Халық ауыз әдебиетінің түрі, ұлттық  дәстүр. Алғыс айту,жақсы тілек білдіру)
4. Батаның  қандай түрлерін білесің? (Ақ бата, теріс бата, серттесу бата,)

5. Жылқы бағып жүріп түс көреді.Түсінде ақ сақалды қария келіп,не деген? («Өлең аласың ба, көген аласың ба? Деген.)

6. Оның қандай өлеңдерін оқыдыңдар? ( «Ленинграттық  өренім», «Аттандыру»)

7. Жамбыл  қай жылы дүниеге келіп, қай жылы қайтты?,Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты  Хантау баурайында 28 ақпан 1846ж туған..  22 маусым 1945ж қаза тапқан

8. «Аттандыру» қандай өлең? (Бата-тілек мақсатында  айтылған  өлең.)

 

Жамбыл мен Алғадайдың портреті шығуы керек.

І топ.   Зерттеушілер өмірін зерттеуші.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау баурайында 28 ақпан 1846 ж туған.

Әкесінің есімі- Жапа
Ұстазы -Сүйінбай Аронұлы

Айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы

 Бала кезінен өлең - жырға үйір

22 маусым 1945 ж  дүниеге өтті 

 

ІІ топ   Тарихшылар Жамбыл ақынның өміріндегі тарихи кездер.

14 жасынан бастап өлең айтты.

15 жасында Сүйінбайдан  бата алды.

1881 ж айтысқа түскен.

1936ж Мәскеудегі қазақ өнерінің онкүндігіне қатысқан.

1939ж «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.


ІІІ топ  Әдебиетшілер өлең-жырлары, дастандары туралы.

«Шағым», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық». Ленинградтық өренім», «Кедей күйі». Дастандары: «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр», Көрұғлы».

 

ІV топ Дәлелдеушілер айтыстары туралы деректер жинау.Бақтығали, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубай, Сарымен айтысы бар.

Жаңа тақырып.

Жамбыл өз жайлы «Жамбыл- менің жай атым, халық- менің шын атым»-деп айтқан ұлы тұлға. Көзі тірісінде гомер атанған ақын.

 «Жамбыл-жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті»-деп С.Мұқанов айтқан.

 

Шапыраштыдан шыққан тұлғалар

Екей елінен ақын-жыраулар, сазгер-әнші көп тараған

Есқожадан батырлар,билер, бақсылар, әкімдер көп тараған

Сүйінбай Аронұлы,

 Жамбыл  Жабаев,

Үмбетәлі Кәрібаев,

 Нұрғиса Тілендиев,

Тұманбай Молдағалиев,

Талғат Мұсабаев, 

Қарасай батыр

Қазыбек  би Тауасарұлы

Наурызбай  батыр

Сұраншы  батыр

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев

 

 «Алғадай туралы әрбір ой» , «Атаның әлдиі».


Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарағы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті
- деген екен. Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.Бұл халық ауыз әдебиетінде естірту.
 

«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен «Атаның әлдиі» өлендерін мәнерлеп оқу

Арнау өлеңнің  түрлері:

1. Жарлай арнау.(Жеке адамға емес,жалпы жұртқа арнау),(Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

2. Сұрай арнау. (өзі сұрақ қойып, өзі жауап береді),(Ә.Есмәмбетов «Ақ қағазды қаралап, Қалам неге ойнайды? Ақын неге қайғырып,  Терең ойға бойлайды.)

3. Зарлай арнау.(Жоқтау, зарлау мақсатында айтылады),(Жамбыл «Алғадай туралы әрбір ой»)

Кітаппен жұмыс: Түртіп алу  стратегиясы                                                                                                    

Мүрде- өлген адамның денесі
Көзел – көркем, сұлу,
Саңлақ – елден ерек
Жабы – қазақ жылқысының  байырғы  қарабайыр түрі
Кәріп – соқыр, мүгедек
Топырағың торқа болсын- дүние салған адамға  айтылатын тілек
Темір өзек – жаны тозбайтын темірден жаралған пенде жоқ деген сөз.
Жұқарыңқы – жүдеу, азу

Немересі Оразхан Тезекбаевтың айтқан дерегімен таныстыру

Жамбыл үлкен баласы Алғадайды өзгелерден айрықша жақсы көрген.Алғадай ақылды адамгершілігі мол көрікті кісі болса керек.Балалары ішінде тек соған қана сенеді екен.Қайтыс болғанда қатты қиналғаныда содан ғой.Әкем Тезекбай да Алғадай дегенде жаны бөлек еді.Үнемі аузына тастамайтын. «Тәтем маған сенбей ақшаны Алғадайға санататын» деп отырушы еді.Қуанышқада ешқашан қатты сөз айтқан емес.Жасында ол тентектікті көп жасады ғой.Сонда әкем ұдайы бізге ұрысатын.

Немересі Қуаныш Алғадаевтың үзіндісін оқу.

Әкем Алғадай  соғысқа аттанғанда мен іште қалған баламын.Үкімет басшылары  атама әкемнің қазасын естірткенде енді тәй-тәй басып жүрген екі жарым жаста екенмін. Осы бір төтеннен келген хабар атама аса ауыр тиіп, бас көтере алмай қалған. Сонда бір қамкөңіл сәтінде:

Ей Қуаныш, Қуаныш,

Сені етейін жұбаныш,

Алғадайым өлгелі

Боп кетіп ем жылағыш,-

Деп мені алданыш етіп отырады екен. Әкемнен жастай қалсам да жетімдік көргенім жоқ. Тезекбай көкем бауырына басты. Тәрбесін алдым, өнегесін көрдім.

«Алғадай туралы әрбәр ой» өлеңінің құрылысына талдау
Авторы: Ж. Жабаев
Жанры: өлең
Тақырыбы: Баласы Алғадайды жоқтау. Баласын жоғалтқан әкенің қайғысы
Мазмұны:  Әке сағынышы
Шумақ: 13
Тармақ: 4 - 5
Ұйқас: кезектес ұйқас, қара өлең ұйқас
Бунақ: 2

Буын:7
Сұрай арнау

 Ой толғаныс.
Сонымен, ұлы ақынды қатты қайғыға салған фашистік немістердің бейбіт елдің берекесін алған соғысы еді.
 

 «Бес жолды өлең» стратегиясы
 І топ.   Зерттеушілер

Зат есім. Соғыс
Сын есім. Қатал, мейірімсіз
Етістік.Өлтірді, қырды, атты.
Сөйлем.Соғыс енді болмасын.
Синоним. Шайқас.

 

ІІ топ   Тарихшылар

Зат есім. Жамбыл
Сын есім. Отаншыл, мейірімді
Етістік. Айтысты, қайғырды, Жырлады.
Сөйлем. Көзі тірісінде Гомер атанған .
Синоним.Ақын.
 

ІІІ топ  Әдебиетшілер.

Зат есім. Алғадай
Сын есім. Ер жүрек, Батыл.
Етістік. Аттанды,  шайқасты,күресті..
Сөйлем. Ол  Жамбылдың  сүйікті  ұлы .
Синоним.Ақын.

 

ІV топ Дәлелдеушілер
Зат есім. Қуаныш
Сын есім. Сәби,сүйкімді.
Етістік. Ойнайды, жылайды, еркелейді.
Сөйлем. Жамбыл  атаның  алданышы  Қуанышы.
Синоним.Бүлдіршін.
 

Сергіту     

І . Зерттеушілер тобына
Өлеңдегі  ақын қайғысын тауып,  оның  көңіл күйіне тоқталу . «Қарт әкеңді қалай қиып тастадың,өзегім елжірейді, белім ауырады, мендей қарт адамға өлім деген қиын, көзім жастан тыйылмады»-деген.

ІІ. Тарихшылар тобына
“Алғадай туралы ой ” мен “Атаның әлдиі ”өлеңін салыстыру. Кімге арналғандығын анықтау .Ұлы Алғадай мен немересі Қуанышқа арналған.Екеуі де арнау өлең, бір-бірімен байланысты, өзектес.

ІІІ.. Әдебиетшілер  тобына. ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

 

Өлмейтін адам жоқ, өлімді орынсыз деп айтпаймын,қартайдым, шаршадым, тағдырдын салғанына көнемін.

ІV. Дәлелдеушілер тобына.  «Атаның әлдиі ”өлеңі не туралы дәлелде. Немересі Қуанышқа арналған.Алғадай қаза болған соң немересі Жамбылға жұбаныш болған. «Ата-ата» деп ермек болып отырсың, көңілімді көтердің-дейді.

 

 тест
1. Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келді?

А) Мойынқұм ауданына қарасты Хантау баурайында Ә) Шыңғыстау бөктерінде
Б) Көкшетау облысының Қызылту ауданында В) Баянауыл ауданы Қызылтау ауылында
2. Жамбылдың атасының есімі кім?
А) Жабай
Ә) Қанадан
Б) Ыстыбай 
В) Ұлдан
3. Алғадай Жамбылұлы қай жылы дүниеден өтті?
А) 1936 ж. 
Ә) 1941 ж. 
Б) 1948 ж. 
В) 1943 ж.
4. Жамбылдың қобызшы атанған нағашысы кім?
А) Жабай
Ә) Қанадан 
Б) Ыстыбай 
В) Ұлдан
5. Алғадайдың қайты болғанын кімдер естіртті?
А) Ғали Орманов, Әбділда Тәжібаев 
Ә) Мұхтар Әуезов
Б) Абай Құнанбаев 
В) Мұқағали Мақатаев
6. Соғыс уақытында халықтың рухын көтеру үшін радиодан күн сайын Жамбылдың қандай өлеңі оқылып тұрды?
А) «Ленинградтық өренім» 
Ә) «Шағым»
Б) «Кәдірбайдың төбеті» 
В) «Сәт сайланарда»
7. «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» дастандарының авторы кім?
А) С. Аронұлы 
Ә) Жабаев 
Б) С. Сейфуллин 
В) І. Жансүгіров
8. Жамбыл ХХ ғасырдың 80 жылдары айтыста кімді жеңіп өз өлкесінің ең жүйрік ақыны болды?
А) Құлмамбетті 
Ә) Айкүмісті 
Б) Бақтыбайды 
В) Досмағанбетті
9. Жамбыл шығармалары дүние жүзінде қанша тілге аударылған?
А) 15 тілге 
Ә) 10 тілге 
Б) 7 тілге 
В) 40 - тан астам тілге
10. Жамбылды «Жаңа адамзаттың жыршысы» деп кім атады?
А) Ромен Роллан
Ә) Родригес Роман 
Б) М. Әуезов 
В) А. Малышко

Жауабы.

1

А

 

6

А

2

Ә

7

Ә

3

В

8

А

4

Ә

9

Ә

5

А

10

Б

 

Бағалау парағы: Егер жауап бере алмасаң  0 ұпай қоясың. Жартылай жауап берсең  1  ұпай.  Толық  жауап  берсек  2 ұпай  қоясың.

Пәні:  Әдебиет     Күні:12.12.2016ж     Сыныбы:7    Оқушының аты-жөні:

Критерий

Ұпай

Ұпай

1

Үйге берілген өлеңді мәнерлеп жатқа айтым

2

 

2

Дұрыс жылдам оқуды сақтадым

2

 

3

Интонацияға көңіл бөлдім

2

 

4

Өлеңді кез-келген жерден жалғастыра алдым

2

 

5

Сұрақтарға жауап бердім

2

 

6

«Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» өлеңін мәнерлеп оқыдым

2

 

7

Өлең құрлысына талдай білдім

2

 

8

Топпен жақсы жұмыс жасадым

2

 

9

Сабақты жақсы меңгердім

2

 

10

Қосымша тапсырмаларды жақсы орындадым

2

 

 

Егер оқушы  4-6 балл жинаса, бағасы «2»

7-9 балл жинаса, бағасы «3»

10-15 балл жинаса, бағасы «4»

16-20 балл жинаса, бағасы «5»

20/5

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз