О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Жағырапия пән мұғалімі
Джульбикеева Балбекен Алиевна
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің мемлекеттік құрлысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Еліміздің, халықаралық мемлекеттік құрлысы, аумақ, елдердің экономикалық-географиялық жағдайымен таныстырып, анықтамаларды пайдаланып қолданылуын тереңдете түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске, еңбекқорлыққа, іскерлікке, қиындықты ойлана отырып шешуге, логикалық ойлауын дамыту, Жағырапия пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сабақты қайталау арқылы еске сақтау; тез ойлауға, білімді болуға;аудитория алдында мәнерлі сөйлей білуге баулу, шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Электрондық оқулық, тірек сызбалар.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру (Студенттердің сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында төмендегі символдар арқылы жұмыс жүйесі құрылды).
I. 1. " Ой қозғау" әдісі (өткен тақырыптарға сауал тастай отырып, өткенге шолу жасау).
а) Қазіргі дүние жүзінің саяси картасында неше ел мен территория бар?
б) Территориясың көлемі бойынша неше ел көзге түседі ?
в) Экономикалық дамуына байланысты нешеге бөліп көрсетеміз?
г) Батыс елдердің үлкен жетілігіне кіретін елдерді ата?
д) Табиғи экономикалық жағдайына байланысты көшбасында тұрған мемлекеттерді ата ?
е) "Үшінші әлем" дегеніміз не?
II. 2. Топтастыру.
III. Жаңа сабақ.
Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы
Жоспары:
1. Мемлекеттік аумақ.
2. Мемлекеттік құрылыс.
3. Халықаралық ұйымдар.
1. Мемлекеттік аумақ. Экономикалық және әлеуметтік географиядағы негізгі ұғымдардың бірі «мемлекеттің аумағы» деген ұғым. Ол-жер шарының белгілі бір елдің егемендігінде болатын бөлігі. Мемлекттік аумақ қойнауымен бірге құрлық, су және әуе кеңістігі кіреді. Су аумағына ішкі сумен бірге аумақтық сулар кіреді, ол соңғысының мәнісі Дүниежүзілік мұхиттың құрлыққа іргелес 12 теңіз милі шеңберіндегі су деген сөз.Бұған қоса 200 мильдік экономикалық аймақ деген ұғым бар. 12 мильдік аумақтық судан басқаша экономикалық аймақ жағадағы мемлекеттің егемендігінде болмайды. Ол мұнда табиғи ресурстардыөндіріп ала алады. Ал басқа мемлекеттер бұл аймақта тек кеме дәне әуе қатынасы, кабельдер мен құбырлар тарту еркіндігін пайдаланады.Әрбір мемлекеттің екіншісінен бөліп тұрған құрлықтың немесе теңіздік шекаралармен шектеулі аумағы болады.
2. Мемлекеттік құрылыс. Қай елдің болса да, мемлекеттік құрылысы ең алдымен ондағы басқару түріне байланысты. Басқарудың негізгі екі түрі бар.
Республикалық басқару ерекше кең таралған, өйткені дүние жүзіндегі барлық елдердің 3/4-і республикалар болып табылады.
Республика – дегеніміз заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі - өкіметтің қолында болатын басқару түрі.
Монархиялық басқару әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар. Монархия дегеніміз – мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан және т.с.с. болып келетін басқару түрі. Мұндай жоғары өкімет билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.
Ұлыбритания – дүние жүзіндегі конституциялық монархиялық ең көне ел. Король (қазір ІІ Елизавета) – мемлекетттің, сот жүйесінің басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, ағылшын мемлекеттік шіркеуінің, сондай-ақ Ұлыбританияның басқаруындағы, бұрын Британия империясының құрамына енген 510 ел мүше болып табылатын Достастықтың діни басшысы.
Жапония – конститутциялық монархия. Онда император дәстүр бойынша мемлекеттің және ұлт бірлігінің символы болып табылады, бірақ заң шығару билігі парламенттің, ал атқарушы билік – министрлер кабинетінің қолында.
Абсолюттік монархияларда, бұған керісінше, монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған. Алайда қазіргі дүние жүзінің саяси картасында ондай елдер санаулы ғана қалды.
Сауд Арабиясы – абсолюттік монархия, онда мемлекет басшысы (король) заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, сонымен бірге ол премьер-министр, қарулы күштердің бас қолбасшысы және жоғары сот, әрі діни басқарушы болып табылады.
Кез келген елдің мемлекетік құрылысы оның әкімшілік-территориялық құрылысының (бөлінуінің) түріне байланысты болады. Бұл тұрғыдан алғанда барлық елдер унитарлы және федерациялы елдер болып бөлінеді.
1. Унитарлы мемлекет – (латынның unitas – бірлік деген сөзінен шыққан) – елде біріңғай зат шығарушы және атқарушы өкімет билігі болатын әкімшілік – территориялық құрылыс түрі.
2. Федерациялы мемлекет – (латынның foederatio – одақ, бірлестік деген сөздерінен шыққан) – біріңғай (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары (республикалар, провинциялар, жерлер, штаттар және т.с.с.) бар әкімшілік – территориялық құрылыс түрі.
Дүние жүзінде 20 шақты федерациялы ел бар. Кейбір елдердің (Ресей, Бельгия, Үндістан, Нигерия) бұлайша болуы ұлттық-этникалық принципке, екіншілерінде (ГФР, Австрия, АҚШ)- тарихи-географиялық ерекшеліктерге байланысты.
3. Халықаралық ұйымдар.
Мемлекеттер мен халықтар арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар қауырт дамыган қазіргі заманғы заманда әр алуан халықаралық ұйымдардың қызметі өте маңызды болып отыр. Қазір ондай 2,5 мыңға таяу ұйым бар және олар кобейе түсуде. Олар не мемлекеттердің бірлестіктерінің немесе саяси, экономикалық,әлеуметтік, ғылыми техникалық, мәдени салалардағы ортақ мақсаттарға жетуді көздеген үкіметтік емес сипаттағы ұйымдар болып келеді.
IV. Шығармашылық тапсырмалар:
1. Түсініктеме күнделігі (студенттер деңгейлік тапсырмалар орындайды).
КЕСКІН КАРТАМЕН ЖҰМЫС |
||
БАТЫС ЕЛДЕРДІҢ ЖЕТІЛІГІ |
|
СЫРТҚА МҰНАЙ ШЫҒАРАТЫН ЕЛДЕР |
V. Сабақты қорыту (Студенттердің пікіріне қосыла отырып, сабақты қорытындылау)
VІ. Үйге тапсырма (Кескін картамен жұмыс жасай білу)
VІІ. Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі