Алматы қаласы
№128 жалпы білім беретін мектептің
химия пәнінің мұғалімі
Ибрайымова Салтанат Указқызы
Химия ғылымның іргелі бір бөлігі, өндірістің қуатты құралы. Химия ғылымы мемлететіміздің дамуына, әл-қуатының артуына, ауыл шаруашылығына, өнеркәсібіне тікелей әсер ететін практикалық маңызы бар білім беретін сала.
Оқыту үрдісіндегі ең маңызды міндеттер: оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру, олардың білікті, дағдыны меңгеруі бойынша танымдық іс әрекеттерін ұйымдастыру; ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге саналы, білімді, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, ой-тұжырымы, өзінің көзқарасы бар бала тәрбиелеу - кез-келген ұстаз алдындағы үлкен міндет. Химия пәнінен әр тарауды өткеннен кейің оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында, әрі білімдерін тереңдетіп, тиянақты білім жүйесін қалыптастыру үшін тест тапсырмаларын пайдаланып отырамын.
Тест - оқушылардың білімін байқауға, жалпы сыныптың білімін бағалауға, білім сапасын арттыруға көп септігін тигізеді. Осы орайда 8 сыныптың «Ауа. Оттек. Жану» тарауы бойынша құрастырылған тест тапсырмаларын ұсынып отырмын.
Тест 8 сынып III тарау
Ауа. Оттек. Жану
I – нұсқа
1. Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) гидрогениум
В) феррум
С) гидраргирум
Д) оксигениум
Е) купрум
2. Атмосферадағы оттектің бос күйіндегі көлемі неше пайыз?
А) 49,13%
В) 21%
С) 65%
Д) 89%
Е) 11%
3. Оттегі элементін ашқан ғалымдар?
А) М.В.Ломоносов
В) Э. Резорфорд
С) Дж.Пристли мен К.Шееле
Д) И. Берцелиус
Е) Ж. Пруст
4. Химиялық реакция жылдамдығын тездетіп, реакция соңында жұмсалмай қалатын зат
А) өршіткі (катализатор)
В) тежегіш (ингибитор)
С) аллотропия
Д) электролит
Е) бейэлектролит
5. Ашық жалынмен көз қаратпайтын жарық шығарып, ақ ұнтақ түзе жүретін реакция.
А) күкірттің оттекпен әрекеттесуі
В) фосфордың оттекпен әрекеттесуі
С) көміртектің оттекпен әрекеттесуі
Д) темірдің оттекпен әрекеттесуі
Е) күрделі заттардың оттекпен әрекеттесуі
6.Иіссіз, түссіз, ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді.
А) сутегі
В) оттегі
С) азот
Д) көмірқышқыл газы
Е) озон
7. Атмосферадағы озон қабатының қызметі қандай?
А) организмнің тіршілік етуіне жағдай жасайды
В) тыныс алуға көмектеседі
С) тірі организмді ультракүлгін сәуленің күюінен сақтайды
Д) авиацияда, космоновтикада тыныс алу үшін
Е) отынды жағуда
8. Al2O3 – алюминий оксидінің халықаралық жүйеге сай оқылуы
А) диалюминий триоксиді
В) екі алюминий триоксиді
С) диалюминий оксиді
Д) алюминий оксиді
Е) диалюминий трисульфиді
9. Оттегінің қолданылмайтын саласы
А) химия өнеркәсібінде
В) медицинада
С) металлургияда
Д) авиацияда
Е) тұз қышқылын алуда
10. Ауаның құрамы
А) 78% оттек, 21% азот, 1% инертті газ
В) 78% азот, 22% оттегі
С) 78% оттек, 22% азот
Д) 78% азот, 21% оттек, 0,94% инертті газдар, 0,03% СО2
Е) 78% азот, 21% оттек, 0,94% СО2, 0,03% инертті газдар
11. Жылу сіңіре жүретін реакциялар
А) термохимиялық
В) экзотермиялық
С) эндотермиялық
Д) меншікті жану жылуы
Е) реакциялардың жылу эффектісі
12. Реакция теңдеулерінің қайсылары экзотермиялық процестің мысалдары бола алады?
А) 2Hg = 2Hg + O2 – Q
В) CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O + Q
С) 2H2O = 2H2 + O2 - Q
Д) Ca(OH)2 = CaO + 2H2O – Q
Е) CaCO3 = CaO + CO2 - Q
13. Фосфор (V) оксидінің формуласында фосфордың индексі
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5
14.Мn2 О7 марганец (ҮІІ) оксидіндегі барлық индекстердің қосындысы
А) 7
В) 8
С) 9
Д) 10
Е) 11
15. ... Ca + O2 = ...CaO теңдеуінде қалдырылып кеткен коэффициенттердің мәні
А) 2,3
В) 1,1
С) 3,3
Д) 1,2
Е) 2,2
16. Сызбанұсқасы РН3 + О2 = Р2О5 +Х реакция теңдеуінде Х затының формуласы және оның алдына қойылатын коэффициент
А) Н2
В) Н2О
С) 2Н2О
Д) О2
Е) 3Н2О
17. СН4 +2О2 = СО2 + 2Н2О метанның СН4 оттекте жану реакциясы теңдеуіндегі коэффициенттердің қосындысы
А) 6;
В) 7;
С) 5;
Д) 4;
Е) 8
18. Қалыпты жағдайда (қ.ж) яғни 00С температурада 1 атмосфералық қысымда кез келген газдың 1 молі қанша көлем алады.
А) 44,8 л
В) 22,4л
С) 6,02.1023
Д) 67,2л
Е) 101,325 кПа
19. Хлордың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы
А) 0,558
В) 0,987
С) 1,22
Д) 0,224
Е) 0,996
20.Көміртек диоксидінің СО2 салыстырмалы молекулалық массасы
А) 16;
В) 32;
С) 56;
Д) 44;
Е) 48;
21. МnO2 – тегі марганецтің валенттілігі
А) ІІ
В) ІІІ
С) ІҮ
Д) Ү
Е) ҮІ
22. ВаО оксидіндегі оттегінің массалық үлесі
А) 10%
B) 20 %
С) 30%
Д) 40%
Е) 50%
23. 0,5 моль натрий оксидінің құрамындағы оттегі атомдарының саны
А) 5,02 ∙ 1023
В) 3,11 ∙1026
С) 2,21 ∙1024
Д) 4,32 ∙ 1025
Е) 3,01 ∙1023
24. Қалыпты жағдайда (қ.ж) NO2 газының тығыздығы нешеге тең.
А) 1,05
В) 2,05
С) 1,95
Д) 2,34
Е) 3,01
25. 2 моль О2 қалыпты жағдайда неше литр көлем алады.
А) 22,4 л
В) 44,8л
С) 67,2 л
Д) 112л
Е) 11,2л
Тест 8 сынып III тарау
Ауа. Оттек. Жану
II –нұсқа
1. Оттек латын тілінен аударғанда
А) негіз тудырушы
В) қышқыл тудырушы
С) тұз тудырушы
Д) оксид тудырушы
Е) су тудырушы
2. Жер қыртысындағы оттектің химиялық элементтерімен қосылыс түріндегі массасы неше пайызға тең?
А) 21%
В) 65%
С) 11%
Д) 49,13%
Е) 89%
3. Табиғатта қосылыс құрамынан бос күйдегі оттекті бөліп шығаратын реакция
А) фотосинтез
В) айырылу
С) қосылу
Д) орынбасу
Е) алмасу
4. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы
А) тежегіш ( ингибитор)
В) электролит
С) аллотропия
Д) бейэлектролит
Е) өршіткі ( катализатор)
5. Жылу және жарық бөліне жүретін реакциялар
А) тотығу
В) жану
С) тотықсыздану
Д) экзотермиялық
Е) эндотермиялық
6. Көкшілдеу түсті, өзіне тән ерекше иісі бар. Суда аз ериді.
А) оттегі
В) көмірқышқыл газы
С) сутегі
Д) азот
Е) озон
7. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар-
А) негіздер
В) қышқылдар
С) тұздар
Д) оксидтер
Е) негіздік оксидтер
8. Fe2O3 темір (III) оксидінің халықаралық жүйеге сай оқылуы.
А) екітемір три оксиді
В) дитемір оксиді
С) монотемір оксиді
Д) темір( II ) оксиді
Е) дитемір три оксиді
9. Оттегіні сақтайтын ыдыс
А) Бюнзен колбасы
В) Цилиндр
С) Дьюар
Д) Бюкс
Е) Реторта
10. Атмосфералық ауаны ластаушылар көзі
А) оттек тіршілік сақтау кепілі;
В) улы газдардың ауаға таралуы;
С) медицинада қолданылуы
Д) авиацияда қолданылуы;
Е) химия өнеркәсібінде қолданылуы;
11. Жылу бөле жүретін реакциялар
А) экзотермиялық
В) эндотермиялық
С) термохимиялық
Д) реакцияның жылу эффектісі
С) меншікті жану жылуы
12. Реакция теңдеулерінің қайсылары эндотермиялық процестің мысалы бола алады?
А) 2H2 + O2 = 2H2O + Q
В) C + O2 = CO2 + Q
С) N2 + 3H2 = 2NH3 + Q
Д) CaCO3 = CaO + CO2 - Q
Е) S + O2 = SO2 + Q
13. Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 0
14. Сl2 О7 оксидіндегі барлық индекстердің қосындысы
А) 7
В) 8
С) 9
Д) 10
Е) 11
15. ... Ba + O2 = … BaO теңдеуінде қалдырылып кеткен коэффициенттердің мәні.
А) 1.1
В) 1.2
С) 3.3
Д) 2.3
Е) 2.2
16. Сызбанұсқасы H2S + O2 = Х + Н2О реакция теңдеуінде Х затының формуласы және оның алдына қойылатын коэффициент
А) S
B) SO2
C) 2SO2
D) H2
E) 2S
17. 4Р + 5О2 = 2Р2О5 фосфордың жану реакциясындағы барлық коэффциенттердің қосындысы
А) 11;
В) 5;
С) 9;
Д) 8;
Е) 6;
18. Бірдей жағдайда (температура мен қысымда) әртүрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады.
А) Заттар массасының сақталу заңы;
В) Құрам тұрақтылық заңы;
С) Көлемдік қатынастар заңы;
Д) Атом-молекулалық ілім;
Е) Авогадро заңы;
19. Хлордың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы
А) 15,14
В) 17,75
С) 16,8
Д) 15,43
Е) 14,95
20. Күкірт диоксидінің SO2 салыстырмалы молекулалық массасы
А) 32;
В) 64;
С) 16;
Д) 48;
Е) 56;
21. Сr2O3 оксидіндегі хромның валенттілігі
А) І
В) ІІ
С) ІІІ
Д) ІҮ
Е) Ү
22. СаО оксидіндегі оттегінің массалық үлесі нешеге тең
А) 26,4%
В) 28,5%
С) 16,3%
Д) 30,2%
Е) 27,4%
23. 0,6 моль калий оксидінің құрамындағы оттегі атомдарының саны
А) 2,8 ∙ 1023
В) 3 ∙ 1023
С) 3,6 ∙ 1023
Д) 2,45 ∙1024
Е) 6,02 ∙1023
24. Қалыпты жағдайда (қ.ж) СО2 газының тығыздығы нешеге тең.
А) 1,96
В) 2,6
С) 4,2
Д) 3,4
Е) 1,2
25. 3 моль азот N2 қалыпты жағдайда неше литр көлем алады
А) 22,4 л
В) 44,8л
С) 67,2 л
Д) 112л
Е) 11,2л
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі