Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№72 жалпы білім беретін мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Абуова Айдана Ерболатовна
Тақырыбы |
Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері. (9-сынып) |
||
Мақсаты |
Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдерін пайдалану арқылы тақырыппен жұмыс істеуді анықтайды, есептерді шығаруға үйреніп практикада қолданады. |
||
Жалпы мақсат |
Бұрыштың және доғаның градустық және радиандық өлшемдері ережелерін есептеулерде пайдалана білу; есеп шығаруда оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды, өз бетінше ізденеді, өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды, білімдерін дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. |
||
Күтілетін нәтиже |
Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығару жолдарын бір-біріне түсіндіреді, басқалардың қатесін түзейді. Оқушылар жекелеп, топпен, жұппен жұмыс істей отырып ойларын бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды. |
||
7 модульдің қолданылуы |
“АКТ”, “Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”. |
||
Қолданылатын әдістәсілдер |
Миға шабуыл, топпен жұмыс, АКТ, СТО, жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту. |
||
Қолданылатын ресурстар |
Оқулық, интербелсенді тақта, сабаққа қажетті ресурстар (флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, ноутбук, геометриялық фигуралар) |
||
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Тренинг |
Оқушылармен сәлемдесемін. Оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлығын тексеремін. Оқушыларды үшбұрыш және төртбұрыш фигуралары арқылы градус және радиан топтарына бөлемін. Топтар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Алтын ереже құру қажеттігі туралы айтамын. Әр топқа бағалау парағын таратып беремін. |
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Сабаққа керек құрал-жабдықтарын алып отырады. Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. Сандар арқылы топтар өзара бағалайды. |
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім
Қызығушылықтарын ояту (3 мин) |
1) Бұрыш дегеніміз не? |
Жалпы сыныптан үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сурап, диалогқа түсіру. Сонымен қатар жаңа сабаққа көпір ретінде саны туралы интербелсенді тақтадан видеоролик көрсетемін. |
Сұрақтарға жеке жеке жауап береді. Интербелсенді тақтадан видеороликті көріп, өз ойларын ортаға салады. |
Түсіну (10 мин) |
Диалогтік оқыту әдісі арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
ОМ алғашқы орналасу жағдайынан сағат тілінің бағытына қарсы бұрғанда пайда болған бұрыш оң бұрыш, ал сағат тілінің бағытымен бұрғанда пайда болған бұрыш теріс бұрыш деп аталаады.(38-сурет) - қандай да бір бұрыштың градустық өлшемі, a - сол бұрыштың радиандық өлшемі болсын, онда мына пропорция ақиқат: |
Тақырыпты түсінгендерін тексеру мақсатында сұрақ қоямын. Тақырыпқа байланысты есеп шығарып көрсетемін. №260 есеп. |
Оқушылар сұрақтарға топ болып жауап береді. |
Қолдану (10 минут) |
Ойлан, бірік, бөліс тапсырмасы. Кітаппен жұмыс. №260, 261, 263, 264 (а, ә, б), (117-бет) |
Әр топқа тапсырма беріледі, сол тапсырманы шығарып көрсетеді. |
Тапсырмаларды дәптерге жазып, көрсетеді. |
Талдау (7 минут) |
Топтық жұмыс семантикалық картамен жұмыс. Постер қорғау |
Әр топқа тапсырма беру. |
Жеке ойланады, топ болып біріге жұмыс жасайды, басқа топтармен бөліседі. |
Сергіту сәті (1 минут) |
Логикалық есептер. Құмыра |
Оқушыларға логикалық есептер беру. |
Мұғалім берген есептерді шығарады. |
Жинақтау (5 минут) |
Топпен жұмыс. Kahoot арқылы тест тапсырмаларын орындау. |
Get.kahoot.com арқылы құрастырылған 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын интербелсенді тақтаның көмегімен оқушыларға беремін. |
Интербелсенді тақтадағы тестті kahoot.it сайтына кіріп орындайды. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. |
Бағалау (2 минут) |
Топпен бағалау парақшалары |
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын таратамын. |
Екі топ бір-бірін топпен бағалайды. |
Үйге тапсырма (1 минут) |
№264 (в,г), 265 есептер. 117-бет |
Оқушыларға үй тапсырмасын интербелсенді тақтадан көрсетемін. |
Оқушылар күнделігіне жазып алады. |
Рефлексия (2 минут) |
Рефлекциялық нысана. Стикерлерді толтыру. |
Оқушыларға стикер толтыруды ұсынамын. |
Ұсынылған стикерлерді толтырады. |
Жасулан
сабақ жоспары жүйелі құрастырылған. Керемет