Өлең, жыр, ақындар

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мұхтар негзгі орта мектебі

Ахметова Мақпал Токтарбаевна

Математика 5 сынып

Сабықтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды координаталық сәуледе ондық бөлшекті кескіндей білуге, нүктенің координатасын ондық бөлшек түрінде жаза білуге, координаталық сәуле бойында кескінделген ондық бөлшектерді салыстыра білуге, ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыра білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, ойынға қатысты үлестірме парақшалар, смайликтер, бағалау парағы

Оқыту әдістері: түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс, топпен жұмыс

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  І. Ұйымдастыру кезеңі.  ( 5 мин)

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, оқушыларды 2 топқа бөлу, сабақтың барысымен таныстыру.

ә) Психологиялық, саяси-ғылыми ахуал.

Мұғалім сөзі:

  • Оқушылар, біздің елімізде болып жатқан жаңалықтарды естіп, хабардар болып жүресіңдер. Қазіргі еліміздегі басты, әрі маңызды қандай ақпараттан хабардарсыңдар?
  • Ия, дұрыс айтасыңдар. Жақсы, өткен сабақта сендерге сайлауға қатысты сұрақтар берілген болатын. Жауаптарын таптық па?

Сұрақтар:

1. Биылғы жылы өтетін  қандай сайлау?

Жауап: Парламент мәжілісінің депутаттары мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы.

2. Сайлау қай күні өтеді?

Жауап: 2016 жылы 20 наурызда

3. Парламент мәжілісіне неше депутат сайланады?

Жауап: 107 депутат

4. Осы депутаттар ішінде неше депутат Қазақстан Халықтар Ассамблеясынан сайланады?

Жауап: 9 депутат

5. Аудандық мәслихатқа неше депутат сайланады?

Жауап: 12 депутат

  • Оқушылар сендер сайлауға деген көңіл күйлеріңді қалай білдіресіңдер?

Жауап:  «Біз сайлауды қолдаймыз!» (оқушылар қолдарын көтеріп, бірдей жоғары секіреді)

  • Тамаша! Дәл осындай көңіл күймен біз сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  (2 мин)

Оқушылардан үй тапсырмасын ауызша сұрау. №1266, №1267, №1269. 

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау. ( 2 топқа тест тапсырмаларын беріп,  дайын болған топ 1-ші жауап береді)    ( 7 мин)

1-топ:

1. Ондық бөлшек дегеніміз не?

А) бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан

Ә) бірліктен де кіші разрядтары бар, ондық жүйеде жазылған сан (+)

Б) қысқартылмайтын бөлшек

2. 0,5 ондық бөлшегіне тең бөлшекті көрсет:

А) 0,10

Ә) 0,500 (+)  

Б) 5,0

3. Ондық бөлшектерді неше тәсілмен салыстыруға болады?

А) 3 (+)

Ә) 2

Б) 5

4. 0,6; 1,4; 1 сандарының қайсысы координаталық сәуледе оң жақта кескінделген?

А) 0,6;

Ә) 1,4; (+)

Б) 1.  

5. Бос орынды (     ) теңсіздік тура болатындай етіп, цифрмен толтырыңдар:

0,(  )8 > 0,8(  ); 

А) 0;

Ә) 8;

Б) 9. (+)

2-топ:

1. Ондық таңбалар дегеніміз не?

А) ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары (+)

Ә) ондық бөлшектің бүтін бөлігін көрсететін сан

Б)  бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан

2. Мына сан ондық бөлшекпен қалай жазылады: он екі бүтін мыңнан сегіз?

А) 12,1008

Ә) 12,080  

Б) 12,008 (+)

3. 1,7 бөлшегіне тең бөлшекті көрсет:

А) 1,07

Ә) 1,7000 (+)

Б) 1,707

4. Бөліндіні ондық бөлшек түрінде жаз:    7:10.

А) 7,10

Ә) 0,7 (+)

Б)  0,17

5. Бос орынды (     ) теңсіздік тура болатындай етіп, цифрмен толтырыңдар:

0,(  )9 > 0,7(  ); 

А) 0;

Ә) 8; (+)

Б) 9.

IV. «Бинго» ойынын ойнату.  ( 20 мин)

10 ұпайдың сұрақтары - ауызша жауап беруге арналған;

20 ұпайдың сұрақтары - тақтамен жұмыс жасауға арналған;

30 ұпайдың сұрақтары – оқулықпен жұмыс жасауға арналған.

( Тақтадағы ілінген «Бинго» тақтасында жоғарыда 3-10ұпай, ортада 3-20ұпай, төменде 3-30ұпай сандары көрсетілген үлестірме парақшаларды топтар таңдаулары бойынша тапсырмаларын орындайды. Бағалау парақтарына әр смайлик 10 ұпай деп бекітіліп, жапсырылып отырады.)

 Ұпай сандары саналып, жеңген топ анықталады.

V. Сергіту сәті. ( оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады)  ( 5 мин)

1. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?

2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?

3. Балықшы балық аулады. «Қанша балық ауладың?» - деген сұраққа: «Сегіздің жартыс, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз» -деп жауап береді. Балықшы қанша балық аулады?

VI. Бекіту. ( топтар бір-біріне сұрақ қояды)  (5 мин)

VII. Бағалау. ( оқушылар бағаланады)   (1 мин)

VIII. Үйге тапсырма беру. №1264, №1270. ( үй тапсырмаларын орындауға нұсқау беріледі)   (2 мин)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз