Өлең, жыр, ақындар

"Тоғызқұмалақ" ұлттық ойын

Ұзақмерзімді жоспарының бөлімі: Ұлттық және зияткерлік ойындар.

Күні:16.06.17

Сынып: 5

Мектеп: Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нуртазин Айбек Нурахметович

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

“Тоғызқұмалақ” ұлттық ойыны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.3. Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтай білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Балалар сабақта ойынының ережесін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Балалар сабақта алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, тоғызқұмалақ ойынын ойнайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Ойын ойнау кезінде, тұздық қоя алады кейбір тактикалық тәсілдерді шеше алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар біледі:

  • Тоғызқұмалақ ойынға қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтау.
  • Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдерді қолдана алады: тақта, қазан, отау, құмалақ, бастаушы , қостаушы , тұздық, атсырау.
  • Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестерді пайдаланады: ойын тақтасы, екі ойыншы, жүріс жасау, тарату сәті, қазанға салу, көрші отау, тұздық алу, арнайы белгі, жүріс мөлшері, ойынның есебі.
  • Талқылауға арналған сұрақтарды қолданады: Ойын нешеге дейін созылады? Ойын барысында қалай есеп жүргізіледі? Ойыншылардың саны қанша болу керек?

Құндылықтарды дамыту

1.Ұлттық идея“Мәңгілік ел”

2. Азаматтық жауапкершілік, құрмет, серіктестік, өнер, ашықтық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану,өнер, ана тілі сабағы(терминдерді орынды қолдану), математика (есептеу дағдысы)

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, видеожазба,

Алдыңғы оқу

Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

5 минут

 

 

  1. Балалармен амандасуы.
  2. Сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстыруы.

Балалардың уәжін көтеру ойыны.

«Ұшты-ұшты» ойыны.

Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.

Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:

— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».

Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.

Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.

 3.Бой сергіту жаттығулары

 4.Тоғызқұмалақ ойынына сәйкес қауіпсіздік сақтау ережелерімен таныстыруы:

  1. Тәртіпті сақтау.
  2. Бір-бірін итермеу.
  3. Ойын барысында құмалақтарды шашпау.

Сұрақ жауап арқылы топтарға бөлу. (Саралау)

 1. Бірінші жүрісті жүретін ойын. қалай атайды.

 2. Екінші жүрісті жүретін ойын. қалай атайды

 3. Қазан дегеніміз не.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10минут

15 минут

 

 

 

3 минут

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұлттық ойындар:

Тоғызқұмалақ

  1. Ойынға қатысты ортамен, ойын ережесімен, тарихы мен құралдарымен  таныстыру:

Ойынның тарихы: Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды.Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады.

Ережесі:Тоғызқұмалақ ойыны – тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Бастапқыда әр отауда тоғыз құмалақтан орналасады. Ойынды солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орнына бір құмалақ қана қалдырып, қалған сегіз құмалақты түгелімен аласыз да, келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығасыз. Ойыншылардың мақсаты – неғұрлым көп құмалақ алу. Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды шамасы келгенше жұп ұстауға, қарсы жақтың отауларын тақ жасап отыруға тырысады. Тақ санды отауларға үздіксіз шабуыл жасалады. Қазандарға ойыншылардың ұтыстары жазылады.

Тоғызқұмалақ ойыны негізінен екі адамның арасында өтеді. Ойынды кім бастайтынын жеребе тарту арқылы анықтайды. Ойынды бастайтын ойыншыны бастаушы деп, ал қарсыласын қостаушы деп атайды. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасап отырады.Ойынды бастаушы ойыншы өзінің кез-келген отауынан жүре алады. Ол үшін ойыншы жүріс жасайтын отауының ішінде бір құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды қолына алып, келесі оң жағындағы отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта), қолындағы құмалақтар таусылғанша бір-бірден салып шығады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп және сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса онда бұл жүріс табысты болды деп есептелінеді де, ойыншы сол отаудағы құмалақтардың барлығын өзінің қазандығына салып алады.Мақсаты:Тоғызқұмалақ өнерінің өміршеңдігін түсіндіру.  «Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. (Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары.)

Ойынға жататын құрал-жабдықтар:

компьютер, интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта, құмалақтар.

 

6.Тақырыпқа сай қалыптастырушы бағалау бойынша деңгейлік тапсырмасын орындай алады

І – деңгей тапсырмасы:

1.Тоғызқұмалақ ойынына жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81 б) 82 с) 162

2.бірінші жүретінойыншыны не депатайды?

а) бастаушы б)қостаушы с) жүрүші

3.Ойын тақтасындажалпынешеотау бар?

а)9 б)18 с)16

4.Әр жақтыңжеңіпалғанқұмалағынсалатынорын.

а)отауб)тақта с)қазан

5.Қай отауғатұздыққойылмайды?

а)тоғызыншыотауғаб)екіншіотауғас)алтыншыотауға

Бағалау критерилері:

А)ойынға неше құмалақ қажет? 0-балл бұрыс, 1-балл дұрыс

Б)неше құмалақ алған ойыншы жеңіске жетеді? 0-балл бұрыс, 1-балл дұрыс

С)Қай отауға тұздық қойылмайды?0-балл бұрыс, 1-балл дұрыс

 

ІІ-деңгей тапсырмасы:

Сәйкестендіру тесті

1.отау „ Көкмойын“

2. отау „Бел“

3.отау „Қандықақпан“

4.отау „Маңдай“

5. отау „Атөтпес“

6. отау „Тектұрмас“

7 .отау „Арт“

8 .отау „Белбасар“

9 .отау „Атсыратар“

ІІІ-деңгейтапсырмасы:

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу: 415,710,520,216,818,925,730.Жүрісті дұрыс есептегенде құмалақтың қайсы отауға түсетіні анықталады. 1. І –балл біледі. 2. 0 балл- білмейді.

Ойын ойнайық

7.Ойын “Кім жылдам?”(Тоғызқұмалақ ойынына қатысты сұрақтарға жауап беру (Сұрақ- жауап әдісі):

Тоғызқұмалақ қандай ойын?

Ойынның аты не мағына береді?

Неше құмалақ қажет?

Қостаушы деген кім?

Бастаушыдегенкім?

Қазандеген не?

Ойынныңқандайқұралдарынбілесіңдер?

Үйгетапсырма:

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отау аттарының мағынасынанықтау үшін іздену.

 

 

 

http://9kumalak.com/ сайтынан алынған материал, суреттер мен кестелер сұрақ парақшалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоғызқұмалақ

тақтасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қаламдар, дәптерлер.

 

 

 

 

Республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар топтамасы, тоғызқұмалақ спортына арналған әдебиеттер, екі ойын тақтасы, құмалақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптер, қалам, сұрақтар парақшалары

 

 

 

компьютер, интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта, құмалақтар.

 

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ

Оқушыға мейлінше қолдау көрсету үшін 3 деңгейлі тапсырмаларды орындауды қолдаймын

Оқушы білімін тексеру үшін, критериалды бағалау, ауызша бағалау және кері байланысты қолдаймын.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау, физикалық жаттығу мен ақыл қызметін реттеуді бақылаймын.

Сабақтың соңы

1 минут

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерісенгіздім және неге?

 

Қорытынды бағалау

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар тоғызқұмалақ ойынының тарихы, ережесі мен мақсатымен таныс болды. Жоспарланған саралау жақсы іске асты. Уақытты тиімді пайдаландым.

Ең жақсы өткен екі нәрсе:

  1. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қойылған мақсатқа жетті.
  2. Сабаққа арналған уақытын тиімді пайдаланып, берілген тапсырмаларды орындады.

Қандай екі нәрсе немесе тпсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

  1. Логикалық тапсырмаларды көбірек орындау.
  2. Бағалаудың түрлі әдістерін қолдану.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

  1. Саралауды көбірекқолдану.
  2. Топта ұмыс істеу әдісін қолдану.

Смайликтер

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз