"№ 5 Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" ММ
Дайындаған: Абельдинова Гүлвира Зейноллақызы
І санаттағы тәрбиеші
Кіріспе.
Ұлттық рух бойымыздан жоғалған
Қашан, қалай оралары белгісіз.
Күзде талдай жапырағы тоналған
Ұрпақ жайын ойланыңыз енді сіз...
Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда оқушыға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Елбасының «Қазақстан-2030» басты стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - ең басты өзекті мәселе.
ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына жалпы әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу-адамзат алдындағы басты міндет.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған.
І Негізгі бөлім.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақ-стандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.
Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез-келген мектептің мақсаты мен мұраты өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі- тәрбие.
Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі-тәрбие. Тәрбие- мәңгілік және адамзаттық... Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген - ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.
Рух дегеніміз – мәңгі шексіз, махаббат пен мейірімнен тұратын, әр адамның ой, сөз, ниет, пиғыл, іс-әрекетіне, өмірлік рухани ұстанымдармен тікелей байланысты, таза сана мен ақыл, күш-қуат, бірлікке негізделген ғаламдық, өрістік-ақпараттық жүйе.
Қорытынды.
Қорыта келгенде, оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді.
Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсеткендей, оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда жатыр деп түсінемін және ол кезек күттірмейтін мәселе.
Жас ұрпақты рухани-азаматтыққа тәрбиелеу қай елдің, қай кезеңнің болмасын маңызды мәселесі болып келгеніне көз жеткізуге болады. Ендеше, оқушыларға халқымыздың рухани байлығын, мәдениетін, дәстүрін, терең таныстырып, ойшылдарымыздың ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни, рухани-азаматтық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қосымша «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен».
Мақсаты:
1. Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру. Қойылған сұраққа ойланып, толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
2. Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып, үлкенді сыйлауға, ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету. Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды, иманды болуға баулу.
3. Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту. Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау..т.б.
Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі сюжетті суреттер.
Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
- Қайырлы күн, балалар! Бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз.
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
ІІ.Психологиялық дайындық.
- Егер көңіл күйлерің жақсы болса, бастарыңды сипаңдар.
- Егер сабаққа дайын болсаңдар, қолдарыңды шапалақтаңдар. – Өте тамаша, енді мына суреттерге назар аударайық.
IIІ.Кіріспе бөлім:
Сурет бойынша жұмыс.
Бұл баланы кім дейді?
1. Үлендерді сыйлаймыз,
Айтқандарын тыңдаймыз.
Кішіге ағамыз,
Құшаққа аламыз.
Еңбекті сүйеміз,
Бақытқа ие біз.
Бұл баланы кім дейді?
(әдепті бала)
2 . Өзінен үлкен кісіні,
Сыйлауды ол білмейді.
Шықпай жатып көшеге,
Үсті басы кірлейді.
Бұл баланы кім дейді?
(салақ бала)
- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен» тақырыбында ой бөлісіп, өзара пікір алысып, әңгімелесетін боламыз.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың , мәңгі сені.
Болашаққа бастаған дана тілім.
Адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады.
- Әдептілік деген сөздің синонимдерін табыңдаршы?
(Мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, достық, өзара көмек, үлкенді сыйлау, кішіпейілділік).
- Әдептілікті бізге кім үйретеді? (ата – ана, ата – бабаларымыз , ұстаздар).
- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі-үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).
Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.
Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?
Автобус көлігіне.
Ендеше, аялдамадан автобус күтейік. (Әже аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.
Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыс па?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.
- Жоқ дұрыс емес,үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып,өз ойларын білдіреді.
— Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек -деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.
Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.
Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге
«Не деу керек?» өлеңін айтайық.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді,
Не деп барып, жеу керек?,
- Рахмет, сізге деу керек.
— Өте жақсы.
Қандай сиқырлы сөздер білесіңдер, соны топтастырайық.
«Жалқаудың арманы» өлеңін Салима мен Ұлболсын айтып береді.
Мұғалім сабақ сұрамаса, Апа, есікті жаба салшы,
Үйде інім жыламаса, Ілгенін сала салшы,
Сиыр суды ішіп келсе, Жалқау әрең ыңыранды;
Тамақ алға пісіп келсе, Жел соқпай ма,
Отыңды апам жара салса, Сол жаппай ма?
Көкем нанға бара салса, Үйдің ішін суық алды.
Сонда қамсыз жатар едім,
Тәтті ұйқыға батар едім.
- Балалар, жалқаудың жауабы дұрыс па? – Жоқ.
Олай болса,сендер ондай жалқаулықтан, жаман әдеттен аулақ болып, жақсы әдепті үйренуге тырысыңдар. Әр уақытта жақсы қасиеттеріңмен көрініңдер. Шыншыл, адал бол. Өзіңнен үлкеннің ақыл–кеңесін тыңда. Кішіге мейірімді, досқа қайырымды бол, қиын кезде жалғыз тастама. Әр кез достарыңмен шынайы қарым-қатынаста болуға тырысу керек.
Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті.
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым -Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім.
— Балалар, бізге Әдемі қыз суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.( тақтаға ілдіру).
— Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Айдана қай қалтаға салады екенін көрейік.
— Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
— Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?
Махаббат қандай қалтаға салады екен.
— Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
— Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала.
— Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
— Жақсы. Шыңғыс қандай қалташаға салады екен.
Өте жақсы, енді екінші тапсырмам.
— Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?
— Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.
Тәрбиеші: — Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
Мұрат: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.
Джахангир: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Махаббат: Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Айдана : Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс – табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
Әдемі қыз:
- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет- деп сыныптан шығып кетеді.
- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.
Салима : Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
- Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
«Ақиқат немесе жалған» ойыны
Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.
Пікірлер:
Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын.
Ініме оқу үйретемін, Кішкентай баланы ұрмаймын.
Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін
Сабақтан кешікпеймін, Досыма көмектеспеймін
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын
Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітіп сөздер айтамын
Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын, Әкемнің айтқанын тыңдаймын.
Үлкендерге сәлем беремін, Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын
Күлді баспаймын, Жақындарыма көп жақсылық жасаймын
Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!
Тренинг: «Алақан».
Қағазға алақандарын бастырыңдар да, өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді жазыңдар. (Оқушылардың ой – пікірі тыңдалады).
(ақылды, адал, білімді, тәртіпті, әдепті, ұқыпты, талапты, мейірімді, еңбекқор, шыншыл).
Қорытынды:
— Әдемі қыздың әкелген тапсырмаларын орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды.Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың нақыл да, тәрбиелі өлеңін оқып берейін.
(Абай атаның суреті) көрсету.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап,еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
— Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі жадыларыңда сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп,әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай,тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі