Қызылорда қаласы
№268 орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Үсенбекова Аида Үсенбекқызы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауында біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала беретінін, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиістігін, сонымен қатар Қазақстандықтардың мақсаты, болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілін еркін меңгеруінде екендігін атап айтты.
Яғни, бұл мақсатқа жету мақсатында қандай жолдарды қарастыру керек, міне осы мәселеге тоқтала кеткім келді. Қазіргі таңда үш тілді меңгерту жолындағы бастама мектепке дейінгі тәрбиеленушілерден басталып, бастауыш сыныптардан бастап- жазу, сөз жаттау, сұрақтарға жауап беру және де мұғалімнің кәсіби шеберлігінің арқасында бастауыш сыныптарда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігінің даму үстінде. Олай болса, әуелі құзыреттілік ұғымына тоқталғанды жөн көрдім.
Құзыреттілік - «icті біліп» іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдеттe, белгiлі бір әлеуметтiк-кәсiби мәртебесі бар адамдарға қатысты пайдаланылады. Оның орындайтын міндеттері мен ағылшын тілінің күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай бiлiм мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін айқындайды.
Сонда құзыреттiлiк ұғымы қазақ тілінде белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкiндiк немесе құқық беретін адамның қабiлеттiлігi деген мағынада қолданылады.
Қазіргі кезде кез-келген адамның жылдам өзгерiп жатқан өмiрде өз орнын дұрыс тауып, бәсекеге қабілеттi болуы өзін қоршаған ортада басқа адамдармен, ұжыммен, топпен қарым-қатынас орнатуы, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пiкiрiн білдiру үшін жоғарыда айтылған коммуникативтік дағдылардың маңызы зор. Сондықтан да мемлекеттiк құжаттарда коммуникативтiк дағдыларды дамыту басты назарда болып отыр.
Коммуникативтiк құзыреттiлік бұл коммуникативтiк мәдениеттіліктің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттiлiгiн қалыптастыру оның тiлдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігiн де жетілдіреді.
Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тiкелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүрiне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілiкті меңгергені.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшiн жүргiзілетін жұмыс түрлерi оқушылардың
• Қатысым және жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға
• Сөйлеу тiлiн дұрыс меңгеруге
Жеке тұлғаның құзыреттiлік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететiнін көруге болады.
Бастауыш сынып оқушылары коммуникативтiк құзыреттiлігi қалыптасқан екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бiр ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетiніне көз жеткізілді.
Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастырғанда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамыз.Әңгімелесе бiлу,диалогтiк тiлді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктiлік болып табылады.
Диалогтік әдiсті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды,өтінішті,таңдануды, бұйыруды қолданыпб бiр-бірiмен әңгiмелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрарға, келіспеушiлік,толықтыру, тiлдiк материал көлемінде өзара пiкiр алыса білуге дағдыландырамын.
Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктiлiктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркiндігін сақтау жолымен жүргiземін.
Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес бастауыш сынып оқушыларының еркiн түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда ролдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін.
Ролдік ойын кезiнде оқушылардың коммуникативтiк құзыреттiлігiн дамытуда сөздік қорларының да орны ерекше. Оқушылардың диалогтiк ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.
Бұл әдiс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылатын лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тiлінiң белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.
Бастауыш мектептерде ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушыларға шет елдік бiлiм берудің коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың жоғарғы деңгейіне жету жетiстiктері, яғни оқушылардың шет елдік және өзге тіл өкілдерімен түсінісіп, еркін қарым-қатынас жасай алуы болып табылады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі