Қазақ әдебиеті: 10-сынып
Пән мұғалімі: Шахаманова Гулбала Сейдигаппаровна
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім шығармаларының Абай шығармаларымен үндестігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ақын шығармаларының мән-мағынасын түсіну, шығарманың тақырыбы, ақынның қайраткерлігі, сын тұрғысынан ойлауға, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын шыңдау;
Дамытушылығы: Сөйлеу мәдениетінің, талдау дағдыларын, іскерлік белсенділігін шығармашылық ізденістерін шыңдауға ықпал ету, білім-білік дағдысын оңайдан күрделіге жетілдіре отырып, сын тұрғысынан ой тұжырымдауға, ана тілінде шешендікпен сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, туған жер, Отан, тілді құрметтеу, еңбексүйгіштікке, әділдікке, өмірге белсенді тұлға етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа білімді меңгеру, зерттеу
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, түсіндіру, іздендіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, смайликтер, теңгерім дөңгелегі, флипчарт, стикерлер, бейнежазба, Блум таксономиясы
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушы назарын сабаққа аудару
2.Сабақ жабдығын әзірлеу
3.Оқушыларды түгелдеу
II.Топқа бөлу (смайлик арқылы)
I топ-Ғалымдар
II топ-Жазушылар
III топ-Ақындар
Әр топ өз ережелерін құрады.
II.Үй жұмысын сұрау
Теңгерім дөңгелегі (өзін-өзі бағалау)
1.Ш.Құдайбердіұлының өмірі, өскен ортасы туралы не білесіңдер?
2.Ақын шығармаларының тақырыптары қандай?
3.Ақын поэмасының негізгі тақырыптары қандай? Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер
4.Абай мен Шәкәрім шығармаларының өзара ұқсастығы, үндестігі неде? Қалай дәлелдер едіңдер?
III. Өлеңдерін жатқа оқыту. Ақынның насихат өлеңдері, ғылым, білім жастарға айтар ақыл кеңесі қандай?
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Ғибрат алар артыңа сөз қалдырсаң,
Шын бақыт-Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Шәкәрім.
Шәкірім-Абай бастаған жаңашыл, әдебиеттің Шығыс әлеміндегі аса ірі, көрнекті ғұлама өкілі, өнеге, өсиетке, даналық пікірге толы азаматтық парасатпен жазылған ерекше мәдениет, кең құлашты, бедерлі, өрнекті жырлардың авторы, шебер суреткер, талғампаз, әрі мөлдір әуезді лирик, тарихи романдар жазған ірі талант, ғалым-теоретик, эстетик-сыншы, 19 жасынан қазақ шежіресін жинап жазған зерттеуші.
Шәкәрім-Шығыс, Батыстың адамзаттың ірі өкілдерін халқына таратушы, дарынды аудармашы. Жүрегінен жалынды әндер щығарған сазгер. Араб, Батыс Еуропаны аралаған жиһангер қажы.
Ақынның көркемдік әлемі ақиқат шындықты жете танып, оны құнарлы оймен, құнды сөзбен жеткізе білуден басталады. Шәкәрім ұстазы Абай поэзиясының көркемдік әлемі тәжірибесін игере отырып, өз шығармаларында оның алуан мүмкіндігін көрсетті.
1.Шәкәрімнің ұлы Абай сияқты халықты бақытқа жеткізудегі сәулетті өмірге бірден-бірі.
Ғылым,өнер,мәдениеті, еңбек, адалдық, әділет деп білуі, соған үндеуі. «Насихат», «Талап пен ақыл», «Ашу мен ынсап», « Мен кетемін», «Мал жимақ» т.б өлеңдері.
2.Ақын мұрасындағы ерекше тақырып еңбек тақырыбы екендігі- «Адамдық борышың»
3.Жастық, махаббат, тақырыбы. «Шын сырым», «Жастарға», «Жастық туралы»
4.Өнер, өлең, сөз құдіреті мен қасиеті туралы өлеңдері. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Анадан алғаш туғанда»
5.Қазақ қауымындағы әкімдер, ел жақсылары, болыс, мансапқорлар өкілдері. «Жуандар» «Бай мен кедей»,т.б
6.Ақынның философиялық,педагогикалық, психологиялық ой жүйесін білдіретін өлеңдері. «Дүние мен өмір», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Анық пен танық», «Кәрілік» т.б
7.Дін, дін иелері туралы өлеңдері. «Шыннан артық құдай жоқ», «Тура жолда қайғы тұрмас», «Қысқа сөз» т.б
8. «Әділ-Мария» романы, «Шын бақтың айнасы», «Мәнді сөздер», «Үш анық» атты прозасы.
9.Аудармалары: Пушкиннен «Дубровский», «Боран» аудармасы « Крез патшасы» т.б
V.Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру, өлең құрылысына қарай талдау
VI. Салыстыру жұмысы
Шыққан орталары |
Абай Құнанбаев |
Шәкәрім Құдайбердіұлы |
|
Өмірдегі мақсаттары |
Табиғат-Адам-Қоғам проблемасы.Үндестік |
||
Халыққа деген қарым-қатынастары |
Тапқырлық, суреткерлік, ұлттық бояу |
||
Шығармаларындағы өзара ұқсастық.(қара сөздеріндегі) |
«Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» |
«Мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты», «Жастарға», «Ашу мен ынсап», «Талап пен ақыл», «Насихат», «Мал жимақ» |
|
|
|
|
|
VII. Саралаңыз, зерттеңіз ( Ойлан, ойбөліс әдісі)
Тіл құралы |
Мысалдар |
Дәлелдер (Өз пікірің) |
Мақал-мәтелдер |
|
|
Шешендік сөздер |
|
|
Қарапайым халық тілі |
|
|
Өзі жиі қолданатын сөздер |
|
|
VIII. Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» ән тыңдау.
IX. Ойтолғау. «Даналар сөзі-ақылдың көзі»
X. Сабақты қорытындылау. Блум таксономиясы
Шындығында да, адамның өмірі әрдайым бірыңғай бола бермейді. Алайда қиындық атаулыны тудыратын адамның өзі. Өмірді мәнді ету үшін пайдасыз іске құмарланба, не істесең де ойлан. Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл, бойыңды таза ұста! Міне, ақынның адамгершілік нысаны.
Шәкәрім реализмі-Абай реализімінің заңды жалғасы. Ол өз дәуірінің шындығын суреттеді. Ол айналасындағы кемшіліктерді, адам бойындағы мінез-құлқындағы кереғар пікір, надандық жалқаулықты сынауы. Олардың жаңашылдығы-оқу, білім, өнер іздегенде, талғампаздықпен таңдай біл деуі- бүгінгі ұрпақ үшін де қымбат ғибрат. Шәкәрім лирикасы мен поэмаларындағы философиялық терең ойшылдық Абай дәстүрімен әрдайым үндеседі.
«Теңгерім дөңгелегін» жинақтау
ХІ. Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардың білім дәрежесін айқындау
ХІІ. Үйге тапсырм а:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі