Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы, «Балдырған» бөбекжай балабақша тәрбиешісі Әбдіғалиева Ғ.М.
Эссе,ой-толғау.
Балаларды сурет салуға қалай үйретуге болады?
Кішкентай балалар сурет салуды қызықтардың ішінде ең қызықтысы деп ойлайды.Үсті басын бояу-бояу қылып, жан-жағына субояқты жағып қуанады: өмір қызыққа толы екенін осындайдан бастап түсінеді.Айнала өмірден алған әсерлерін қағаз бетіне түсіре бастайды.Өзіңіз сурет салудан хабарыңыз болмаса әрине сізді балаңызды сурет салуға қалай үйретуге болады деген сұрақ мазалауы мүмкүн.Есіңізде болсын,суретші болмасаңызда көптеген амалдар арқылы ерекше қызықты суреттер салуға болады.Ата-ана,педагогтардың тәрбиелеуі,баланың өзін өзі тәрбиелеуі де шығармашылығына әсер етеді.Қарындашпен .бояулармен өзінің эмоциялық әсерлерін қағаз бетіне түсіріп бала шығармашылыққа ұмтылыс жасайды.Бұндай ұмтылыстарына үлкендер қолдау көрсетіп көтермелеулері керек.Біз ересек адам болғансоң баланың жарға,еденге сурет салғанын көріп ашуланамызғбалаға ұрысамыз.түсіне білсек,сурет салу баланың тұлға ретінде қалыптасуына үлкен бір тура жол.Ұрыспас бұрын ойланып алып,ашуыңызды ақылға жеңіп баланың іс-әректін жәймен тиісті арнаға бұрыңыз.Сурет салу бала үшін рухани азық,соны ұмытпаңыз.Баланың ойлау қабілеті мен сурет салу қабілеті өзара байланысты.Көру рецепторлары, бұлшықет арқылы сезіну анализаторлары бәрі сурет салу үстінде іске қосылып баланың дамуына талпыныс күштерді оятады.Есте сақтау қабілеті,зейінділік,ұсақ моторикасы дами түседі де баланы ойлана білуге,өлшеп салыстыра білуге,ойдан шығарып қиялдай білуге үйретеді.Әр бала-өзіндік тәртіп ережелері бар,сезімі бар жеке дара бір әлем.Неғұрлым өмірден көп әсер алатын болса,соғұрлым оның ішкі дүниесі бай, оның ойлау қабілеті жарқындай түсіп ерекше қасиетті болады.Суретке деген интуитивтік талпыныстары уақыт оза мәнді,мағыналы болып қалыптасады. «Баланың қабілеті мен дарындылығының бастауы оның саусақтарының ұшында .Саусақ ұшынан таралатын нәзік бастаулар шығармашыл ойды сусындайды.Басқа сөзбен айтқанда,неғұрлым бала саусағында шеберлігі мол болса,соғұрлым бала ақылды да адами қасиеттерге бай болады.»-белгілі педагог А.В.Сухомлинский басып айтқандай.Баланы сурет салуға үйрету деген ойға келсеңіз,төменгі қағидаларды есте ұстаңыз:
*Ешқашан балаға тапсырыс бойынша сурет салуын өтінбеңіз.Тек ғана бірнеше варианттарды ұсынуға болады.Қыштамаңыз.Баланың өз ойы болуы керек:сіздің ұсынысыңызды қабыл етема әлде мүлдем басқа сурет саламаоны шешуге өзіне қалдырыңыз.
*Баланың суретін жамандап немесе сынға салмаңыз.Өйткені,бала әлі жас,ол әлі үйреніп келе жатыр.Суреті сізге ұнамауы мүмкүн,бірақ ол жанымен қабылдап салды.Үнемі суреттерін сынға салып,кемшіліктерін бетіне баса берсеңіз бала сурет салудан мүлдем бас тартуы ықтимал.
*Баланың суретін өзіңіз әдемілемеңіз.Бұнымен баланың ойына өзіне деген сенімсіздік,жігерсіздік ұялатасыз.Кейбір ата-ана баласының суретін өңдейді де,зінің салғаны деп тумаларының,достарының алдында мақтанады.Бұл,әрине, дұрыс емес.Стандартты емес сурет салу жолдарын немесе әдістерін қолданыңыз.Ойткені,бала түсіну керек:бастысы-оның қиялы.
*Бұрынғы уақыттарда салған суреттерді әлсін-әлсін тамашалауды ұмытпаңыз:баланың сурет салудағы өзінің даму сатыларын көріптұрып біліп жүруы керек.Баланың салған суреттерін көрнекті жерге іліп қоюыңызды ұмытпаңыз.
Кішкентай баланың төл туындылары.
Баланы қай жастан бастап сурет салуға үйрете беруге болады деген сұраққа көбісі «Екі жастан»деп жауап беріп қателеседі.Бір жасқа толмаған баланы сурет салудың алғашқы сатыларын үйрете беруге болады.Бояулар әлемі баланы алты айлығынан –ақ қызықтыра бастайды.Әрине,бір жасқа толмаған балаға фломастер,қылқалам,қарындаш беруге болмайды.Олар оған керек те емес.Өйткені,баланың «құрал-жабдықтары» әрқашан өзімен бірге-ол өзінің қолдары,саусақтары.Ата-анадан талап ететіні-балаға шығармашылығын дамытуына ерік беру.
Әйбәт саусақтар.
Саусақпен сурет сала білуге үйрету өте маңызды.1,5-2 жас аралығындағы баланы үйретуді неден бастауға болады?Бұл жастағы балалар көп нәрсеге түсінеді,саусақ икемділігінің ұсақ моторикасы әлі қалыптасуда болғансоң,олар өздігінен сурет сала алмайды.Дамудың бұл сатысында баланың ата-анасымен сурет салуға үйренгені дұрыс.Қылқалам орынына-қолы.
Ұзынша қағаз жолағына сурет салу.
Сурет салатын қағаздың форматын алмастырып тұруы керек.Бұл жерде ұзынша қағаздың тиімділігі-оған сурет салып отырған екі адам бірі біріне кедергі жасамайды.Әркім өз ойындағысын салып отырсада балаға жақын адамының жылуы қолдау болып оның шығармашылығына талпыныс күш береді.Осыдан кейін ұжымдық суретке көшуге болады.Үлкендер мен бала кім нені салатынына өзара келісімге келіп суреттің сюжетін айқындайды.
Үш пар қол-бір сурет.
Балаңыз 4 жасқа келгенде әлбетте осы тәсілді қолданыңыз.Қызықты әрі көңіл сыйлайтын бұл әдіс бір жағынан отбасы мүшелерінің арасындағы достық қарым қатынастарды нығайтады.Қағаздың бетін бірнеше бөлікке бүктеңіз.Әркім қарындаш түсін таңдап алады.Бірінші болып салған адам қағаз бетін салған суретінің тек шеті көрінетіндей етіп бүктейді де келесі отбасы мүшесіне береді .Келесі суретші шетіне қарап ол не екенін ойлап суретті жалғастырадыда шеті көрінетіндей етіп тағы бүктейдіде келесі суретші-отбасы мүшесіне ұсынады.Бәрі салып болғансоң сурет беті ашылып бәрі тамашалайды.Бала үшін бұл ойын қызықты,күлкілі болғанымен қатар сурет салуға деген құлшынысын арттырады.
Өзін –өзі салу немесе сүйікті ойыншығының суреті.
Болашақ суретінің кейіпкеріне қарап байқампаздығын,шығармашылығын,ереже сақтап сурет сала білудің қабілетінің дамуына ықпал етеді.Натураға қарап сурет салу үшін бала ұқсастыра салу керек екенін түсінеді.Бастапқыда айнаға қарап өзінің суретін салуға үйретіңіз.Өзіңіз айна алдына отырып,қайта-қайта айнаға қарап сурет салып балаға көрсетіңіз-үйренсін.Не салатынын баланың өз құзырына қалдырыңыз.Өзін салама,мүмкүн,ойыншықтыма-оны өзі білсін.Балаңыз натурадан салудан алшақтап кетсе,ренжімеңіз.Балаңызды мақтап қою керектігін ұмытпаңыз:«Сен бүгін жаңа машина суретін салып қойыпсың.Жарайсың,сен осындай машинаң болғанын қалап жүрсің бе?»
Мен анамның суретін саламын.
Шынайы сұлбаға қарап сурет салуды жалғастырса жақсы болары анық.Немесе,жадынында сақтаулы тұрған кейіптің суретін салуға талпындыру керек.Суреттің объектісі болып отбасы мүшелерін таңдауға болады.Көмектес материалдар ретінде фотосуреттерді ,отбасы мүшелерінің сыртқы клбеті туралы әңгімелерді қолдануға болады.Фотосуреттерді қарап,әңгіме жүргізіледі: «Бағилә әжейді сен не үшін жақсы көресін?Оның шашы,көзі,мұрны,қасы қандай?»Осындай әңгімеден кейін өзара шығармашылық жұмыс қыза түсетіні анық.
Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу үшін,біріншіден үлкендер өздері өзгеруі керек.Қазіргі заманның ата-аналардың ойлары қатып қалған қағидаларға берілгіш.Қиялдау,баламен ойнау,тіпті баламен бірге «тентек болу» дегендерді ата-ана үлкендердің бала алдында өзінің дәрежелеріне нұқсан келтіреді деп ойлайды.Шығармашылықпен өмір сүру,ойын,қиял-бұл психотерапевтік амалдар.Осылар күнделікті тұрмыс тіршілігінен сергітеді,бойды жазады және ең бастысы-балаңызға жақын бола білуге үйретеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі