№39 «Қызылөзек» орта мектебінің дене шынықтыру
пәні мұғалімі Қайырбекова Меруерт
Сабақтың тақырыбы: Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің
Қысқа мерзімді жоспар №37
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 3-бөлім – Шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау арқылы гимнастикалық жаттығулар |
Мектеп: №39 «Қызылөзек» орта мектеп |
|||
Күні: 01.06.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Кайырбекова Меруерт |
|||
Сынып: 1 «а» |
Қатысқаны: 20 |
Қатыспағаны: - |
||
Сабақ тақырыбы |
Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің. |
|||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
|||
|
Сапқа тұру, саптық бұрылу, саппен жүру, жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, демді қалыпқа келтіру, бір орында орындалатын жаттығуларды орындайды |
|||
|
Оқушылар көпшілігі орындай алады: |
|||
|
Гимнастикалық төсеніште жаттығуды орындайды, алға қарай домалайды. |
|||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||
|
Алға қарай домалау, артқа қарай домалау, жауырында тұру, көпір, жерге отырып қос аяғын жоғары көтеру, жартылай шатқа отырыс, аяқтағы тепе-теңдік, 180 градусқа бұрылып секіреді. |
|||
Жетістік критерийлері |
Нәтижеге өздігінен қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді анықтайды. |
|||
Тілдік мақсат |
Жаттығу ойлап тап және менің артымнан қайтала ойыны кезінде оқушылар дағдыларды пайдаланады. |
|||
|
Пәнге қатысты сөздік мен терминдер: |
|||
|
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello! Сау болыңыз! До свидания!Good bay! Ысқырық! Свисток! Whistle! Гимнастикалық төсеніш! Матрас!Mattress! Уақыт өлшегіш! Секундомер! Stopwatch! Команда капитаны! Капитан команды! Team captain! Гимнастика! Gymnastics! Қарғу, Прыгать! Jump! |
|||
|
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: |
|||
|
«Жаттығу ойлап тап» ойыны кезінде оқушылар тез ойланып жауап береді, жаттығуды ойлап табады, бір-біріне айтады, жауап береді. |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||
|
Гимнастикалық жаттығуды өздігінен үйде орындауға бола ма? |
|||
|
Не себепті .....деп ойлайсыз? |
|||
|
Гимнастикалық жаттығуды үйде орындауға болады. Алға қарай және артқа қарай домалауға болады. Тепе-теңдік сақтау, жауырынға тұру, жерге отырып қос аяғын жоғары көтереді. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, жылдамдық пен икемділікке күш қабілеттерін дамыту. Бір –біріне құрмет көрсету, бір-бірін түсіну, топпен жұмыс жасауды, ұжымдық қарм-қатынас жасай білуге тәрбиелеу |
|||
Пән аралық байланыстар |
Өзін-өзі тану, дүниетану, орыс тілі, шет тілі, математика, сауат ашу |
|||
АКТ пайдалану дағдысы |
Ғаламтордан гимнастикалық төсеніште қалай жаттығу орындау керектігін, суреттерін, бейнетаспаларын ноутбук арқылы оқушыларға көрсету. |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
8-10минут
|
1. Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында еске салу. 2. Саптық жаттығулар: Оңға бұрыл! Солға бұрыл! Артқа бұрыл! Айнал! 3. Жүру үстінде орындалатын жаттығулар: қол желкеде, арқа түзу - өкшемен қолды жанға созу - табанның сыртқы қырымен қол белде - табанның ішкі қырымен қолды жоғары ұстап, - аяқтың ұшымен қолды алға созып - жартылай отырып қол тізеде ж/е желкеде - толық отырып Жүгіру жаттығулары: бір қарқынмен жүгіру - оң жақ қапталмен иықты алға айналдырып - сол жақ қапталмен иықты артқа айналдырып - арқамен алға басты сол иық жаққа бұру - тізені көтеріп неғұрлым тізені жоғары көтеріп - аяқты артқа сермеп алақанға өкшені тигізіп - аяқты алға сермеп қол белде,тізені бүкпей - оң,сол аяқпен секіріп екінші аяқты жерге тигізбей - жылдам жүгіру бар екпін мен жүгіру, дем бір қалыпты - жеңіл жүгіріс (2 айналым жүгіру) Демді қалыпқа келтіру жат-лары Жалпы дене дайындығының жаттығулары 1.Б.Қ.Қол белде 1-4 басты солға қарай қыздыру 1-4 басты оңға қарай қыздыру 2. Б.Қ.Қол иықта 1-4 иықты алға қарай ай-дыру 1-4 иықты артқа қарай ай-дыру 3. Б.Қ қол алға ұстау 1-2 оң қолды жоғары алға-артқа сермеу 3-4 сол қолды жоғары алға-артқа сермеу 4. Б.Қ Шынтақты айналдыру 1-4 ішке қарай ай-дыру 1-4 сыртқа қарай ай-дыру 5. Б.Қ қол кеуде тұста 1-2 шынтақты бүге жазу 3-4шынтақты аша жазу 6. Б.Қ қол белде 1-4 белді оңға қарай ай-дыру 1-4 белді оңға қарай ай-дыру 7. Б.Қ қолды алдыға ұстау 1-оң аяқты сол қол ұшына тигізу. 2- сол аяқты оң қол ұшына тигізу. 3-4 қайталау |
Кең алаң, Сынып журналы, Ысқырық, Уақыт өлшегіш
|
||
Сабақтың ортасы
23-25 минут |
(Ж, Т, Ф) “Жаттығу ойлап тап”. Мұғалім бірнеше гимнастикалық элементтер (1,2,3) тапсырады. Солардан жаттығу ойлап табу керек. оған 2 не одан да көп командалар қатыса алады. Тапсырмаларды команда капитаны не команда таңдаған адам орындай алады. Қатысушы өзі әлдебір ауысуларды қосып, осы кілт элементтерден жаттығу ойлап табуы керек. Мәселен, акробатиканың элементтері берілген: алға қарай домалау, артқа қарай домалау, жауырында тұру, көпір, жерге отырып қос аяғын жоғары көтеру, жартылай шатқа отырыс, аяқтағы тепе-теңдік, 180 градусқа бұрылып секіру. Сұраңыз: Біз топтық іс-әрекеттегі өзгелерден неліктен көмек алуымыз қажет екендігін айта аласыз ба? (Ж, Т, Ф) “Менің артымнан қайтала”. Оқушылар жеке және командамен де қатыса алады. Оқушылар өздері үйренген элементтер не қарғуларды көрсетеді, сонымен қатар, өздері де ойлап таба алады. Көп ойлап тауып, көп қайталаған адам жеңіске жетеді. Ойын жылдам аяқталуы үшін, шекара қойған абзал (мысалы 10 элементке дейін). Орындау барысында қауіпсіздік техникасын қадағалау. Оқушылардан сұраңыз: Бізге гимнастикада үйлестіру не үшін қажет екендігін айта аласыз ба? Құрбыларға көмек көрсету қажет пе? Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
|
Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, Сынып журналы, Ысқырық, Уақыт өлшегіш
Гимнастикалық жабдықтар: швед қабырғалары, төсеніштер. http://festival.1september.ru/articles /559304/ (гимнастиканы пайдаланған ойын ресурсы)
Кең алаң, гимнастикалық көпір, трамплин, батут, автокөлік камерасы (баллон). |
||
Сабақтың соңы
3-5 минут |
Бастапқы қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау Сапқа тұрғызу Бағалау Қоштасу Оқушыларды бір лекпен алаңнан шығарып салу |
Сынып журналы, Ысқырық, Уақыт өлшегіш. |
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциалды оқыту-көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау |
||
Қолдың бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығу. Қолды бүгіп жазу 2 рет орындау |
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау. |
Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін ескерту, қадағалау. |
||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері шынайы болды ма? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Егер жоқ болса, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс өткізілген ме? Сабақтың уақыты ұтымды пайдаланылды ма? Сабақ жоспарына қандай өзгерістер енгізілді және неліктен? |
Төмендегі бос орынды сабақ барысындағы сын-пікірлеріңізді жазу үшін қолданыңыз. Сол жақтағы сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар «Жаттығу ойлап тап», «Менің артымнан қайтала» ойындарын үйренді. Сабақ жақсы деңгейде өтті Сабақтын дифференциациясы орындалды, қолдың бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығуларды 2 рет орындайды. Қолды бүгіп жазу Сабақтың уақытын тиімді пайдаландым Ғаламтордан гимнастикалық төсеніште қалай жаттығу орындау керектігін, суреттерін, видеороликтерін ноутбук арқылы оқушыларға көрсеттім. |
|||
Қортынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты) 1. Оқушылар «жаттығу ойлап тап» ойынына қызығушылық білдірді 2. «Менің артымнан қайтала» ойыны кезінде оқушылардың жаттығу орындағаны қызықты болды. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)? 1. «Менің артымнан қайтала» ойын барысында оқушылар жаттығуды жауапкершілік пен орындаса 2. Сабаққа білімді, дарынды 5 б сынып оқушысы Қазыбаев Бекнұрды шақырып, жаттығудың қалай орындалуын көрсетсе жақсы болар еді Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Оқушылардың ойлау қабілетін байқадым 2. Гимнастикалық жаттығуларды әуен арқылы орындаса |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі